Пререквизиттері



бет21/36
Дата11.05.2020
өлшемі140,61 Kb.
#67217
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
сссссссссссссс

Негізгі әдебиеттер[5, 9,10].

9-тақырып: Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.

Бір орындағы және қарауылдағы орналасу кезіндегі взвод.

2 сағат.

1. Қазіргі ұрыстардағы барлаудың ролі

2. Бір орында және сақтық күзетте орналасу



3.Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар
1. Қазіргі ұрыстардағы барлаудың ролі.

Барлау – кез келген жағдайда әскерлердің ұрыстық қимылын қамтамасыз етудің маңызды түрі болып табылады. Ол қарсылас, жергілікті жер және бөлімшелердің алдағы қимыл ауданының ауа райы туралы мәліметтерді табу, жинау, зерттеу іс-шараларының жиынтығынан тұрады. Ұрысты дайындау және табысты жүргізуге қажетті барлау мәліметтерін алу үшін оны барлық деңгейдегі командирлер мен штабтар ұйымдастырады.

Қарсыласты талқандау үшін әрбір командир оның күшті және әлсіз жақтарын, күштері мен құрамын, оның ниетін (алдағы қимылдарының ықтимал сипатын) және т.б. білуі керек. Мұндай мәліметтерсіз жеңіске жету қиын. Әскерлердің қай жерде орналасқанына қарамастан, олардың командирлері қарсылас және өздері қимылдауы тиіс жергілікті жер туралы барынша толық және нақты ақпараттарды білуі тиіс. Бұған арнайы барлау бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери барлау жүргізуге белгіленген мотоатқыш бөлімшелерінің сауатты ұйымдастырылған қимылы нәтижесінде қол жеткізіледі.

Қазіргі заманғы ұрыс сипаты, жаппай жою құралдарын қолдану — барлау мәнін күрт көтерді, тиісінше өзі оған қойылатын талаптарды да күшейтті.

Взводты барлау жүргізуге дайындау кезінде бүкіл қару-жарадты мұқият тазалау, майлау және дәлдеу, қару-жарақты, азық-түлік пен медициналық заттарды қажетті мөлшерге дейін толықтыру жүргізіледі. Барлық ұрыс заттары мұқият, сенімді, ыңғайлы орналастырылып, бекітілуі керек. Ұрыс машиналары тексеріліп, техникалық жарамды, жанар-жағармай (ЖЖ) толық құйылған, байланыс құралдары көрсетілген жиілікке қойылған болуы керек. Түнде көру құралдары, навигациялық аспаптар тексеріліп, жұмысқа даярланады.

Барлау міндеттері:

– қарсыластын жаппай жою құралдарын қолдану координаттарын анықтау (бұл кез келген жағдайдағы барлаушылардың бірінші міндеті);

– берілген секторлар мен бақылау жолақтарында,барлау жолақтары мен бағыттарында көршілердің және өз бөлімшелерінің қимылын, қарсыласты және жергілікті жерді бақылауды жүргізу;

– қарсыластың ұрыстық ретіндегі ашық қапталдарын, түйіспелерін, аралықтарын және оның берік қорғалмаған учаскелерін анықтау;

– қарсыласты табу, оның орналасу аудандарын, күштерін, құралын, топтастығын, қимыл сипатын, ниетін, ұрыс қабілетін, бөлімдер мен бөлімшелерінің нөмірленуін анықтау;

– басқару пунктерінің, байланыс тораптарының, радиотехникалық құралдарының, атыс құралдарының, танк (ЖҰМ, БТР), артиллерия, минаатар, танкіге қарсы құралдары мен қарудың басқа түрлерінің нақты орнын белгілеу;

– құрылыстары мен инженерлік-химиялық бөгеттерді барлау;

– жергілікті жер сипаты мен қорғаныштың қасиетін жер бедері, табиғи бөгеттер, жол, көпір, су тосқауылдарының жай-күйін, алдағы ұрыс қимылдарының ауданын және бөлімшелердің ұрыс қимылдарына жергілікті жердің әсерін зерттеу

– қарсыластың ұрысқа дайындық сапаларын зерттеу және ұрыстық қолдану тиімділігін анықтау мақсатында олардың қару-жарағының жаңа үлгілерін қолға түсіру.

Барлауды ұйымдастыратын немесе жүргізетін командир әрқашан өзінің жауынгерлік міндеттерін де, аға командирдің жауынгерлік міндеттерін де орындайды.

Взводтың барлау жүргізу тәсілдері

Қарсыласты бақылау арқылы барлауды взвод командирі де, мотоатқыштар взводының барлық құрамы да жүргізеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бақылау арқылы қорғаныстың бірінші кезеңіндегі қарсылас туралы барлық мәліметтердің 40%-ға жуығы алынды. Жер үсті және әуе қарсыластарын бақылау үшін взводта және әр бөлімде бақылаушы тағайындалады. Жаяу әскер ұрыс машинасынан, танкіден, БТР-дан айнала бақылау жүргізіледі. Бақылау секторлары бақылау аспаптарының, атыс саңылауларының және жеке құрамның орналасуына қарай тағайындалады.

Бақылау посттарынан бақылау қарсылас сыртынан күндіз де, түнде де жүргізіледі. Көрінуі шектеулі жағдайларда бақылаудың электронды-оптикалық аспаптарын, радиолокациялық станциялар, сондай-ақ жарықтандыру ракеталары қолданылады. Бақылау посттарынын (пункттерінің) жеке құрамы бақылау үшін 6 не 8 есе үлкейткіш дүрбілерді, 15 есе үлкейтетін инженерлік перископтарды, сондай-ақ 20 не 40 есе үлкейтетін үлкен перископтарды қолдана алады.

Бақылау кезінде алдымен жақын жатқан жерлер, содан сон алыс шептер қаралады. Бақылау постындағы бақылаушыда карта (жергілікті жер сызбасы), сағат, компас, байланыс құралы және бақылаушы журналы болуы керек. Қарсыластың топтастығы мен қимылындағы өзгерістер картаға және бақылау журналына уақыты дәл көрсетіліп түсіріледі, содан кейін командирге не аға бастыққа мәлімделеді.

Түнгі уақытта бақылауға қоса көрсетілген секторда тың тыңдалады. Тың тыңдау арқылы алынған мәліметтер міндетті түрде барлаудың басқа әдістері арқылы тексеріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет