г) Тұздар гидролизіне сутек иондарының концентрациясының өзгеруінің әсері.
Сынауыққа 8-10 тамшы дистилденген су құйыңдар және қалайы (ІІ) хлоридінің кристалын қосыңдар. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырыңдар. Түзілген ақ тұнба қалайының негіздік тұзы SnOHCl болады. Осы тұз қандай процесс нәтижесінде түзіледі?
Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар? Гидролизді басу үшін ерітіндіде қай иондардың концентрациясын өсіруге болады? Осы иондарды қосыңдар. Тұнба еріді ме?
5. Әмбебап иономер рН-метрдің көмегімен тұз ерітінділерінің рН-ын анықтау.
Әмбебап иономердің көмегімен 0,1 М натрий хлориді, натрий сульфаты, магний сульфаты, алюминий хлориді және натрий ацетаты ерітінділерінің рН-ын анықтаңдар. Алынған мәліметтер негізінде зерттелген ерітінділердегі сутек ионының концентрациясын есептеңдер. Осы тұздардың гидролиз реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
Әмбебап иономердің көмегімен натрий карбонаты және гидрокарбонаты, натрий -гидро, -дигидро, -ортофосфаттары ерітінділерінің рН-ын анықтаңдар. Гидролиз реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Алынған нәтижелерді түсіндіріңдер. Сәйкес қышқылдардың диссоциация константасының мәнін пайдаланып көрсетілген тұздардың гидролизінің Kr тұрақтысын және (G0 изобаралық-изотермиялық потенциалын есептеңдер.
1 М натрий ацетаты ерітіндісінің рН-ын өлшеңдер. Содан соң бұл ерітіндіні қайнағанға дейін қыздырып, рН-ын қайтадан өлшеңдер. Қыздырылған ерітіндінің рН-ын өлшеу кезінде иономердің "ерітіндінің температурасы" деген жазуы бар тетігін температураның сәйкес мәніне қою керек. Қыздырғанда ерітіндінің рН-ы неге өзгеретінін түсіндіріңдер. Осындай ұқсас тәжірибені 0,5 М мырыш сульфаты ерітіндісімен жасаңдар. Натрий ацетаты және мырыш сульфаты гидролиз реакциясының теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
№ 30 жұмыс. Амфотерлі электролиттер. Тұнбалардың түзілу және еру жағдайлары
Достарыңызбен бөлісу: |