Жүктіліктің жеңіл формадағы бұл асқынулары әйелдердің 3% кездеседі, және көбіне анасы мен нәрестенің денсаулығына айтарлықтай әсер етпейді. Преэклампсияның ауыр формасы жүкті әйелдердің 1-2% кездеседі. Бұл кезде, ең алдымен бүйрек, бауыр, қан ұйыту жүйесі және ми, сонымен қатар бала жолдасы зақымданады. Преэклампсияның ауыр формасы анасы мен нәрестенің денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізіп, тіпті өлімге де әкелуі мүмкін. ҚР гестоз жүкті әйелдердің 15-27 % кездеседі. Эклампсия дүние жүзіндегі ана өлімінің ең басты себебі болып отыр (10-15%). Преэклампсияның пайда болуы себептерін түсіндірудің барлық әректі ешқандай нәтиже бермеді. Бүгінгі күні бұл асқынудың дамуының 30-дан аса теориясы белгілі. Профилактикасының тиімді әдісін іздеуден де, әзірше еш нәтиже шықпады. Сонымен, нәтижелілігі дәлелденген бірден-бір емдеу әдісі - анасы мен жаңа туған нәрестеге орынды көмек көрсете алатын, емдеу мекемелеріндегі босандыру болып отыр.

Жүктілікпен байланысты гипертензиялар– жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болатын және АҚҚ босанғаннан кейін 6 апта аралығында қалпына келеді.