(заттың агрегаттық күйі)
|
Ит жүгіріп тазы болмас.
(жылдамдық)
|
Таң атпайын десе де, күн қоймайды.
(жердің өз осінен айналуы)
|
Ас - адамның арқауы.
(энергия)
|
Білекті бірді жығар, білімді мыңды
жығар.
(күш)
|
Таразы туса , таң суиды.
Сүмбіле туса су суиды.
(жұлдыз)
|
Көсеу ұзын болса,
қол күймейді
(жылуөткізгіштік)
|
Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.
(ішкі энергияны өзгерту
тәсілдері)
|
4 кезең – «Физикалық жұмбақтар». Бұл кезеңде 12 жұмбақ қойылады. Қай топ бірінші қолдарын көтереді, сол топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток)
2. Жоқ өзінде бас та, қаста, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
3. Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды. (мұз)
4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)
5. Көкке қараған,
Жұлдыз санаған. (телескоп)
6. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)
7. Сұйық, қатты, бу болып құбылатын,
Ішіп, кешіп, жүзетін қандай затың? (су)
8. Пайдаланған мені жұрт
Отын әрі жарыққа.
Қызмет етем әрқашан,
Мені білген халыққа. (электр тогы)
9. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (энергия)
10. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)
11. Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт-)
12. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала-шаға ұсағын,
Бауырына қысады. (магнит)
Достарыңызбен бөлісу: |