4. Сүрме (ІІІ) және висмут (ІІІ) хлоридтерінің гидролизі. Екі сынауыққа 1 мл сүрме және висмут хлоридтерінің қышқылданған ерітінділерін құйып, тұнба түзілгенше су қосыңдар. Күшән, сүрме және висмут хлоридтерінің гидролиз реакцияларының теңдеулерін құрастырыңдар. Сүрме және висмут хлоридтерінің мөлдір ерітінділерін қалай алуға болады? Күшәннен висмутқа ауысқанда гидролиз дәрежесі қалай өзгереді?
№ 59 жұмыс. Күшән (V), сүрме (V) және висмут (V) қосылыстарының қасиеттері
1. Күшән (V) оксиді-күшән қышқылының алынуы және қасиеттері. Кәрлен тостағанға 5 мл азот қышқылын және 0,1 г күшән (ІІІ) оксидін салып, қоспаны азот оксидтері толық бөлініп біткенше және алынған күшән (ІІІ) оксиді толық ерігенше қыздырыңдар (тәжірибені тартқыш шкафта жүргізіңдер!). Су қоса отырып құрғағанша буландырып, азот қышқылының артық мөлшерін аластаңдар. Түзілген қатты заттың құрамы қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған затты суда ерітіп, күміс нитраты ерітіндісімен тексеріңдер. Тұнбаға не түседі? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |