Презентация, интерактивті тақта, компьютер; Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндер



бет5/6
Дата14.04.2023
өлшемі52,27 Kb.
#174533
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физика әлеміне саяхат

5 кезеңіміз – «Ойлан тап!»
Есептер
1. Жүк тасу кезінде жүкті өздігінен түсіретін машина 30 кВт қуат өндіреді.Осы машинамен 45 минутта қандай жұмыс істеледі?
2. Оқушы мектептің екінші қабатына 20 с-та көтеріледі.Қабаттың биіктігі 2 м болса,массасы 40 кг оқушының өндіретін қуаты қандай болар еді?
3. Тереңдігі 150 м шахтадан көлемі 200 м3 суды тартып шығару үшін қуаты 50кВт насос қанша уақыт жұмыс істеуі керек?
4. Көтергіш кранның қуаты 10 кВт.Онымен массасы 2 т жүкті 0,5 с ішінде көтеруге болады.Бұл жағдайда кран қандай жұмыс істейді.Ол жүкті қандай биіктікке шығарады

Енді топтарымыз есептерін шығарып болғанша , көрермендермен ойын


ойнасақ. (Сөзжұмбақ шешу)
Сөзжұмбақ атауы: Астрономия
1. Табиғат туралы ғылым 
(физика)
2. Жылдамдықты өлшейтін құрал (спидометр)
3. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама (температура)
4. Дененің пішіні мен өлшемдерін өзгертуі (деформация)
5. Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)
6. Қозғалысты зерттейтін физиканың бөлімі (механика)
7. Сандық мәнімен қатар бағыты бар шамалар (векторлық)
8. Сұйыққа батырылған денеге кері әсер ететін күш қалай
аталады? (Архимед)
9. Денелердің жылдамдығын немесе тыныштық күйін сақтау
құбылысы (инерция)
10.
Әлемде не бар болса соның бәрі не деп аталады? (материя)
Келесі 6 кезеңіміз – «Ойланайық, ойлайық!»  бұл кезеңде әр топ мүшесіне 2 логикалық сұрақтан қойылады.
«Ойшылдар» тобы
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)

2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)


3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)


4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)


5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)


6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)


«Тапқырлар» тобы

7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыны ма әлде жұқасы ма? ( қалыны, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)


8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)


9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)


10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)


11. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)


12. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет