Улы және есірткілік дәрілер, сонымен қатар, этил спиртіне талап ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕАМ-нің бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады. Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарынада, емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді, Аға медбике дәріханада дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер – сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер – ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрі – көк түсті. Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік фораларда фармацевтің қолы болуы керек.