Миокардит – жүрек бұлшықетінің инфекциялық немесе инфекциялық емес қабынулық зақымдалуы. Миокардит туралы күмән кезкелген балада, туа біткен ақау жоқ жағдайда, жүрек жетіспеушілігі белгілері пайда болғанда, әсіресе сәйкес емес тахикардия байқалғанда және\немесе ентігу, сонымен қатар жүрек ұшының соғуы әлсірегенде және гепатомегалия байқалғанда туады
Этиологиясы.
1. Инфекциялық факторлар (балалардың көбінде байқалады).
Вирустар – коксаки В (ең жиі кездесетіні), Коксаки А, ЕСНО-вирустар,аденовирустар, грипптің вирустары, ұшпа, цитомегалия, жәй герпес, адам иммундықтапшылық вирусы және басқалар.
Бактериялар – күл, иерсиниоз, стафилококктық инфекция және басқалар. Бактериялық миокардиттер балаларда сирек байқалады, әдетте 5–6 жастан кейін байқалады.
Басқа инфекциялар: микоплазмалық инфекция; риккетсиоздар (тиф-сүзек);саңырауқұлақтық инфекциялар (актиномикоз, гистоплазмоз және басқалар); қарапайымдар инфекциясы – трипаносомоз (Шагас ауруы), токсоплазмоз және басқалар.
2. Инфекциялық емес факторлар (сирек кездеседі).
Дәнекер тіндерінің иммунопатологиялық аурулары.Кавасаки синдромы.
Аллергиялық аурулар (сарысу ауруы, өкпе эозинофильді инфильтраты, СтивенДжонсон синдромы, дәрілік аурулар және басқалар).Метаболикалық бұзылыстар (уремия, микседема және басқалар).Лейкоз және залалды ісіктер метастазы
Химиялық немесе физикалық әсерлер: сәулелі зақымдалулар (ионизациялық радиация); токсиндер әсері (қорғасын және басқалар); дәрілік препараттардың әсері(доксорубицин және басқалар); жануарлар шағуы (жылан, қарақұрт және басқалар); жүрек жарақаты (доғал немесе тесіп өтетін), посткардиотомиялық синдром.