Қазақстанның медициналық қызмет нарығын жоғары сапалы әлемдік деңгейге жеткізу үшін осы саладағы менеджментке көңіл бөлінуде. Осыған байланысты менеджер мамандарды оқытып дайындауда. Бұл саладағы менеджменттің басқа сала менеджментінен ерекшелігі тауар шығарумен емес, адамның денсаулығымен байланысты. Қазақстан Республикасында денсаулық саласына бөлінетін қаржы жыл өткен сайын артуда. Денсаулық сақтау саласының ерекшелігіне байланысты осы қаржылар тиімді басқарылуы керек.
Емдеу мекемелерінің қаржысын басқару– бұл алға қойылған мақсаттарға жету үшін ЕПМ ресурстарын қалыптастыруға және оларды орынды пайдалануға бағытталған өзара байланысты іс-қимылдардың кешені болып табылады. Денсаулық сақтау саласында қаржылық менеджмент күрделі, емдеу мекемелерінде әлі толығымен қолданылып үлгермеген басқару жүйесі болып саналады. Алайда бұл жүйені денсаулық сақтау мекемелеріне толығымен енгізу медициналық мекемелердің нарықтық жағдайдағы өмір сүру қабілеттілігінің артуына тікелей әсер ететін фактор болып табылады.