Презентация Тақырып: Миокардиттер және перикардиттер. Орындаған: Хамракулова Сабина Тобы: в-жмқА-02-21



бет2/4
Дата11.09.2024
өлшемі2,99 Mb.
#204177
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Хамракулова Сабина ЖМКА 02-21 БАН 7 срс.

Патогенезі.

  • Миокардиттер патогенезінде, патологиялық процессте өзіндік жеке ағымдық көрініс қалыптасуға ықпал ететін, механизмдерді төрт негізгі топқа бөледі:
  • 1. Патогендік фактордың кардиомиоциттерге тікелей әсер етуі (инфекциялық, паренхиматозды миокардит). Бұндай механизм, әдетте вирусты инфекцияларды байқалады.
  • 2. Миокардтың тамырлық зақымдалуы келесілермен: а). Кейбір қоздырғыштардың «эндотелиотроптығы» (грипп вирусы, аденовирус, микоплазма және басқалар); б). Инфекциялық және инфекциялық емес иммунокомпонентті зақымдалулар (дәнекер тіннің иммунопатологиялық аурулары).
  • 3. Жүрек тіндерімен қарама-қарсы әсерлесетін антиденелер және активтелінген лимфоциттердің зақымдау әсері. Бұл механизм, өз патогенезі бойынша ревматикалық миокардитке жақын, бірақ одан жалпы белгілері болмауымен ажыратылатын, постстрептококкты миокардитке тән.
  • 4. Миокардтың іріңді метастатикалық зақымдалуы септикопиемиялық процесстерде байқалады және балаларда сирек кездеседі.

Жіктелісі.

  • Миокардиттердің жалпы қабылданған жіктелісі педиатрияда жоқ. Н.А. Белоконь мен М.Б. Кубергер ұсынған жіктеліс (1987) 92 кестеде берілген.

Н.А. БЕЛОКОНЬ МЕН М.Б. КУБЕРГЕР ҰСЫНҒАН МИОКАРДИТТЕРДІҢ ЖІКТЕЛІСІ (1987 ж.)

Клиникалық көрінісі.

  • Шағымы: «әлсіз, тез арытатын» мазасыздық, әлсіздік, шаршағыштық, бас айналуы, ентігу, жүрек соғу, жүрек тұсында шалыс соғу сезімі, кеуде қуысында ауырсыну (әдетте, перикардитпен немесе коронарлық тамырлардың зақымдалуында).

Кардиальды синдром: - жүректің көлденең мөлешерінің ұлғаюы (көбіне солға қарай); - жүрек тондарының естілуінің төмендеуі (әсіресе бірінші тонның); - жүрек ұшында систолалық шудың пайда болуы; - жүрек ырғағының бұзылуы (тахикардия, ригидті ритм, сиректеу – брадикардия, экстрасистолия, «систолалық текірек» ырғағы);

  • Кардиальды синдром: - жүректің көлденең мөлешерінің ұлғаюы (көбіне солға қарай); - жүрек тондарының естілуінің төмендеуі (әсіресе бірінші тонның); - жүрек ұшында систолалық шудың пайда болуы; - жүрек ырғағының бұзылуы (тахикардия, ригидті ритм, сиректеу – брадикардия, экстрасистолия, «систолалық текірек» ырғағы);
  • Экскатракардиальдық синдромдар: - қанайналым жетіспеушілігі белгілері (бозғылттық, терінің, әсіресе тырнақтардың, цианоздық реңі, аяқ-қолының мұздауы, ісіну, ісіктер, өкпеде іркілістік сырылдар, бауырдың ұлғаюы және басқалар); - нерв жүйесінің дисфункциясы (ерте жастағы балаларда «энцефаломиокардиттер») - тамыр зақымдалулары (бөртпелер, артралгиялар, микрогематурия және басқалар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет