Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"



бет9/24
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#7803
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Денсаулық сақтау


2-мақсат: Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың денсаулығын жақсарту
Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған Даму Жоспарын іске асырудың бірінші кезеңінің негізгі бағыты әлеуметтік саланы дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрімен қамтамасыз ету болып табылады.
2013 жылы Қарағанды қаласы бойынша скринингтік қамту 41% құрады.
Қала халқын қанайналым жүйесі ауруларын ерте айқындауға профилактикалық скринингтік медициналық тексерулер жүргізілді. 68432 адам қамтылды, жылдық жоспардың 100,9 % құрады (67800 адам). Тексерілген науқастардан 6659 (9,7%) науқас айқындалды, оның ішінде диспансерлік есепке 6639 (9,7%) адам алынды.
Қант диабетін ерте айқындауға - 65013 адам не 103,3% қамтылды, жоспарға (62825). Тексерілгендерден 247 (0,4%) науқас анықталды, оның ішінде диспансерлік есепке 247 (0,4%) алынды.
Глаукоманы айқындауға 55949 адам қамтылды жылдық жоспардың 102,8% (54418 адам), 45 (0,08%) адам айқындалды, оның ішінде диспансерлік есепке 45 (0,08%) алынды.
Ісікалды жағдайларды және сүт безі обырын айқындауға 36144 адам қамтылды – жылдық жоспардың 100,2% (36037 адам). Тексерілгендерден 88 (0,24%) науқас анықталды, диспансерлік есепке 88 науқас алынды (0,24%).
Ісікалды жағдайларын және сүт безінің обырын айқындауға 12111 адам не жылдық жоспардың 99,1% (12222 адам), айқындалғаны 304 (2,5%) науқас, диспансерлік есепке 304 науқас (2,5%) алынды.
Ісікалды жағдайларын және жатыр түтігінің обырын айқындауға 15661 адам не жылдық жоспардың 100,0% (15662 адам), айқындалғаны 24 (0,2%) науқас, диспансерлік есепке 24 науқас (0,2%) алынды.
Қарағанды қаласы бойынша профилактикалық тексерумен 1 жастан 17 жасқа дейінгі 110678 бала (100,1%), қамтылды, жылдық жоспардың 11567 бала, айқындалғаны 11567 бала, 9210 бала оңалтылды (79,6%), диспансерлік есепке 16465 бала (14,9%) алынды.
Қарағанды қаласының АМСК қызметінің шығындары деңгейін жалпы қаржыландыру көлемінен 43,1% дейін ұлғайту әрбір АМСК ұйымына әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды енгізумен, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексерудің өзгеруімен (ересектерде және т.б. гепатитті анықтау скринингін қосу) жан басына шаққандағы нормативті теңестіру, ұлғайту
ҚР ДСМ 04.11.2011ж. №786 бұйрығына сәйкес пациенттерді Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында тұрғындарды тегін дәрілермен қамтамсыз ету жүзеге асырылуда, яғни амбулаторлы деңгейде 910976,4 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, 2013 жылы 910976,4 мың теңге игеріліп 100% құрады. Сырқатты ерте анықтау аясында тұрғындарды мақсатты түрде скринингті тексеруден өткізу шарасы жүзеге асырылады. Осы көрсеткішке қол жеткізу облыстық және қалалық медициналық мекемелерге 74 дәрігерді еңбекпен қамтамасыз етумен байланысты.
2013 жылы қалада біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің үлес салмағы: дәрігерлер - 64%, орта медициналық қызметкерлер 60% құрады. Көрсеткішке қол жеткізу шетелде 22 маманды оқыту, 112 маманның біліктілігін арттыру, 131 дәрігер және 413 орта медициналық қызметкерді қайта даярлау және біліктілігін арттырумен қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілді.
Қарағанды қаласында қанайналым жүйесі ауруларынан болған өлім-жітімнің өткен жылды осы мерзімімен салыстырғанда 436,9-дан 388,8-ге, яғни 88,9%-ға төмендегені байқалды, төмендеуге атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді.
Сырқатты ерте анықтау аясында тұрғындарды мақсатты түрде скринингті тексеруден өткізу шарасы жүзеге асырылады.
Қан айналым жүйесінің сырқатын ерте анықтау мақсатында профилактикалық скринингтік медициналық тексеруден өткізілді – 68432 адам қамтылып, жылдық жоспардан (67800 адам) 100,9 % құрады, тексерілгендер арасында 6659 (9,7%) науқас анықталды, олардың ішінде диспансерлік есепке алынғандары 6639 (9,7%).
Онкологиялық диспансерге 145 875 мың теңге соммасына 8 дана медициналық жабдық сатып алынды. Қарағанды қаласының облыстық жедел медициналық көмек көрсету паркінде автокөліктер жаңартылды, 16 дана жедел жәрдем көліктері сатып алынды.
БАҚ, СӨСО құралдары арқылы мемлекеттің азаматарымен жұмыс берушілер арасында өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау насихатталуда. 2013 жылы өмір сүру ұзақтыңының көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында «ОКО» КММ жанында операциялық-ренацимациялау бөлімі ашылған.
Қарағанды қаласының АМСК базасында жүрек-қантамырлары ауруы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысына халықты оқыту.
• Бұқаралық ақпарат құралдарында қанайналым жүйесі ауруларына, семіздікке, ішімдікті және темекіні қолдануға, жеткіліксіз дене жүктемесіне әкелетін факторлар туралы ақпараттық материалдарды кеңінен жариялау.
• Жіті жүрек-қантамырлары және өзге де жүрек-қантамырлары жүйесі аурулары, алғашқы белгілер, көмек көрсету шаралары, жіті коронарлық синдроммен науқастанғандардың қауіп факторы, халықты ҚЖА бастапқы және екінші профилактикалық ақпараттық бағдарламалары анықталды.
• АМСК және стаицонарлар деңгейінде кардиологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды бөлу бақыланады.
• Еuro Score жіктемеге сәйкес күрделілік санаты бойынша ересектерге кардиохирругиялық операция жасалды: БұқараАҚШ – 174 операция; ТБЖА түзету – 176 операция; КАГ – 2123 операция; ЧКА – 890 операция; ЭКС - 128 операция; ЭФИ и РЧА – 101 операция; 2013 жылы «Облыстық кардиохирургиялық орталық» КМК кардиохирургиялық қызмет бойынша жүргізілді: Ккардиовертебродефибриллятор имплантациясы -4 (3), ЭФИ РЧА -101 (114), ЭКС имплантациясы - 140 (114), ТБЖА кезіндегі оклюдер имплантациясы - 19 (21), коронарлық артерияларды стенттеу - 984 (993), КАГ -2325 (2678). АКШ -184 (153), ТБЖА -186 (78) тромболизис 32 (13).
Онкологиялық науқастардан болған өлім-жітім 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 132,6-дан 128,6-ға, яғни 1,6% төмендеді.
ҚР ДСМ 04.11.2011ж. №786 бұйрығына сәйкес пациенттерді Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында тұрғындарды тегін дәрілермен қамтамсыз ету жүзеге асырылуда, яғни амбулаторлы деңгейде 910976,4 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, 2013 жылы 910976,4 мың теңге игеріліп 100% құрады
Ісікалды жағдайларды және тоқ және тік ішек обырын айқындауға 36144 адам қамтылды, жылдық жоспардан 100,2% (36037 адам), олардың ішінен 88 науқас (0,24%) анықталып, диспансерлік есепке 88 (0,24%) адам қойылды.
Ісікалды жағдайларын және сүт безінің обырын айқындауға 12111 адам не жылдық жоспардың 99,1% (12222 адам), айқындалғаны 304 (2,5%) науқас, диспансерлік есепке 304 науқас (2,5%) алынды.
Ісікалды жағдайларын және жатыр түтігінің обырын айқындауға 15661 адам не жылдық жоспардың 100,0% (15662 адам), айқындалғаны 24 (0,2%) науқас, диспансерлік есепке 24 науқас (0,2%) алынды.
Уақытылы өтініш жасау және онкологиялық ауруларды ерте айқындау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі: 509983 дана баспа материалдары тираждалды және таратылды, профилактикалық тексеруге шақырған 2 билборд орнатылды, 178504 адам қамтылған 23342 аса профилактикалық шаралар өткізілді. БАҚ жұмыс: 24 ТД-бағдарламасы, радио -107, бейнероликтерді жалға беру - 769. Ақпарат 150 роллер стендтері үшін ауысымдағы баннерлерде ұсынылды, 12 сәулелі скроллер, 18 электронды ақпараттық терминал.
145 875 мың теңге соммасына онкологиялық диспансерге 8 дана медициналық жабдық сатып алынды.
Қарағанды қаласында туберкулезден болған өлім-жітімді азайту – науқастарды резерв қатарындағы препараттармен қамту, халық арасында туберкулезді уақытылы айқындау, тұрғындарды БАҚ арқылы хабардар ету арқылы қол жеткізілді. Одан басқа, Қарағанды қаласында туберкулезден болған өлім-жітім көрсеткішін азайту алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдармен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен және ведомстволық мекемелермен туберкулезге қарсы шаралар кешенін орындау бойынша бірлескен жұмыс нәтижесінде қол жеткізілді. 2013 жылы қатынасқа түсуден болған ауруларды ескерту мақсатында және уақытылы жүргізілген туберкулезге қарсы жұмыстар нәтижесінде – 2086 бала ауықтырылды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 9 жылжымалы мониторинг жүргізілді. Профилактикалық тексерру жүргізу жоспары 100% құрады. Емделуден бас тартқан науқастар – 9,7% құрады. Оларды емдеуге тарту бойынша (белсенді жұмыстар жүргізіледі (ІІБ, құжаттарды сот арқылы ресімдеу). Туберкулез бойынша «Біздің мақсатымыз туберкулезді тоқтату» тақырыбында айлықтар, жоо студенттері арасында «Өзіңді туберкулезден қорға» девизі бойынша акциялар, ТБ бойынша - 5 арна, Қазақстан Қарағанды арнасында сөз сөйлеу өткізілді. Туберкулездің алдын алу бойынша «Еркін дем ал» бейнеролигі шығарылды. Қарағанды қаласының базарларында халықты профилактикалық тексеру үшін жылжымалы флюорографтар орнатылды. 152 адам қамтылды. 2013 жылы барлығы 27 мың адам қамтылған 2771 дәріс оқылды (27 024 адам қамтылды), 129965 адам қамтылған 4285 әңгімелесу, дөңгелек үстелдер-3 (3000 адам қамтылды), 10 семинарлар өткізілді (634 адам қамтылды). ПКИО ОО және «Шахтер» стадионында спартакиадалар өткізілді Облыстың туберкулезге қарсы қызметі емдеудің амубаториялық және стационарлық кезеңдерінде науқастарды емдеу ұйымдастыруға әдістемелік, сондай-ақ азық-түлік жинағы және науқастардың амбулаториялық кезеңде емдеу мекемесіне дейінгі жолақыларына қаражат бөлу арқылы әлеуметтік көмек көрсететін, «Жасыл түс комитеті» желісі бойынша 2 қатардағы препараттармен қамтамасыз ететін Жаһандық қормен, «Денсаулық атымен серіктестер» ҮЕҰ және Қызыл жарты ай Қоғамымен өзара іс-қимылда жұмыс жасайды. ҚР ДСМ «Туберкулезбен күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы» 17.06.2011 жылғы №404 бұйрығы негізінде халық арасында профилактикалық шаралар жүргізу үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, СӨС ОО және туберкулезге қарсы қызмет арасында бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.
Қарағанды қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының 15-49 жас – 0,029 жас топтарында таралуын ұстап тұруғат қол жеткізілді. 15-тен 49 жасқа дейінгі аралықтағы 51836 адам тестілеуден өткізілді, оның ішінде 75 АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар айқындалды. Аталған индикаторды қол жеткізу нәтижесі « ЖИТС эпидемиясына қарсы әрекет бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес ҚР денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚОДСБ «ЖИТС-пен дүниежүзілік күрес күні және профилатикалық айлық өткізу туралы» 31.10.2012 жылғы №626ө бұйрығы шығарылды.
БАҚ-да халық арасында АИТВ-инфекциясының профилатикасы бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстары жүргізіледі.
1) БАҚ: ТВ- 48 бағдарлама және сюжеттер; радио - 103; газеттерде 96 мақала шығарылды; теледирдардың 4 каналында 120 видеоролик шығарылды, ішкі мониторларда 1018 трансляция, маршруттық ТД - 480. 4 билборд, 4 көше баннерлері орнатылды. Ақпарат 150 роллерлік стенд, 13 сәулелі скроллер, 19 электронды ақпараттық терминал үшін ауысымдағы баннерлерде ұсынылды.
2013 жылдың қорытындысы бойынша 100 мың тірі туғандарға шаққандағы өткен жылғы осы мерзімдегі 1 жағдайға қарсы 1 ана өлімі жағдайына жол берілді, көрсеткіш 8,8 құрады.
Ана мен баланы қорғауға бағытталған бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бірқатар шаралар жүргізілді.
1. Қарағанды қаласы бойынша ана және бала өлімінің алдын алу және болдырмау бойынша қысқа мерзімді жоспар және 2013 жылға облыстық перинаталдық көмек көрсету жағдайына бейімделген перинаталдық көмек аймақтандыру туралы бұйрық әзірленді
2. Жүкті әйелдердің, жүктілікке толық қарсы көрсетімі бар жүкті әйелдердің, экстрагениталды патологиясы бар әйелдердің, халықтың әлеуметтік –қолайсыз топтарынан шыққан әйелдердің мониторингі жүргізілді.
3.Күн сайын назарға алынуға тиісті жүкті әйелдер, босанған және босанатын әйелдер туралы ақпарат, сондай-ақ ҚРДСМ «Жүкті әйелдер, босанған және босанатын әйелдердің сыни жағдайларының мониторингі бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 28.05.2010 жылғы №389, ҚОДСБ 13.10.2013 жылғы №530 бұйрығына сәйкес Республикалық мекемелерге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат жіберіледі.
4. Ана және бала өлімін азайту бойынша 4 облыстық штаб өткізілді, оның ішінде 4 облыстық штаб облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізілді, одан басқа 3 облыстық акушерлік-гинекологиялық емдеу-профилактикалық кеңесі, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша 7 мәжіліс өткізілді.
5. «Аналар қауіпсіздігі», тиімді перинаталдық технологиялар, акушерлік операциялар жүргізу техникасы, шұғыл көмек көрсету бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша оқытуды жалғастырды. Акушер-гинеколог дәрігерлерге және АМСК, стационарлар акушерлері, жедел жәрдем терапевтері мен фельдшерлерін «Тиімді перинаталды көмек. Антенаталдық көмек. Акушерлік қан кетулер» циклына оқытылды, аймақтық тренерлер оқытылды және аймақтық тренерлер әзірленді, олардың ішінде 20 акушер-гинеколог, 35 акушер, 22 терапевт және 27 фельдшер. ОПО базасында инвазивті шараларды жүргізу жалғастырылды. Республика және жақын шетелдер оқу орталықтары базасында туа біткен ақаулардың пренаталдық диагностикасы бойынша 3 УДЗ дәрігері оқытылды.2012 жылы Жол картасына сәйкес нәрестелердің жүрек ақауын түзету бойынша «ОКО» ШЖҚ КМК базасында операциялар жалғастырылды, ТБЖА бар нәрестелерге 292 операция жасалды, АМСК және стационарлардың акушер-гинеколог дәрігерлері және акушерлері Жүкті әйелдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 тренинг өткізілді, жедел жәрдем терапевтері мен фельдшерлері үшін «Акушерліктегі шұғыл көмек» циклына оқытылды, Қарағанды қаласының медицина ұйымдарының аймақтық трененрлері оқытылып, даярланды, оның ішінде 8 акушер-гинеколог, 21 акушер, 11 терапевт және 14 фельдшер. Ағымдағы жылы «ОПО» КМК 2 УДЗ дәрігері «АменБҰҒО» АҚ базасында инвазивті процедураларды жүргізу бойынша мамандандырудан өтті. 01.06.2012 жылдан бастап ОПО базасында инвазивті шаралар жүргізіледі. Қарағанды қаласының медицина ұйымдарының 8 УДЗ дәрігері республикалық және жақын шетелдер оқу орталықтарының базасында туа біткен даму ақауының пренаталдық диагностикасы бойынша оқытылды. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, ОПО базасында бекітілген кестеге сәйкес облыстық , аудандық және қалалық ЕПҰ-дың УДЗ дәрігерлеріне арналған ұрықтың ТБДА УДЗ бойынша жұмыс орнында оқыту ұйымдастырылды. Есепті мерзімде Қарағанды қаласы медицина ұйымдарының 8 УДЗ дәрігері ұрықтың ТБДА диагностикасы бойынша оқудан өтті.
2013 жылдың қорытындысы бойынша нәрестелер өлім-жітімі 1000 тірі туғандарға шаққанда өткен жылдың осы мерзіміне сәйкес 14,1 қарсы 10,1 құрайды.
Қарағанды қаласы бойынша барлығы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 93 нәресте (2012 жылдың осы мерзіміне сәйкес 130 құрады). Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында облыстық перинаталдық көмекті аймақтандыруды жетілдіру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»
Қарағанды қаласында 2 перзентхана 3 деңгейдегі ЕПҰ болып саналды: «Облыстық перинаталдық орталық» КМК, «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК. Нәрестелер өлімін азайту мақсатында 2013 жылы келесі шаралар өткізілді: неонаталды хирургия бойынша Жол картасы шеңберінде «Облыстық балалар клинкалық ауруханасы» КМК базасында туа біткен даму ақауы бар нәрестелерге 29 операция жасалды, нәрестелердің туа біткен жүрек ақауын түзету бойынша Жол картасына сәйкес «Облыстық кардиохирургиялық орталық» КМК базасында операциялар жүргізілді. 2013 жылы туа біткен жүрек ақауы бойынша нәрестелерге 25 операция жасалды. 2013 жылы БАКЖ стратегиясы бойынша 31 каскадтық тренинг жүргізілді, 50 педиатр және жалпы практика дәрігерлері, балалар ұйымдарының 100 мейіргері оқытылды. «Қарағанды қаласының балалар ауруханасы» КМҚК базасында ревматизммен ауыратын балаларға биологиялық белсенді препаратттарды қолдану арқылы емдеу енгізілді.
Сондай-ақ Қарағанды қаласы бойынша балалар өлім-жітімін азайту көрсеткішіне 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың профилактикалық тексерулері есебінен қол жеткізілді. Қарағанды қаласы бойынша профилактикалық тексерулермен 1 жастан 17 жасқа дейінгі 110650(жоспар) баладан 110768 (100,1%) бала қамтылды, 11567 науқас бала анықталды (10,4%), 9210 бала сауықтырылды (79,6%), диспансерлік есепте 16465 бала (14,9%) тұр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет