Ауыру көптеген дерттер кездерінде кең тараған жағымсыз тұлғалық сезім. Ауыруды басатын көптеген дәрілер шығарылғанымен және басқа әртүрлі емдеу әдәстері ұсынылғанымен бүгінгі күнге дейін ауырулық синдромдарды емдеу әлі нәтижелі болмай келеді. Ауыруды зерттеу бойынша Халықаралық бірлестіктің сарапшылары (IASP): «тіндердің нақты немесе болады-ау деп күтілетін бүлінісінен немесе бүліністің зардаптарын алдын-ала білуден байқалатын жағымсыз сезім мен көңіл-күйдің қобалжуы» - деген анықтама берген.
организмде жинақталған тәжірибе негізінде сезілетін ауыруға тұлғалық қатынас қалыптастыратын танымдық(когнитивтік) - депбес бөлігін ажыратады
Ауыру физиологиялық және патологиялық болып ажыратылады.
Ауыру физиологиялық және патологиялық болып ажыратылады.
Әдетте ауыру сезімінің физиологиялық қорғаныстық маңызы бар. Ауыру туындататын тітіркендіргіштерге (ыстық температура, жарақат т.т.) адам тез жауап қайтарып, олардың бүліндіргіш әсерлерінен сақтанады. Ал, туа біткен немесе жүре пайда болған жүйке жүйесі дерттерінің нәтижесінде ауыруды сезбейтін адамдар тіндерінің бүліністерін де байқамайды. Содан адамның өміріне қауіп төндіретін ауыр қан кетулер т.б. асқынулар дамуы мүмкін.