7-мақсат: Бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру Туристік қызмет саласында қызмет көрсетуші ұйымдардың жиынтық табысын ұлғайту өткен жылдың деңгейіне қарағанда жоспарланған деңгейде күтіледі. Нақтыланған деректер 2014 жылдың І жартыжылдығының қорытындылары бойынша беріледі (статистика органдары 1 тоқсан кешіктіріп жариялайды).
Ішкі саясат
8-мақсат: Мемлекеттікті және ұлт бірлігін келешекте нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету Қоғамдық-саяси саладағы индикаторлар жетістігі мен міндеттердің көрсеткіші Стратегияны және Қазақстан даму басымдықтарын түсіндіру және насихаттау бойынша семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізу, Қарағанды қаласында қоғамдық-саяси жағдайларды әлеуметтік зерттеу және мониторинг, ақпараттық-насихаттау ісшараларын ұйымдастыру және өткізу, әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге асыру шеңберінде ҮЕҰ қызметтерін жандандыру жөніндегі ісшаралар жүйесін әзірлеу және халықтың ҮЕҰ қызметтеріне қанағаттануына мониторинг жүргізу арқылы іске асырылады.
Әлеуметтік сауалнама қорытындылары бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қоғам институттарының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесі 61%, конфессияаралық қатынас саласында мемлекеттік саясатты оң бағалайтын үлес -61%, этносаралық қатынас саласында - 88% құрады.
Қоғам институттарының және мемлекеттің өзара қарым-қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесі 2013 жылы 58% құрады. 14 жастан 29 жасқа дейінгі тұрғындардың жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың қанағаттанарлық деңгейі 2013 жылы 8,2% құрады. Жастар ұйымдарына қатысқан жастардың үлесі 2013 жылы 78% құрады.