Пререквизиттері


-сурет. Жаяу әскер ұрыс машинасы (ЖҰМ-2)



бет18/36
Дата11.05.2020
өлшемі140,61 Kb.
#67217
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
сссссссссссссс
0904000 ЭНС , 0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, 1-4 сынып stud.kz-64387, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі
1-сурет. Жаяу әскер ұрыс машинасы (ЖҰМ-2)
Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақ пен ұрыс техникасына ие бола отырып, қарсыластың ұрыс техникасын және атыс құралдарын, адам күшін бірден жоюға қабілетті. Олар жоғары қарқынмен шабуылдап және ауа райы, жыл мезгілі мен тәуліктің кез келген уақытына қарамастан ұрысын қажырлы түрде жүргізе алады.

2. Қазіргі заманғы ұрыстың сипаттамасы және оның түрлері

Ұрыс — соғысушы тараптар жауынгерлерінің, бөлімшелері (ұшақ, кеме) мен бөлімдерінің ұйымдасқан қарулы қақтығысы. Ол жеңіске жетудің бірден-бір жолы және қарсыласты жою не тұтқындау, сондай-ақ маңызды аудандарды (нысандарды, шептерді) басып алу мен ұстап тұру мақсатында жүргізіледі.

Мақсаты мен оған жету тәсілдеріне қарай тактикада ұрыстың мынадай түрлері болады: шабуыл, қорғаныс және шабуылдаушы ұрыстың көп түрі ретіндегі бетпе-бет ұрыс.



Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі. Ол қарсыластың толық талқандалуын қамтамасыз ете алады. Шабуылдың мәні — қарсыласты қолда бар құралдардың көмегімен талқандауды барынша қолдану арқылы және алынған нәтижені тиімді пайдалана отырып, қарсылас орналасқан жерге сұғына ену, адамдарды, қару-жарақты, ұрыстық техниканы қолға түсіру және қарсылас аумағын басып алу. Қарсыласқан жауға маңызды ауданды (шепті, нысанды) шабуылдап алуға қажетті жағдайды ұтымды амалдар — соққының барлық құралдарын білікті қолдану, ядролық, соққылардың, әуе соққылары мен артиллериялық атқылаудан соң пайдалану, бөлімшелердің батыл қимылдары, шабуылды тереңдей ілгерілетіп жедел дамыту.

– бұл қарсыласқа айтарлықтай шығын келтіре отырып, оның шабуылын тойтару, маңызды аудандарды (шепті, нысандарды) бермей ұстап тұру, сол арқылы әскер-лердің қарсы шабуылға шығуына жағдай жасау мақсатында жүргізілетін ұрыстың бір түрі. Қорғаныс, ең алдымен, қарсыласқа атыс құралдарын барынша қолданып соққы берумен немесе сыналап кірген жағдайда оны атыспен және қарсы шабуылға шығу арқылы қайтару жағдайдың бастапқы қалпын сақтап қалумен сипатталады.

Бөлімшелердің қорғанысқа көшуі қарсыласпен тікелей түійскен жағдайда немесе онымен түйіспей тұрған уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

Бетпе-бет ұрыс – шабуылдаушы ұрыстың бір түрі болып саналады. Ол екі тараптың да алдына қойған міндетін шабуылмен орындауға ұмтылғанда пайда болады.

Бетпе-бет ұрыс — шеру жасайтын әскерлерге тән. Сондай-ақ ол ұрыс барысында: шабуылда — шабуылдаушы қарсыластың қарсы шабуылын тойтару кезінде пайда болуы мүмкін. Бетпе-бет ұрыс кезіндегі әскерлердің негізгі іс-әрекеті қарсыласты қолдағы бар атыс құралдарымен ол қанат жайып үлгергенше шептік қашқтықта шабуыл жасау; оның ұрыстыды ретке жазылуы және тиімді шептерді басып алуының алдын алу; тыл және қапталдан соққы беру; қарсыласты бөлшектеп талқандау.



Ұрыстағы атыс. Атыс жүйесі

Қарудың барлық турінен ату — ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі кұралы. Ол шабуылды дайындайды және шабуылдаушы бөлімшені ұрысқа бастап шығады, ал қорғаныста ол беріктік пен еңсерілмейтін күштің негізі болып саналады.


Ату бағытына қарай атыс түрлері:



а — маңдайшептік; ә — қапталдық; — айқастыра ату

Мотоатқыштар бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарымен (ЖҰМ, БТР, пулемет, гранататқыш) немесе шоғырланған атыспен жеңіліске ұшырата алады. Шоғырланған атыс — бұл бірнеше атыс құралдарының атуы немесе бүкіл бөлімшенің бір маңызды нысананы (цель, мишень) немесе белгілі бір шектеулі аумақтағы нысаналар тобын атуы.

Атыс бағытына қарай – маңдайшептік (нысананың маңдай шебіне карата) және қапталдық, айқастыра ату болып бөлінеді. Маңдайшептік атыс нысананын: маңдай шебіне тікелей жүргізіледі. Ол терең эшелонданған ашық нысанаға атыс мейлінше тиімді. Қапталдық атыс – бұл нысана қапталына ату. Ол көбіне пулеметтен, сондай-ақ автоматтан қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне қарсы жүргізіледі.

Айқастыра ату — бір нысана бойына екі немесе одан да көп бағыттарда жүргізіледі, ол мейлінше тиімді және қарсыласты көп шығынға ұшырата алатын мүмкіндігі бар. Жақын қашықтықта белгілі бір бағытта автоматтар мен пулеметтерден кенеттен ату –бойлата атыс деп аталады.

Бөлімшенің атыс құралдары ұрыста жергілікті жер ерекшеліктерін, атыс құралдарының қолданылуы мен мүмкіндігін есепке ала отырып командирдің жоспары бойынша қолданылады. Бұлардың барлығы бірге бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдар мен көрші бөлімшелермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс атыс жүйесін құрайды.

Атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде взводқа (ротара) атыс жолағы, атқылаудың қосымша секторы (оңға немесе солға), сонымен қатар шоғырланған атыс учаскесі бекітіледі. Атыс құралдарының (ЖҰМ, БТР, пулемет) негізгі және нақты ату бекіністері белгіленіп, нақты ату қашықтығында атқылаудың негізгі және қосымша секторы айқындалады. Көрші бөлімшелер мен атыс құралдарының атқылау секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс. Атыс жүйесінің дайыңдығы — бекіністе атыс құралдарының орналасуы, атыс үшін қажетті. Мәліметтерді дайындау, оқ-дәрінің болуынан көрінеді. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін взвод (рота) командирі өз взвод (ротаның) тірек пунктінің орналасу сызбасын жасайды.

Ұрыстағы маневр.

Қазіргі заманғы ұрыста атыс және бөлімшелер (күштер мен құралдар) маневрін кең қолданбай табысқа жету мумкін емес.

Ұрыста взводтың (ротаның) қарсы алдынан маңыздылығы жағынан әр түрлі бірнеше нысаналар бір уақытта пайда болуы мүмкін: адам күші, атыс құралдары, танкілер және басқа да ұрыс машиналары. Барлық взводтың немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға (нысана тобына) дер кезінде шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін кезекпен немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру — мүның барлығы атыс маневрін жасау болып табылады. Атыс маневрін әрбір сарбаз қолдануына болады. Ол үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша атысты бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып жоюы қажет.

Бөлімшелер (күштер мен құралдар) маневрі қарсыластың барынша осал тұсына атыс жүргізу немесе оған қапталдан және тылдан шабуыл жасау, сондай-ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан сыпырылып шығу үшін ұтымды қалыпта жүргізіледі.

Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту, орағыта өту түрінде маневр жасауы мумкін. Қамту – қарсы беттен әрекет етуші бөлімшелер мен тығыз атыстық және тактикалық өзара әсерлетуші қарсыласқа тылдан, сондай-ақ қапталдан маневр жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет