Қажетті құралдар мен реактивтер: суықтай қанықтырылған мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісі, кәрлен табақша, мырыш үгінділері, су жылытқысы, 5% тұз қышқылы, шынысауыт.
5 мл суықтай қанықтырылған мыс сульфаты ерітіндісін дайындап, оны кәрлен табақшаға құйып, оған мырыш ұнтағының есептелген мөлшерін аз-аздан салыңдар. Қоспасы бар ыдысты су жылытқысына қойып, 800С- қа дейін қыздырыңдар. Реакция аяқталғаннан кейін ерітіндіні құйып алыңдар. Бөлінген мыс тұнбасын 5% хлорсутек қышқылымен шайып, декантация әдісімен сумен жуып, сүзгіге салып, тағы да сумен шайқап, сүзгі қағазының ортасында кептіріңдер. Металды тығыз жабылатын шынысауытта сақтаңдар. Мыстың концентрлі және сұйытылған НNO3, НCІ, Н2SO4 қышқылдарына әсерін зерттеңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Мыс ауада тұрғанда неге ұшырайды? Мысты өндірісте қалай алуға болады?
№ 115 жұмыс. Мыс (І) оксидінің алынуы
Достарыңызбен бөлісу: |