Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі



бет100/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   189
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі

  • Дипломдық жұмыс (жоба) бітіртуші кафедраға алдын ала қорғау процедурасынан өту үшін ұсынылады.

  • Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау процедурасы кафедраның ашық мәжілісінде студенттердің қатысуымен және ғылыми жетекшінің, ал қажет жағдайда кеңесшілердің міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.

  • Алдын ала қорғау кафедра мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.

  • Аяқталған, алдын ала қорғаудан сәтті өткен және бекітілген талаптарға сәйкес рәсімделген дипломдық жұмысқа (жобаға) студент, ғылыми кеңесшілер қолдарын қойып, ғылыми жетекшіге беріледі.

  • Ғылыми жетекші дипломдық жұмысқа (жобаға) пікір жазады.

  • Дипломдық жұмысты (жобаны) мақұлдаған жағдайда жетекші оған қолын қойып, қорғауға жіберу туралы өзінің жазбаша пікірімен бірге кафедар меңгерушісіне ұсынады.

  • Дипломдық жұмыс (жоба) мақұлданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қолын қоймайды, бірақ жазбаша пікір жазып, онда дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жібермеуі туралы өзінің шешімін негіздейді.

    1. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі аталған дипломдық жұмыс (жоба) бойынша түпкілікті шешім қабылдап, бұл туралы оның титуль парағында тиісті жазба жасайды.

    Егер кафедра меңгерушісі студентті диплом жұмысын (жобасын) қорғауға жіберу мүмкін емес деп есептеген жағдайда, бұл мәселе кафедра мәжілісінде осы студент пен оның ғылыми жетекшісінің міндетті түрде қатысуымен қаралады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы униыерситет ректорының бекітуіне ұсынылады.

      1. Бітіртуші кафедрамен қорғауға жіберген дипломдық жұмыс (жоба) плагиатқа тексеру үшін сараптық комиссияға беріледі. Сараптық комиссияның оң бағасын алған дипломдық жұмыс рецензиялауға жіберіледі.

      2. Өндіріс пен ғылыми ұйымдардың мамандары қатарынан рецензенттердің пікірі бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы арқылы ректордың бұйрығымен бекітіледі.

    1. Рецензенттер ретінде сонымен бірге, басқа жоғары оқу орындарының профессорлары, доценттері мен оқытушылары тартыла алады.

      1. Рецензенттердің қорғалатын дипломдық жұмыс (жоба) бейініне сәйкес базалық жоғары білімі және/немесе ғылыми не академиялық дәрежесі, ғылыми атағы болуы тиіс

      2. Рецензенттер дипломдық жұмысқа (жобаға) жазбаша рецензия береді, онда зерттелетін тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы мен практикалық маңызы, дипломдық зерттеу тақырыбының маманды даярлау бейініне, берілетін академиялық дәреже мен иеленетін біліктілігіне сәйкестігі, зерттеуді өз бетінше жүргізуі, тұжырымдар мен ұсынымдардың болуы, пролеманың шешілу деңгейі мен зерттеудің аяқталуы көрсетілуі тиіс.

    Рецензияда баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен бағасы және тиісті академиялық дәреже беру мен біліктілік иелену мүмкіндігі көрсетілген дәлелденген қорытынды беріледі.

      1. Ғылыми жетекшімен қорғауға жіберілген, бірақ рецензентпен F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған дипломдық жұмыс (жоба) жалпы шарттармен қорғалады.

      2. Пікірі мен рецензиялары бар дипломдық жұмыс (жоба) бір күннен кешіктірмей қорғау үшін Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына беріледі.

      3. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттің қалауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.

      4. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау электронных ресурстарды пайдалану арқылы заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар базасында мультимедиялық таныстырылым түрінде жүргізіле алады.






        1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   189




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет