Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"



бет10/24
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#7803
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Халықты әлеуметтік қорғау


3-мақсат: Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі
2013 жылы «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не 1370 адам МАӘК тағайындауға жүгінген, олардан МАӘК алушыларының санынан еңбекке қабілетті тұрғындарының саны – 457 адам, нәтижесінде 2013 жылы МАӘК алушыларының құрамында еңбекке қабілетті тұрғындардың үдемелі салмағы 33,4 % құрайды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда тенденцияның төмендеуі қаралады. Өтініш берушілердің санының азаюы еңбекақы төлемінің өсуімен, жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар мен бір жасқа толуына дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерінің өсуімен байланысты.
2012 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 15244 теңгені құрады, 2013 жылы – 16392 теңге, сәйкесінше ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуінің темпі 106 % құрады.
01.01.2014 жылғы жағдай бойынша әлеуметтік арнайы қызметтер бойынша мұқтаж тұлғалардың саны 2406 адамды құрады, 2013 жылы жоғарыда аталған қызметтермен 1966 адам қамтылған, осыған байланысты әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетумен қамтылған тұлғалардың үдемелі салмағы – 81,7 %. Арнайы әлеуметтік қызметтермен мемлекеттік сектор ұйымдарымен 1956 адам қамтылған, мемлекеттік емес ұйымдармен – 10 адам.
2013 жыл бойынша жұмыспен қамту мәселесі бойынша 10710 адам жүгінген, олардың тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылғандары – 10447 адам, жылдың қорытындысы бойынша жұмысқаорналастыруға жәрдем көрсетуге жүгінген тұлғалардың санынан жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 98 % құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштен жоғары.
Жаңа жұмыс орындарын құру көрсеткіші орындалды. Жастар тәжірибесі бойынша 111 адамға, әлеуметтік жұмыс орындарына 130 адамға, қоғамдық жұмыстарға 883 адамға жұмыс орындары құрылған, 983 адамға кәсіпорындардан бос жұмыс орындары түскен.
Жұмыспен қамтылған тұрғындардың жалпы санынан өздігімен жұмыспен қамтылған тұрғындардың үлесі 6,6 % құрады.
Жылдың қорытындылары бойынша қоғамдық жұмыстарға 102 млн. теңге жалпы сомасындағы еңбек ақы төлемімен 883 адам, кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылатуға 4,9 млн.теңге сомасына 350 адам жолданған.
Жұмыспен қамту саласында тұрғындарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар 27,8 млн. теңге сомасында көрсетілген, оның ішінде:
- 2,2 млн. теңге сомасында 43 адамға жеке істі ашуға материалдық көмек көрсетілген;
- 11,3 млн. теңге сомасында 130 адамға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған;
- 14,3 млн. теңге сомасында 111 адамға жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылған.
2013 жыл бойынша келесілер төленген:
- 407 отбасына/1370 алушыға 46,5 млн. теңге сомасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек. МАӘК орташа мөлшері отбасының бір мүшесіне айына 2 829,4 теңге;
- әрбір балаға айына 1731 теңге мөлшерінде 1164 балаға 587 отбасына 14,0 млн. теңге мөлшерінде балалар жәрдемақысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет