Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"



бет8/24
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#7803
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
2 бағыт: Әлеуметтік сала


Білім беру


1-мақсат:Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүддесін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату
Қаланың білім бөлімінің қызметі ҚР 2011-2020 жж білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған. Қаланың 2013 жылда білім беру жүйесін дамыту жүйесінің басым бағыты:
Қол жетімді сапалы білім берумен қамтамасыз ету;
Балалардың толық дамуына жағдай жасау және білім беру мазмұнын жүзеге асыру;
Қаланың білім беру жүйесін тиімді басқаруды және қаржыландыруды көтеру.
Білім ұйымдарының жүйесі: барлығы-150, оның ішінде, 12- мемлекеттік, 21- жеке меншік. Жүйе 1 мемлекеттік ұйымға (№59 орта мектептің №43 орта мектепке бірігіуіне байланысты қайта ұйымдастыры), 1 жеке меншік ұйымға (Қарағанды бану колледжінің лицей сыныптары жабылды) қысқарды.
Жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер саны – 79.
2013 жылы 1 қыркүйекте жалпы 0-11 сыныптарда 57228 оқушы (801 оқушыға көбейген), оның ішінде 1-11 сыныптарда 53106 оқушы (549 оқушыға көбейген).
Білім беру тілі бойынша мектептер саны өзгерген жоқ:
қазақ тілінде білім беретін мектептер – 10 (5643 оқушы)
орыс тілінде білім беретін мектептер - 12 (5433 оқушы)
аралас мектептер – 57 (42030 оқушы) – № 43 ОМ қайта ұйымдастыруға байланысты 1 мектепке кеміді.
азақ тілінде білім алатын оқушылар саны тұрақты түрде өсіп келеді – 2006 жылы 14187 (25%) оқушы болса, 2013 жылы - 18279 (34,4%).
Мектептен тыс ұйымдар саны-15, онда 9720 бала білім алады:
Мемлекеттік ұйым-10, 8699 баланы қамтиды;
Жекеменшік ұйым-5, 1021баланы қамтиды.
Сұрыптауда қаңтар айында 300 балаға арналған БжЖС-ның филиалы ашылды, осының нәтижесінде 0,6% қосымша білім берумен қамтылып және ол қазіргі кезде 18,5% құрайды.
Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 75 ұйымды құрайды: 62 мемлекеттік және 13 жеке меншік балалар мекемесі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік секторы:
40 балабақша
19 шағын орталық
3 «мектеп-балабақша» кешені.
Білім беру саласындағы маңызды мақсаттардың бірі – балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтуға жағдай жасау. 2009 жылы Елбасымыздың бастамасымен Балапан» бағдарламасы іске қосылды.
Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі, балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтамасыз етудің жағдайын жасау болып табылады. 3 пен 6 14750 (98,1 %) бала мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарымен қамтамасыз етілді. 2012 жылмен салыстырғанда балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту, 100 балаға арналған «Алтын бесік» балабақшасы (2013 жылы қаңтар) және «Бақыт» балабақшасында (2013 жыл қараша) 120 балаға арналған төрт қосымша топтың ашылуымен өсті.
Мемлекеттік тапсырыс 3 жекеменшік балабақшада («Лесок», «Гвоздичка», «Әділет») 530 орынға жүзеге асуда.
Мектепке дейінгі мекемеде кезекте0-6 жас аралығындағы 19497 бала тұр. Оның 4975-і 3-6 жастағы балалар.
Мектепке дейінгі білім беру қызметіне-1 млрд.784 млн. 582 мың. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік сатып алу бойынша-495 млн. 572 мың. теңге. Республика бюджетінен шағын орталықтарды жабдықтауға-113 млн.459,79 мың. теңге.
2013-2014 оқу жылында барлық жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер саны-5658, оның 90%-і әйел адамдар. Жоғарғы білімді мұғалімдер құрамы-91,6%, жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер құрамы-52,8%,
"Өрлеу" педагогтардың біліктілігін арттыру ұлттық орталығы жанынан 2012 жылы 119 мұғалім жаңа форматтағы курстарды өтті, 2013 жылы - 186 оқытуша. Қайта даярлау қорытынды бойынша және өз санаттарына сай мұғалімдер елеулі қосымша төлемақы алады. Осы мақсатта Республикалық бюджеттен қомақты қаржы жұмсалған: үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті артыруға 23 млн.теңг.; мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 200 млн теңге.
Білім бөлімі мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктер туғызады. Жыл сайын 15 қалалық педагогикалық байқаулар, ғылыми-тәжірибелік конференция, 150-ден астам семинарлар өткізіледі. Түрлі жетістіктері үшін: кәсіби байқаулар, ізденушілік әрекеті, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға оқушы дайындағаны үшін 192 мұғалімге сыйақыға жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге бөлінді ( 2012 жылы: 200 педагогқа 5 млн. теңге). 2013-2014 оқу жылының басында оқу ұйымдарына келген 151 жас маманға 7 млн. 550 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.
Әлеуметтік қорғалмаған отбасындағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Есептік кезеңде жалпы 714 бала қамқоршылық және қорғаншылықта, оның ішінде 724 бала жәрдемақы алады, бұл 98,6 %-і құрайды.
2013 жылдың 12 айы ішінде 343 кәмелетке толмаған бала мемлекет тарапынан көмекке зәру екендігі анықталынды, оның ішінде:
үйдегі балалар – 59,
балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында – 31,
патронатқа берілгендер – 0,
қамқоршылық пен қорғаншылыққа берілгендео –136,
ҚР азаматтығымен - 111 бала асырауға алынған.
Шетел азаматтығымен - 6 бала асырауға алынған.
Бүгінгі күнде асыранды балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар саны -669, оның ішінде - 724 бала.
Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі қызметкерлер балалардың тәрбиесіне қатысты 1205 сот ісіне қатысқан.
Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың барлық балалары (2516) «Жалпыға міндетті оқыту» фонд есебінен тегін тамақтанумен қамтылған.
"Салют" балалар сауықтыру лагерінде 5 жазғы сауықтыру маусымы өткізілді. 1368 бала осында демалып, сауықтырылды, оның 1308-і әлеуметтік қорғалмаған отбасының балалары. 2013 жылы Жалпы оқу қорынан 103 млн 6 мың теңге әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын тамақтандыруға, киіндіруге, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге бөлінген.
Қарағанды қаласының білім ұйымдарында инвалидтарды қорғауда және қоғамға бейімдеуде айқын істер атқарылуда. 45 мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға жағдай жасалған (56,25%) 6 мектепте түзете-дамытып оқыту сыныптары бар.
18 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымда 81 түзету тобы жұмыс істейді:
сөйлеу қабілеті бұзылғандарға – 48 топ;
нашар көретіндер – 25 топ;
нашар еститіндерге – 1 топ;
ПДТ (психикалық дамуы тежелген) – 7 топ.
Логопедиялық пункттер 12 мектепке дейінгі білім ұйымында бар.
Қалада барлығы 2 мамандандырылған балабақша жұмыс істейді («Батыр», «Ертегі»).
Қарағанды қаласының білім ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге және дамытуға 2013 жылы 12 млрд. 478 млн. 650 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерге 1 млрд. 058 млн. 650 мың теңге қарастырылған.
3 ауысымда жұмыс істейтін, апатты мектептер жоқ. 2013 жылдың басынан күрделі және ағымдағы жөндеуге 148,871 млн.теңге бөлінген. Жөндеу 16 нысанда өткізілді (10 мектеп, 4 балабақша, № 1 БММ)
№ 2 лицейдің спорт залы салынып болды. Құрылысқа жергілікті бюджеттен 200 млн. теңге бөлінген. Бұрын бір жағында кәмелет жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығы болған «Бақыт» балабақшасында күрделі жөндеу жүргізіліп, 4 қосымша топ ашылды. Оған 67 млн. теңге жұмсалды.
2012 жылы жалпы сомасы 104 млн. теңгені құрайтын 46 кабинет сатып алынды. Оның 15 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 89 млн теңгесі жергілікті бюджеттен.
2013 жылы жергілікті бюджеттен кабинеттерді жабдықтауға 229 млн. 882 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражатпен, мектептерде 39 пәндік кабинет, ұлдарға арналған 13 шеберхана кабинеті, қыздарға арналған 20 еңбек кабинеті, бес мектеп автокөлік және жаттығу залдарымын (№51, 100, 5, 13, 101 ом), барлық мектептер спорттық жабдықтар шаңғы және доптармен, 22 тенис алаңымен жабдықталынды.
Бейінді оқытуға арналған мектептерге № 5,13,51,100,101оқу мақсаты үшін қолданатын автокөліктерге 17 млн. 551,2 мың теңге, сонымен қоса автожаттығу 3млн. 796,3 мың теңге;
Шаңғылар-52 млн.779,6 мың. теңгеге.
16 физика кабинеті 79 млн. 196,8 мың. теңгеге;
15 биология кабинеті 58 млн.417,4 мың. теңгеге;
8 химия кабинеті 39 млн. 831 мың. теңгеге;
10 интерактивті подиум 35 млн. теңгеге;
548 компьютер 52 млн. 812,9 мың. теңгеге;
12 ұлдарға арналған шеберханалар 20 млн. 491,3 мың. теңгеге;
20 қыздарға арналған еңбек кабинетін 27 млн. 755,5 мың. теңгеге;
22 хоккей алаңы175 млн. 999 мың. теңгеге;
мектеп жиһаздары 2 млн.241 мың. теңгеге.
РБ есебінен 5 химия кабинеті 16 млн. 677 мың. теңгеге жабдықталынды (№39, 101, 23, 38, 97 мектептер).
Осылай, қаланың білім ұйымдары 203 пәндік кабинеті техникалық құралдарымен жабдықталды.
2012 жылмен салыстырғанда пәндік кабинеттерді жабдықтау 45%-тен 57,2%-ке өскен.
Барлық мектертерде интерактивті құралдар орнатылған. Интернет желісіне-100% қосылған, барлық білім ұйымдарында өзінің сайттары бар. 43 (54,4%) білім ұйымдары (e-learning) электронды оқыту жүйесін қолданады. Оқушы санының көрсеткіші 1 компьютерге өсті. Қала мектептерінде компьютерлі паркінде 9861 машина бар, 1 компьютерге 5,4 оқушыдан келеді.
Оқулықтарды сатып алу және жеткізуге 42 млн.336 мың. теңге қаражат жұмсалынды. (2012 жылы 40,8 млн. теңге бөлінген). Бұл қаражатқа 2013 жылы қайта шығарылуға тиісті 2 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар сатып алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет