Сабақ мазмұны Курстық жұмысты қорғауға дайындалу. Шарша топ алдында өз ойын нақты жеткізуге машықтану, Ғылыми жүйелі баяндау дағдыларын қалыптастыру. Түсіндіру



Дата23.05.2020
өлшемі15,44 Kb.
#70725
түріСабақ
Байланысты:
Курстық жұмысты қорғау


Жаңа сабақ мазмұны

  • Курстық жұмысты қорғауға дайындалу.

  • Шарша топ алдында өз ойын нақты жеткізуге машықтану,

  • Ғылыми жүйелі баяндау дағдыларын қалыптастыру.


Түсіндіру 

  • Болашақ маманды даярлау жұмысының сапасын жақсарту жолы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін шығармашылықпен қолдану мүмкін болатын студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары болып табылады.



Курстық жұмысты жазудың басты мақсаты - студент таңдаған мамандық саласы бойынша арнаулы теориялық және практикалық даярлық деңгейін арттыру.

Курстық жұмысты жазудың негізгі міндеттері:



  • Педагогикадағы көкейкесті мәселелер бойынша студенттердің бар білімін тереңдету, нығайту және бекіту;

  • Студенттердің білім деңгейін ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді зерттеу жолымен кеңейту;

  • Студенттерді педагогикалық міндеттерді шешуде шығармашылыықпен жұмыс істеуге үйрету;

  • Теориялық білімді практикалық іс –әрекетте қолдана білу іскерлігін қалыптастыру;

  • Педагогикалық озық тәжірибені зерттеуге, жинақтауға үйрету;

  • Материалды ғылыми және әдеби тілмен баяндау дағдысын жетілдіру;

  • Өзінің орындаған жұмысына жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Курстық жұмыс жазуға қойылатын талаптар

Курстық жұмыстың орындалуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:



  • тақырыпты таңдау;

  • әдебиеттерді іріктеу және үйрену;

  • жұмыс жоспарын құрастыру;

  • нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;

  • курстық жұмысты жазу;

  • курстық жұмысты толтыру (оформление);

  • курстық жұмысты қорғау.

  • Курстық жұмысты әрлеу (оформление)

Жұмыстың мәтіні (тексті) А4 парағының бір бетіне жазылуы тиіс, төмендегідей өлшемдерді сақтай отырып: сол жақтан -30 мм, оң жақтан -10 мм, жоғары және төменнен- 20 мм. Мәтінді компьютермен жазуда бірлік интервал, 14 кегль болуы керек.

Курстық жұмыстың мәтіндегі барлық анықтамалар мен сандық мәліметтерге шыққан алғашқы дерек көздері көрсетілуі тиіс. Курстық жұмыстың беттері нөмірленуі тиіс. Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен жазылуы керек.

Студент жұмысты жазып және толтырған соң қорғау күнін белгілеп, қол қойып кафедрасына өткізуі тиіс.

Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, зерттеу тақырыбы мен мазмұнына байланысты, әр түрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба, диаграммалар) өрнектелуі тиіс.

Жұмыстың мәтіні зерттеу объектісі туралы ақпараттармен тиянақты және логикалық түрде қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бөлімдерге бөлінеді, әрқайсысының өз нөмері араб цифрларымен сипатталуы тиіс.

Бөлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты және қысқа айқындауы тиіс. Бөлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары ірі әріптермен, нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылады. Мұнда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді.

Атаулар мен мәтін арасындағы қашықтық 1 мм болуы керек.

Курстық жұмыстың бөлімдері мен тараулары араб сандарымен нөмерленеді. Тараулар барлық мәтіндегі реттік номерлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы – 1,2,3 және т.б.



Бөлімдер әрбір тарау бойынша реттік номерлеу бойынша, мысалы -1.2, 2.1, 3.1. т.с.с. іске асырылады. Тараулар, бөлімдер номерлерінен соң нүкте қойылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет