Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында шетелдерге шығатын білім алушылар шетелге шығару комиссиясына мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
ректордың атына іссапарға бару туралы өз қолымен жазылған өтініш;
мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұтқырлық мақсаты, оқу мерзімі көрсетілген және нотариус растаған шақыру көшірмесі;
білім алушының шетелге шығуына рұқсаты туралы факультет ғылыми кеңесінің мәжіліс хаттамасынан көшірме;
шақырушы универитет ұсынған тағылымдаманың бағдарламасы;
іссапарға шығушының титул парағымен рәсімделген мемлекеттің, қала мен шақырған ЖОО-ның аты, іссапар мерзімі, мақсаты, жоспарлаған жұмыс түрілері көрсетілген іссапар жоспары;
шетел тілін меңгеру жөніндегі сертификат:
магистратураға ––TOEFL сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 437 (жазбаша), 123 (СВТ), 41 (iBT) немесе IELTS сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 4, немесе білім беру қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл орталықтары берген ағылшын тілін кемінде "Upper- Intermediate" деңгейін меңгергені туралы сертификат, немесе қажет болса, эквивалентті деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы сертификат;
докторантура PhD – TOEFL сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 477 (жазбаша), 153 (СВТ), 53 (iBT) немесе IELTS сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 5, немесе білім беру қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл орталықтары берген ағылшын тілін кемінде "Upper- Intermediate" деңгейін меңгергені туралы сертификат, немесе қажет болса, эквивалентті деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы сертификат;
Қысқа мерзімдік сыртқы ұтқырлықты іске асыру үшін білім алушының өтініші келесі ретпен келісіледі:
эдвайзер;
кафедра меңгерушісі;
факультет деканы;
Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры (магистранттар мен докторанттар үшін) немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры (бакалавриат үшін);
Халықаралық байланыстар бөлімі;
Оқу процесінің тіркеуші офисі;
Экономика және жоспарлау бөлімі (шет елге барушыларға смета құрастыру үшін);
Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімі.
Ұзақ мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мақсатында шетелдерге шығатын білім алушылар шетелге шығару комиссиясына мынадай құжаттарды тапсыру қажет:
ректордың атына іссапарға бару туралы өз қолымен жазылған өтініш;
мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған және ноториус растаған шақыру көшірмесі (шақыруда іссапардың мерзімі, мақсаты және оқылатын пәндердің тізімі көрсетілу керек);
жеке оқу жоспары;
ағымдағы транскрипт;
оқу кестесі (ЖОЖ-ға сәйкес пәндер, яғни қабылдайтын университетте оқылатын және ҚБТ бойынша оқылатын пәндерден тұрады);
оқу туралы үш жақты келісім;
оқу, ғылыми немесе білім алу тағылымдама жоспарын міндетті түрде орындау және бюджеттік қаржыны мақсатқа сай пайдалану туралы екіжақты келісімшарт;
ESTC кредиттік технология бойынша білім алушының өтініші (ҚР БҒМ формасы бойынша );
білім алушының шетелге шығуына рұқсаты туралы факультет ғылыми кеңесінің мәжіліс хаттамасынан көшірме;
шетел тілін меңгеру жөніндегі сертификат:
бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша ––TOEFL сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 437 (жазбаша), 123 (СВТ), 41 (iBT) немесе IELTS сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 4, немесе білім беру қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл орталықтары берген ағылшын тілін кемінде "Upper-Intermediate" деңгейін меңгергені туралы сертификат, немесе қажет болса, эквивалентті деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы сертификат;
PhD докторантурасы – TOEFL сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 477 (жазбаша), 153 (СВТ), 53 (iBT) немесе IELTS сертификаты, алғашқыдеңгей кемінде 5, немесе білім беру қызметі жөніндегі лицензиясы бар тіл орталықтары берген ағылшын тілін кемінде "Upper-Intermediate" деңгейін меңгергені туралы сертификат, немесе қажет болса, эквивалентті деңгейде басқа шетел тілін меңгергені туралы сертификат;
- шығындар сметасы;
бекітілген үлгідегі шетелге шығу үшін ОҚКБ-ның медициналық анықтамасы (№ 082 форма, 23.11.2010 ж. № 907 бұйрық).
Ұзақ мерзімдік сыртқы ұтқырлықты іске асыру үшін білім алушының өтініші келесі ретпен келісіледі:
эдвайзер;
кафедра меңгерушісі;
факультет деканы;
Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (магистранттар мен докторанттар үшін) немесе Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры (бакалавриат үшін);
Халықаралық байланыстар бөлімі;
Оқу процесінің тіркеуші офисі;
Экономика және жоспарлау бөлімі (бюджеттік бағдарламалар есебінен шет елге барушыларға смета құрастыру үшін);
Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімі.
Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шетелге кететін білім алушылардың барлық құжаттары халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөліміне комиссия отырысынан 15 күн бұрын кешіктірілмей жіберілуі тиіс. Комиссия қорытындысы отырыстан кейін сол күні жарияланады.
Шетелге шығару жөніндегі комиссия отырысының шешімі негізінде Халықаралық байланыстар бөлімі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да ҚБТ қолдануымен шетелдік іссапар туралы бұйрық жасайды. Кеңсе іссапар туралы бұйрық көшірмесін реестр бойынша процесс қатысушыларына тапсырады.
Білім алушылар қабылдаушы жоғары оқу орнының ережелеріне сәйкес қабылдану үшін әкімшілік процедуралардан өтеді.
Қысқа және ұзақ мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша іссапардан оралған білім алушылар келесі құжаттарды тапсыру керек:
шетелдік іссапардан оралуына байланысты қайта қабылдау туралы ректордың атына өтініш (өз қолымен жазылады);
қайтып келген студент, магистрант немесе PhD докторантты университеттің білім алушылар құрамына кіргізу туралы факультеттің өтініші;
оқу жұмысы жөніндегі проректордың атына кредиттерді қайта есептеу үшін (ұзақ мерзімді сыртқы академиялық ұтқырлық үшін)оқу іссапары мерзімінде игерілген пәндер мен алынған кредиттеркөрсетілген факультеттің ұсынысы; қосымшада есепті талқылау нәтижелері бойынша кафедра/факультеттің ғылыми кеңесінің қосымша қорытындысы болу керек;
оқуды бітіру туралы сертификат пен оның нотариус бекіткен мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы және қабылдаушы жоғары оқу орнының түпнұсқалық транскрипті;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі
№152 бұйрығымен бекітілгеноқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес формадағы игерілген пәндер мен кредиттер саны көрсетілген транскрипт пен оның нотариус растаған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы;
қабылдаушы университет басшылары мен оқытушылары қол қойған, мөртаңбамен расталған шетелдік жоғары оқу орынында оқылған пәндер силлабустары;
білім алушының ғылыми жетекшісі/ғылыми кеңесшісі және түлек шығарушы кафедра меңгерушісі қол қойған білім алушының шетелдік іссапары бойынша есебі.
Білім алушының шетелдік іссапардан оралуы туралы өтініші келесі ретпен келісіледі:
кафедра меңгерушісі;
эдвайзер;
факультет деканы;
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры (бакалавриат үшін) немесе Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (магистранттар мен докторанттар үшін);
Халықаралық байланыстар бөлімі;
Оқу процесінің тіркеуші офисі;
Экономика және жоспарлау бөлімі (қаржылық есеп тапсырылғанын растау үшін);
Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алулар бөлімі.
үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту факультеті;
оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімі (тек кредиттерді қайта есептеу ұсынысын қарастырып бекітеді);
Білім алушылар, ПОҚ және қызметкерлер іссапардан оралысымен 5 (бес) жұмыс күннің ішінде Экономика және жоспарлау бөліміне жұмсалған қаржы туралы аванс есебін өткізу керек; сонымен қатар кафедрада/факультетте талқыланғаннан кейін іссапар туралы есебін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке (университет білім алушылары, ПОҚ, қызметкерлері), Халықаралық байланыстар бөліміне және Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне (магистранттар мен докторанттар) тапсыру керек.
Ғылыми тағылымдама мен біліктілікті арттыру мақсатымен шетелге шыққан тұлғалар үшін қабылдаушы ЖОО-дағы тағылымдама жетекшісінің ұсыныс хаты немесе пікірі, курстарды бітіргені жөніндегі сертификат негізгі растайтын құжат болып табылады. Магистранттар мен докторанттар растайтын құжаттардың нотариалды түрде тіркелген аудармасымен бірге есептің бір нұсқасын Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне тапсырады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын аяқтаған білім алушы келесі академиялық кезеңнің басталуынан 10 күн бұрын кешікпей Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ға қайта қабылдану керек.
Кредиттер мен бағаларды қайта есепке алу үшін әр игерген пән (әр практиканың түрі) бойынша тағайындалған ECTS кредиттерінің саны Қазақстан Республикасының кредиттеріне қайта есептегенде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың оқу жұмыс жоспарларындағы кредиттер санына сәйкес келу керек. Керісінше жағдайда, пән (практика) академиялық қарыз ретінде есептеліп, білім алушы оны қосымша семестрде ақылы түрде игереді.
ҚБТ бойынша кредиттер мен бағаларды қайта есепке алу үшін алынған бағалар ұсыныс арқылы тіркеуші офиске беріледі және қорытынды бақылауға жіберу рұқсаты рәсімделіп емтихан тізімдемесі жасалады.
Академиялық қарыздары мен айырмашылықтарды білім алушылар қосымша семестрде ақылы түрде жою керек.
Шетел азаматтарды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ға қабылдануы қысқа және ұзақ мерзімді кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша жүзеге асады.
Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да оқу үшін шетелдік білім алушылар академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ететін Халықаралық байланыстар бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
бекітілген форма бойынша білім алушының өтініші;
оқу орнынан анықтама;
білімі жайында ағымдағы транскрипт;
төлқұжатының нотариус растаған көшірмесі;
уәждемелік хат;
жіберуші университеттің ұсыныс хаты;
тағылымдама жоспары.
Қабылданған құжаттардың негізінде академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімі факультетпен бірлесе отырып тағылымдама жоспары мен мақсатының сәйкестігі бойынша құжаттарды қарастырады. Қарастыру оң нәтижелі болған жағдайда халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ететін Халықаралық байланыстар бөлімі ресми шақыру және қажеттілігіне қарай визалық қолдау жібереді. Шетелдік білім алушының сәйкес факультетте тағылымдамадан өтуі туралы бұйрықты халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етумен айналысатын Халықаралық байланыстар бөлімі рәсімдейді.
Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлықтың іске асуына кафедра меңгерушісі жауапты, ол жеке оқу жоспарының орындалуын қадағалап, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асу барысы туралы Халықаралық байланыстар бөлімін хабардар етіп отырады.
Тағылымдама мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік білім алушыларға сертификат беріледі. Сертификатты Халықаралық байланыстар бөлімі әзірлейді.
Шетелдік азаматтар ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға міндетті түрде кемінде екінші оқу жылына университетаралық келісім, үшжақты келісім негізінде қабылданады;
Ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға қабылдану үшін шетелдік білім алушылар халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімі - Халықаралық байланыстар бөліміне академиялық мерзім басталуынан 30 күн бұрын электрондық почта, факс арқылы немесе өзі мынадай құжаттарды тапсыруы тиіс:
-бекітілген форма бойынша білім алушының өтініші;
оқу орнынан анықтама;
білімі жайында ағымдағы транскрипт;
төлқұжатының нотариус растаған көшірмесі;
уәждемелік хат;
жіберуші университеттің ұсыныс хаты.
Қабылданған құжаттардың негізінде халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуші Халықаралық байланыстар бөлімі Академиялық мәселелер жөніндегі департаментпен және факультетпен бірлесе отырып құжаттарды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да оқылатын пәндердің сәйкестігі бойынша қарастырады. Қарастыру оң нәтижелі болған жағдайда жіберуші және қабылдаушы жоғары оқу орындарының координаторлары оқу жөнінде үш жақты келісімге отырып, қабылдаушы факультет жеке оқу жоспарын рәсімдейді.
Жоғарыда аталған құжаттар негізінде халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімі сәйкес оқу курсына қабылдану туралы бұйрық шығарады.Бұйрық шыққан соң тіркеуші кеңсесі шетелдік білім алушыны туралы мәліметтерді «Платонус» жүйесіне енгізіп, пәндерге тіркеу жүргізеді.
Шетелдік білім алушының академиялық жетекшісі (эдвайзері) болып деканның орынбасары тағайындалады. Ол жеке оқу жоспарының орындалуын қадағалап, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асу барысы туралы халықаралық ұтқырлықты қамтамасыз ету бөлімін хабардар етіп отырады.
Оқу мерзімі аяқталған соң тіркеуші кеңсесі шетелдік білім алушыларға меңгерген оқу бағдарламалары, кредиттері мен алған бағасы көрсетілген транскрипт береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ға қабылданған білім алушылар Қазақстан Республикасының «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Заңына,«Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай- ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібіне», сонымен қатар Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ішкі тәртіптеріне бағынуы тиіс.
Зерттеулер жүргізу, тағылымдамадан өту, біліктілікті арттыру және халықаралық конференциялар/симпозиумдарға қатысу мақсатымен шетелдік іссапарға шығатын профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлер шетелге шығару комиссиясында қарастыру үшін Халықаралық байланыстар бөліміне келесі құжаттарды тапсыруы тиіс:
-өз қолымен жазылған ректор атына өтініш;
шақырудың көшірмесі;
шетелдік іссапар кезінде сабақ алмастыру туралы факультеттің ұсынысы (ПОҚ үшін);
Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған жағдайда).
Шетелдік іссапарға шығатын профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлер өтінішінің келісілу реті:
кафедра меңгерушісі;
факультет деканы;
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент;
- жоба жетекшісі (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған жағдайда);
бас есепші (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған жағдайда);
Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор (ғылыми жобалар есебінен қаржыландырған жағдайда).
Университеттің ПОҚ және қызметкерлері жоғарыда айтылған барлық құжаттарды халықаралық академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуші Халықаралық байланыстар бөліміне шетелге шығару бойынша комиссияның отырысынан 15 күн бұрын кешіктірмей тапсыру керек.
Шетелге шығару бойынша комиссия отырысының шешімі негізінде кадрлар бөлімі университеттің ПОҚ және қызметкерлері үшін іссапартуралы бұйрық шығарады.Кеңсе іссапар туралы бұйрық көшірмесін реестр бойынша процесс қатысушыларына тапсырады.
Іссапар кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Іссапар мерзімі бір айдан аспаған жағдайда еңбек жалақысы толық көлемде сақталады. Егер іссапар мерзімі бір айдан асатын болса, қызметкердің жалақысы сақталмайды және университет әкімшілігі іссапар мерзімі аяқталғанға дейін келісімшарт негізінде іссапарға кеткен қызметкер орнына басқа жұмысшы алуға құқығы бар.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерімен шетелдік білім мекемесі (шетелдік серіктес) арасындағы жеке келісімшарт негізінде немесе жеке шақырту бойынша іссапарға шығатын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың қызметкерлері үшін еңбек жалақысы сақталмайды.
Бір жылдан астам уақытқа шетелге кету жағдайында жұмыс орны сақталмайды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық степендиясының иегерлері үшін бұл ереже орындалмайды.
Білім алушылар, ПОҚ және қызметкерлер іссапардан оралысымен 5 (бес) жұмыс күннің ішінде жұмсалған қаржы туралы аванс есебін өткізу керек.
68. Шетелдік іссапардан оралған қызметкерлер бекітілген формадағы іссапардың қорытындылары бойынша есебін Халықаралық байланыстар бөліміне тапсыру керек.
Ішкі кіріс ұтқырлық университетаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады.
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімі білім алушылардың өтініштері негізінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігімен келісе отырып, басқа университетпен ынтымақтастық туралы келісім шартқа отырады (өтініштер бағдарламаның басталуынан 3 ай бұрын уақытта қарастырылады).
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөлімі жіберуші университеттердің координаторларымен жеке оқу жоспарларын келістіру және оқудың төлемақысы мен тұрмысына қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-да оқу үшін білім алушы келесі құжаттарды тапсыру керек:
университет ректорының атына тапсырыс хат;
-білім алушының өтініші;
жіберіп отырған университеттің визалары мен мөрі бар үшжақты келісім;
білім алушының жеке оқу жоспары;
жіберіп отырған университеттің ұсыныс хаты;
жеке куәлігі.
Университетке келген соң білім алушы экономика және жоспарлау бөліміне оқу ақысын төлеу үшін құжаттамаларды рәсімдейді.
Оқу ақысы төленген соң ректордың бұйрығымен білім алушы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың білім алушыларының қатарына тіркеледі.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры қол қойған үшжақты келісімің бір данасы, қабылдау туралы бұйрықтың, оқу төлем ақысы түбіртегінің көшірмесі білім алушыны жіберіп отырған ЖОО-ға жіберіледі.
Ректордың бұйрығы мен деканның өкімі негізінде тіркеуші офисі білім алушы туралы мәліметтерді «Платонус» жүйесіне енгізіп, оны жеке оқу жоспары бойынша пәндерге тіркейді.
Факультет деканының орынбасары ішкі ұтқырлықтың факультеттегі координаторы болып табылады және:
кафедра меңгерушісімен бірлесе отырып кредиттері көрсетілген пәндердің тізімін анықтайды;
білім алушы келгеннен кейін 3 күннің ішінде оның жатақханаға орналасуын, оқу ғимараттарына, жатақханаға, кітапханаға кіріп-шығуын қамтамасыз ететін уақытша рұқсатнаманы рәсімдеуін, куратор-эдвайзерді тағайындауын ұйымдастырады;
куратор-эдвайзермен бірге жіберуші университеттің ресми өкілдерімен білім алушының үлгерімі, тұрмыстық жағдайы және жеке оқу жоспарының орындалуы туралы үнемі хат алысып тұруды ұйымдастырады;
факультеттегі академиялық ұтқырлықтың жүзеге асырылуы бойынша Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу-әдістемелік басқармасына ай сайын есеп беріп отырады;
Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу-әдістемелік басқармасын білім алушының жеке оқу жоспарындағы өзгерістер туралы уақытылы хабардар етеді.
Куратор-эдвайзер келген білім алушыға университеттің Академиялық саясатын түсіндіреді, білім алушының жеке оқу жоспарының орындалуын және тұрмыстық жағдайын қадағалап отырады.
Академиялық мерзім және емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін тіркеуші офисі куратор-эдвайзерге және факультет деканына қол қойып бекіту үшін транскрипт береді, оны тіркеп сертификат рәсімдеу үшін Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің оқу үдерісін жоспарлау және академиялық ұтқырлық бөліміне өткізеді.
Шақырылған білім алушы деканатқа барлық визалар көрсетілген және мөр басылған тексеру парақшасын табыс еткен соң транскриптісі мен сертификатын алады.
Оқу жылының қорытындысы бойынша 1-ші шілдеге дейін университеттің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларының кординаторлары Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментіне академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыған білім алушылар туралы ақпарат береді.
81.Құжаттар осы құжаттың 1-5 Қосымшасы және Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың қағидаларының 1-8 Қосымшасына сәйкес рәсімделеді.
1Қосымша
[Өтініш үлгісі]
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың ректорына
(ТАӘ)
факультетінің
курс студенті (магистранты)
(ТАӘ)
Өтініш
Маған 201_-201_ оқу жылы семестрінде, (елі, қаласы)
университетінде міндетті түрде кредиттерді есептеумен, ҚБТ қолданумен (ҚБТ арқылы оқу үшін) және шәкіртақының сақталуымен (мемлекеттік грантта оқыған жағдайда) академиялық ұтқырлықты бойынша 201_ж. (айы, күні) 201_ж.
(айы, күні) дейін білім алу іссапарына барып келуге сұраймын.
Шығын төлемдері (республикалық бюджет, ұлттық компания гранттары, халықаралық қорлар, қабылдаушы жақтың, меншікті) қаражат есебінен төленеді.
Студент(магистрант) _______ТАӘ(қолы,күні)
Достарыңызбен бөлісу: |