Сулы ерітіндіде қандай кешенді ион тұрақты болады: 1)[Fe(NH3)6]2+, 2)[Co(NH3)6]2+, 3) [Nі(NH3)6]2+? Қандай элемент үшін (Fe, Co, Nі) [Э(NH3)6]CІ2 + 2H2O = Э(OH)2 + 4NH3 + 2NH4CІ реакция тепе-теңдігі максималды түрде оңға ығысқан? Кобальт (ІІ) қосылыстарына қарағанда кобальт (ІІІ) қосылыстарының аммиакты кешендері тұрақты екенін мысал келтіре отырып, түсіндіріңдер. Егер кешенді иондардың [Co(NH3)6]2+ - парамагнитті, [NіF6]3- - диамагнитті, [Co(NH3)6]2+ - диамагнитті, [NіF6]4- - парамагнитті, [Fe(CN)6]3- - парамагнитті, [Fe(CN)6]4- - диамагнитті екені белгілі болса, онда атомдық орбиталдардың гибридтену типі қандай?
31. МЫС. КҮМІС
№ 113 жұмыс. Көмірді тотықсыздандыру арқылы мыс (ІІ)
сульфатынан мыс алу
Абайлаңдар! Мыстың барлық қосылыстары улы!
Қажетті құралдар мен реактивтер: мыс (ІІ) сульфаты, натрий карбонаты, көмір, отбақыраш, муфель пеші.
|
2 г мыс (ІІ) сульфаты, 2,5 г натрий карбонаты және 0,6 г көмірден тұратын қоспа дайындаңдар (заттар ұнтақ түрінде болуы қажет). Қоспаны отбақырашқа салыңдар да, үстіне көмір сеуіп, олар толығымен құрғағанға дейін газды жылытқышта қыздырыңдар. Одан кейін отбақырашты қақпақпен жауып, 800-9000С температурада қыздырыңдар. Алынған қоспаны суытып, ұсақтап мысты бөліп алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мұнда натрий карбонаты мен көмірдің атқаратын ролі қандай?
№ 114 жұмыс. Мыс сульфатынан мыс алу
Достарыңызбен бөлісу: |