Тақырыбы: «Физика әлеміне саяхат»
(физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс)
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын
арттыру; ойлау қабілетін дамыту; бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу; шығармашылық қабілеттерін шындау; топпен жұмыстана білуге баулу; еңбекке баулу;
Түрі: ойын-сабақ
Көрнекіліктер: физика туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, презентация, интерактивті тақта, компьютер;
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндер
Сайыстың кезеңдері: 1-кезең: «Сәлем-сөздің анасы» 2-кезең: «Иә» немесе «жоқ» (капитандар сайысы)
3-кезең: Мақал – сөздің мәйегі
4-кезең: Ойлан тап! (есептер шығару)
5-кезең: Физикалық жұмбақтар
6-кезең: Ойланайық, ойлайық! (логикалық сұрақтар)
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: - Армысыздар, қадірлі ұстаздар
мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Физика әлемінде” атты
сайысымызға қош келдіңіздер!
- Күш, өнер, білімменен алысуға. Бар өнерді салайық ортамызға, Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 7 сынып оқушыларынан құралған – «Ойшылдар» тобын, 8 сынып оқушыларынан құралған – «Білгіштер», «Тапқырлар» тобын ортамызға шақырамыз.
Әділ баға беруге, Шақырайық ортаға Әділқазылар алқасын – дей отырып, бүгінгі сайымызда әділ баға беретін әдәлқазылар алқасын сайлап алайық.
- Сайысымыздың шарттарын таныстырып өтсек, жалпы сайысымыз 6 бөлімнен тұрамыз.
1 кезең Таныстыру
2 кезең «Иә» және «жоқ». Бұл кезеңде әрбір топтың топ басшыларына 10 сұрақ қойылады. Сұраққа иә немесе жоқ деп жауап береді. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай.
3 кезең – «Мақал-сөздің мәйегі». Бұл кезеңде әрбір топқа 5 мақал-мәтел беріледі. Әрбір топ мақал-мәтелдің физикалық маңызын ашуы керек. Әрбір дұрыс жауапқа - 10 ұпай.
4 кезең – «Физикалық жұмбақтар». Әр топқа 5 жұмбақ оқылады. Әр дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
5 кезең - «Ойлан тап!». Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген есептерді шығару керек. Әр есепке 10 ұпай.
6-кезең: – «Ойланайық, ойлайық!». Бұл кезеңде топтың әрбір мүшесіне 2 логикалық сұрақ қояды.
Жүргізуші:
Сайысымыздың шарттары түсінікті болса,