4-мақсат: Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру 2013 жылы мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 23 қалалық ісшаралар мен конкурстар өткізілді. Аталмыш ісшараларға қала тұрғындары, оқушылар, студенттік жастар, мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар қалалық ісшараларға атақты қазақстандық эстрада жұлдыздары «Мюзикола», «Ринго», А.Жеменей, Е.Кокеев, Р.Рымбаева, Н.Абдуллин, Ә.Каримов қатысты және қала мен облыстың мәдениет үйлерінің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік бағдарламалар өткізілді.
Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша.. Жалпы қала тұрғындарының бағасы оптимистік тұрғыдан нейтралды-оптимистік. Жауап берушілердің көбісі атқарылып жатқан жұмысты қолайлы деп ойлайды. Бұндай нәтижеден ешқандайда теріске шығару, шиеленісушілік байқалмады. Сонымен қорытындылай келе Қарағанды қаласы тұрғындарының 85 % -ы мәдениет саласының сапа деңгейімен қанағаттанатындықтарын байқатты.
Кітапханалардағы электрондық ресурсты қолданушылар саны 10,3 мың адамды құрады, яғни жоспарға сай 100%.. Электрондық каталогқа енгізілген кітапханалар қоры 45 мың бірлікті құрады.
Кітапхана қорын толықтыру үшін бюджеттен 5,6 млн. теңге бөлінді. Баға ұсынымының сұраныс әдісімен электронды мемлекеттік сатылым көмегі арқылы 584,8 мың дана әдебиеттер алынды., оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 125,3 мың дана. ОКЖ 20 компьютермен толықты. Кітапханашылар қызметін жеңілдету үшін КАБИС бағдарламасымен қамтамасыз етілді.
2013 жылы "Молодежный" МҮ-нің төбе жабындысы және жылыту жүйесі жөнделді, "Локомотив" спорт кешенінің технологиялық құрылғылары ауыстырылды, "Шахтер" стадионындағы орталық алаңның қосалқы жасанды жабындысы ауыстырылды, "Шахтер" стадионындағы пласстмасалы орындықтар ауыстырылды, "Молодежный" МҮ-нің автоматты өрт сөндіру жүйесі жөнделді. Жұмыстар уақытында орындалды.