2-мақсат: Ұлттық және аймақтық экономикада бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіптегі құрылымдық жылжулар 2013 жылдың қорытындысы бойынша қаланың кәсіпорындарымен өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлемі 282 млрд. 825,2 млн. теңгені немесе 2012 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 111,6 % құрады. НКИ 95,4% құрады.
Өндеу өнеркәсібінің НКИ былтырғы жылға қарағанда 96,5% немесе 87 млрд. 455,1 млн. теңгені құрады.
НКИ көлемдерінің көрсеткіштерінің төмендеуінің басты себебі, Костенко атындағы шахтаның, "ИП Эфес Казахстан" АҚ және машина жасау саласынның ("Арселор Миттал теміртау" АҚ және "Қазахмыс корпорациясы" ЖШС сияқты ірі жүйе құрушы кәсіпорындары жағынан сұраныстардың төмендеуімен байланысты) өндірістік көрсеткіштерінің төмендеуі. Сонымен қатар, 2013 жылдың басынан қала құрушы 2 ірі кәсіпорын "Вторпром" ЖШС және "Силициум Казахстан" ЖШС бастап қаржылық мәселелеріне байланысты тұрып қалды.Өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 6408,2 мың теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 110,2% (2012 жылы 5815 мың теңге).
2013 жыл қорытындысы бойынша тау-кен қазу саласының өндіріс көлемі 12 млрд. 312,4 млн. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 151,9% құрады.
2013 жылы электрэнергияның, бу, газ беру және ауа кондицирлеуді бөлу және өндірудің көлемі 69 млрд. 474,6 млн. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 107,2% құрады.