Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"
1-мақсат: Инфляциялық үдерістерді реттеу Қарағанды қаласы бойынша жыл басынан бері тұтыну бағаларының индексін статистика санамаған. 2013 жылғы желтоқсан айында статистикалық мәліметтер бойынша тұтыну бағаларының индексі 2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 107,4% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,6% жоғары әрі жоспарлы «дәліз» шеңберіндегі көрсеткіш.
Тауарлар мен қызметтерге инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс Қарағанды қаласы әкімінің «Бағаның көтерілуін тежеу бойынша жұмыс топтарын құру туралы» 2012 жылғы 23 наурыздағы №38-ө өкіміне сәйкес жүргізіледі. Өкімге сәйкес: азық-түлік тауарлары; азық-түліктік емес тауарлар, тұрмыстық қызметтер және жанар-жағармай материалдары; коммуналдық қызметтер; дәрі-дәрмек және ақылы қызметтер; көлік қызметтері және байланыс қызметтері сынды бес бағыт бойынша жұмыс топтары құрылған.
2013 жылы жұмыс топтары барлығы 12 отырыс өткізген, онда жұмыс топтарын үйлестірушілердің есептері тыңдалып, бағаның көтерілуін тежеу мәселелері талқыланған.