Приказ №100 от 1 июля 2010 г "Методические инструкции по проведению мониторинга стратегических и программных документов, стратегических планов государственных органов, включающих форму и порядок составления оперативной отчетности"



бет22/24
Дата05.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#7803
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
5- бағыт. Мемлекеттік қызметтер


1- мақсат: Әлеуметтік маңызды қызмет көрсету сапасын жоғарлату
Техникалық жабдықтау.
Қойылған мақсаттарға жету үшін электрондық құжатайналым жүйесіне қосылуына жұмыс орындарын көбейту бойынша күнделікті жұмытар өткізу; «электрондық әкімдігі» материалдық-базасын және инфрақұрылымын дамыту; электрондық мемлекеттік қызметтерін қосылу сапасын бағалауды өткізу; халықты, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерді электрондық форматта мемлекттеік қызмет көрсету бойынша компьютерлік сауаттылын оқыту; ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауға қамтамасыз ету; «электрондық үкімет» базалық компоненттеріне қалыптастыру ережесін сақтауға және Қазақстан Республикасының көлік және байланыс министрлігімен бекітілген ақпараттық-байланыстық технологиялары бойынша салалық ережелерін орындауды қамтамасыз ету;
Қарағанды облысындағы «Электрондық әкімдік» құру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2006-2010 жылдарда басқару органдарын компьютерлік техникамен, серверлік құрылғылармен техникалық жабдықтау жүргізілді. Сонымен қатар жергілікті есептеу желілерін құру және серверлік бөлмелерді дайындау бойынша жұмыстарға көңіл бөлінді. Жоғарыда айтылған Бағдарлама шеңберінде негізгі жұмыстар серверлік құрылғылар, жергілікті есептеу желілері мен серверлік бөлмелерді жабдықтауға бағытталды. Қазіргі кезде «Электрондық әкімдік» инфрақұрылымды дамыту Қазақстан Республикасының көлік және коммуникания министрлігімен құрастырылған «Ақпараттық Қахзақстан – 2020» Мемлекеттік республикалық бағдарламасы арқылы жалғасады.
Кабельдік құрылымның физикалық тозуына және кабель жүйесінің байланыс бұзылуына байланысты 2012 жылда бүкіл әкімдік ғимаратында кіші АТС қосылуымен құрылымдық кабель жүйесін бөлшектеу және қайта құру жұмыстары өткізілді. Пассивті (құрылымдық кабель жүйесінің жабдықтары үшін материалдар) және белсенді (қорғау құралдары, басқару коммутаторы, сервер, коммутаторлар (свитч) - 15 дана., VMWare виртуалды бағдарлама, үздіксіз қоректену)
Жергілікті атқарушы органдардың компьютерлік техникамен қамтылу үлесі 80 пайызды құрайды; Интернет желісіне қосылу мемлекеттік органдарының Бірігей шлюзы арқылы қол жетерлік 2 мb/s орташа өткізу қабілеті бар байланыс арналарында ұйымдастырылған.
«Қарағанды қаласы әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік органдарға мүмкін қызметтерді әрі Интернет желісі арқылы көрсету мақсатында қажетті байланыс арналарына қосылған бір сервер жұмысын істеп тұр. Серверде ақпараттық жүйе ретінде Windows server-2003 ақпараттық жүйесі, ал МББЖ ретінде MSSQL Server жүйесі қолданылу үстінде.
Байланыс арналары.
Қарағанды облысындағы «электрондық әкімдік» құру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2006-2010 жылдарда және Ақпараттық Қахзақстан – 2020» Мемлекеттік республикалық бағдарламасы арқылы «Қазақтелеком» АҚ қатысуымен облыстың ЖАО Бірыңғай транспорттық желісін (БТЖ) құру бойынша жүргізілген жұмыстар жалғасуда. БТЖ «жұлдыз» топологиясындағы IP VPN базасында құрылып, БТЖ қатысушыларының қосылу жылдамдығы 128 кбит/с - 2 мбит/с-қа аралығында. Облыстың БТЖ-не барлық жоғы 16 мекеме қосылған, олардың ішінде әкімдік ғимаратында -10 мемлекеттік мекемелер, ғимараттан тыс - 6 мекемелер.
Қазіргі уақытта Қарағанды қалаларының жергілікті атқару органдарында (ЖАО) келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істеп жатыр:

  • электрондық құжат айналымы жүйесі (16 ЖАО);

  • қызметкерлерді басқару жүйесі (16 ЖАО);

  • электрондық құжат айналымы жүйесі үшін электрондық құжаттарды архивтеу модульі (16 ЖАО);

  • жергілікті бюджеттерді орындаудың «Қаржы үйі» қаржы мониторингі (16 ЖАО);

  • облыстың аймақтық болжамдау картасы (1 ЖАО);

  • әлеуметтік-маңызы бар тауарлардың бағаларын мониторинг жасау (1 ЖАО);

  • сайлаушы тізілімін құрастыру (1 ЖАО);

  • бірігей облыстық диспетчерлік қызметі (3 ЖАО);

  • коммуналдық меншікті есепке алу (1 ЖАО);

  • жалдау келісім-шарттарын есепке алу;

  • Е-әкімдік электрондық үкіметінің аймақтық шлюзі (2 ЖАО);

  • Мекен-жай регистрі (2 ЖАО);

  • Білім ал электрондық мектеп порталы (1 ЖАО);

  • Жұмыспен қамтылу (1 ЖАО);

  • Еңбек нарығы (1 ЖАО);

  • СОБЕС (1 ЖАО).

Е-үкіметтің базалық компоненттерін пайдалану.
Қарағанды қаласының жергілікті атқарушы органдары деңгейінде жұмыс істейтін е-Үкіметтің базалық компоненттері бұл:

  1. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі;

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының бірыңғай транспорттық желі.

  3. Е-әкімдік электрондық үкіметінің аймақтық шлюзінің веб-порталы;

  4. «Адрестік регистр» мемлекеттік ақпараттық жүйесі;

  5. Ашық кілттер құрылымы.

Электрондық құжат айналымы (ЭҚА) жүйесі қаланың 16 мемлекеттік мекемесінде енгізілген.
«Адрестік регистр» ақпараттық жүйесі (АР АЖ) жобасы шеңберінде 2007 жылы АР АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жылжымайтын объектілер адрестерін түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Бірінші деңгейдегі жылжымайтын объектілер адрестерінің түгендеуі базасы 88 %-ға тең, «Жылжымайтын объектілер регистрі» жүйесінде бірінші деңгейдегі объектілерінің айырмашылық саны 17760 бірлікті құрайды. Екінші деңгейдегі жылжымайтын объектілердің түгендеуі базасы 99,4%, ал екінші деңгейдегі жылжымайтын объектілердің
айырмашылық саны 17846 бірлікке тең..
Көрсетілген жүйелерден басқа 2007 жылдан бастап қала әкімі аппаратының Ақпараттық порталы жұмысын істеп жатыр. Бүгінгі күні бұл портал арқылы 20 ақпараттық қызмет көрсетіледі. Олардың ішінде: қала әкімінің блогы, жаңалықтарға жазылу, әрбір мемлекеттік мекеме жөніндегі ақпарат, мемлекеттік сатып алулар бойынша қызмет.
Порталдың құрылымы 500 нысаналы беттері бар 55 категориялардан, 1-ші деңгейдегі 74 тараудан, 2-ші деңгейдегі 69 тараудан, 3-ші деңгейдегі 117 тараудан, 4-ші деңгейдегі 7 таруадан құралады.
«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасында қоғамдық қол жеткізу бөлімшелерінің желісі құрылды. Мұндай бөлімшелерді құру ең алдымен Халыққа қызмет көрсету орталықтары, әкімдіктер, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, кітапханалар, Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталықтары, ІІБ жол полициясы, оқу орындары, ірі сауда орталықтарының құрылымдарын қамтиды.
Казіргі уақытта қалада 16 қол жеткізу пунктері жұмыс істейді. Оның ішінде «Қарағанды қаласы әкімі аппараты» ММ теңгерімде 1-ші типті бір қол жеткізу пункті, «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппараты» ММ 1-ші типті 9 қол жеткізу пункті, ал «Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппараты» ММ 6 қол жеткізу пункті, оның ішінде 2-ші типті 3 қол жеткізу пункті және 1-ші типті 3 қол жеткізу пункті бар.
Қарағанды облысы әкімдігінің «Қол жеткізу пунктерін республикалық меншікке беру» Қаулысын орындау барысында Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК теңгеріміне беру жұмыстары өткізіледі.
Сонымен қатар, 2007-2008 жылдар аралығында қалада «2007-2009ж.ж. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті жою» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Халықтың әртүрлі деңгейдегі өкілдеріне тегін білім беретін компьютерлік сыныптар ашылды. 2 жыл ішінде аталған бағдарламамен 8545 адамды қамтылды.
2013 жылда жұмыссыз тұлғаларға және шала-шарпы жұмыспен қамтылған, шектеулі мүмкіндігі бар тұлғалар үшін, егде адамдар және басқа категориялы әлеуметтік қорғалмаған топтағы халыққа қосымша оқыту курстары жоспарланған және Қарағанды қалсының 2012-2015 жылдары даму бғадарламасына сәйкес компьютерлік сауаттылық курстарымен 9722 адам оқытылды.
Мемлекеттік қызметтер.
Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігі мен «ҰАТ» АҚ қоса 2013 жылдың 23 қыркүйектің № 991 «Мемлекеттік қызметтердің үйлесімдеу және автоматтандыруға жататын тізілімін және электрондық түрге келтіру мерзімін бекіту туралы»Үкімет қаулысына және ҚР Премьер-министрінің орынбасары бекітілген жоспардың іс-шараларына сәйкес мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру жұқмыстары жүргізіледі.
Қарағанды облысы әкімі аппаратымен «Қарағанды облысының электрондық қызметтер порталы» ақпараттық жүйесі құрастырылған және тәжірибелі түрде көшірілген және Қарағанды облысында тұратын әр түрлі мінездемесі бар азаматтарға web-порталы арқылы электрондық қызметтерді көрсету мүмкіндігін береді, соның ішінде әр түрлі мемлекеттік мекемелері мен облыстық қызметтері және халықтың арасында жедел, ашық, нақты және көрнекі сұхбаттасу жұмыстарын қамтамасыз етіледі.
Қазіргі таңда облыс деңгейінде барлық көрсетілген құжаттарына сәйкес жергілікті атқару органдарының құзіретіне жататын электрондық үкімет порталына 35 мемлекеттік қызметтер шығарылды және халық үшін қол жетімді электрондық қызметтері және сервистері бар, олар:

  • Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы алуға кезекті байқау, мемлекеттік тұрғын үй қорыдан баспана алуға өтініштердің статистикасы, баспананы алуға өтініштердің тізімі;

  • ЖТҮҚ-қа жер учаскесін алуға кезекті байқау, жеке тұрғын үй құрылысқа жер учаскені алуға өтініштердің статистикасы, жер учаскені алуға өтініштердің тізімі;

  • Балабақшаға кезекті анықтау.

  • ТҮКШ сұрақтары бойынша өтініштер

  • Қызмет көрсету электрондық картада азаматтардың түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және визуалдық бейнелеу жағдайы сұрақтары бойынша жолданымды орналастыру үшін арналған өтініштер;

  • балаларға жәрдемақы, адрестік әлеуметтік көмек, баспана көмегі бойынша әлеуметтік калькуляторлар;

  • Азық-түліктің бағасы;

  • Әкім облысының бизнесті қорғау;

  • Қарағанды облысы әкімінің Блогына өтініштерді қабылдау;

  • Облыстың инвестициялық жобалары;

  • Өзін cайлаушылар тізімдeрінде тексерші, сайлау учаскелердің шектері, сайлау учаскені іздеу:

  • Мұрағаттық құжаттардың орналасқан орның анықтау;

  • Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметінің оперативтік ақпараты;

  • Компьютерлік сауаттылығына кіріспе.

Әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі жалпы жеке және заңды тұлғалардың санынан 86% құрайды.
Қарағанды қаласы әкімдігінде 2013 жылдың 12 айында жеке және заңды тұлғаларға 109272 қызметтер көрсетілген, соның ішінде ХҚКО арқылы 14274 (13%).
2013 жылдың қорытындысы бойынша әкімдігінде барлығы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 142 мерзім бұзушылық белгіленді. Ең көбі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті мен Қарағанды облысы әкімі аппараты және Қарағанды қаласы әкімі аппаратымен ішкі бақылау жұмыстары өткізілгеннен кейін байқалды.
Жергілікті атқару органдырның мәліметті бойынша 12 айда Қарағанды облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы әкімдігінде 14274 қызмет көрсетілгеннің ішінде 2 қызмет мерзім бұзылды, оның ішінде 1 мерзім бұзушылық – «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ және 1 мерзім бұзушылық – «Қарағанды қаласының тұрғын-үй қатынастары бөлімі» ММ, ал ол барлық қызмет көрсеткен санынан 0,1% -н құрайды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет арқылы қабылданған 140 өтінім мерзім бұзушылығымен қарастырылды, олар 129 мерзім бұзушылық – «Қарағанды қаласының жер қатынастары бөлім» ММ, 11 мерзім бұзушылық - «Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, бұл барлық мемлекет мекемелер арқылы қызмет көрсеткен санынан 1% құрайды.
Облыстық ХҚКО арқылы есептік мерзімінде 1 шағым байқалды, бұл барлық қызмет көрсеткен санынан 0,1% құрайды.
Сол себепті, әлеуметтік маңызды қызметтер көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі 86% жоғары болады..
Жергілікті атқару органдары әлеуметтік маңызды қызмет көрсететін қызметтердің саны – 9. Құрастырылған әлеуметтік маңызды электрондық қызмет көрсететін қызметтердің саны – 9, бұл электрондық форматқа келтірілген қызметтердің 100% құрайды.

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет