Ауыру туындату жүйесіне қарсы антиноцицепциялық жүйе бар. Ол жұлын мен мыйда және жүйке жүйесінің барлық бөліктерінде орналасқан және дерттік ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға бағытталған
Ауыру туындату жүйесіне қарсы антиноцицепциялық жүйе бар. Ол жұлын мен мыйда және жүйке жүйесінің барлық бөліктерінде орналасқан және дерттік ауыру сезімін азайтуға немесе мүлде жоғалтуға бағытталған жүйе.

Антиноцицепциялық жүйенің әлсіздігінде оны күшейтетін қосымша ықпал қажет болады. Сол себептен мыйдың антиноцицепциялық құрылым-дарын электрмен тікелей сергіту арқылы ауыру сезімін жоғалтуға болады.
Дененің белсенді нүктелерін (инемен) сергіту де осындай жолмен ауыру сезімін жоғалтады.
Антиноцицепциялық жүйенің әсері эндогендік жүйкелік пептидтер мен медиаторлардың қатысуымен дамиды. Олардың ішінде апиындық пептид-тер мен гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ)-ергиялық жүйелердің маңызы өте үлкен.

1973 жылы мый мен жұлында радийбелсенді изотоптармен таңбаланған морфинді, апиынды т.б. байланыстыратын арнайы рецепторлар болатыны ашылды. Бұл рецепторлар «апиындық (опиоидтық) рецепторлар» деп аталынады. Морфин мен оған ұқсас заттар бұл рецепторлармен байланысса, ауыру туындататын медиаторлардың өндіріліп шығарылуы азаяды және ноцицепциялық серпіндердің мыйға өткізілуі тежеледі. Осыдан ауыру сезімі азаяды. Соңғы жылдары бұл рецепторлар мый мен жұлында ғана емес, шеткері жүйкелерде, қабынған тіндерде, иммундық қабілетті жасушаларда да болатыны белгілі болды. Апиындық рецепторлардың болуы организмнің өзінде морфинге сәйкес эндогендік заттардың өндірілетінін көрсетеді. 1975 жылы осындай заттардың мыйда (гипоталамус пен гипофизде) өндірілетіні дәлелденді. Бұл заттар эндорфиндер (эндогендік морфин деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Олар олигопептидтерге (шағын пептидтерге) жатады. Артынан осындай олигопептидтердің басқа түрлері ашылды және олар энкефалиндер деп аталды. Қазіргі күні эндорфиндердің бірнеше түрлері белгілі: бета- эндорфиндер, динорфиндер, неодинорфиндер, энкефалиндер т.б.