Примерные



бет26/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Сюжеттік- рөлдік ойындар. Тәрбиеші ойын шартын ұйымдастырады, құрал- жабдықпен қамтамасыз етеді, балалардың қиялын ынталандырады. Бұл орталыққа үй шаруашылығы мен модельдеу орталықтары енгізіледі.

Ойын кезінде балалардың қызығушылықтарын бағыттайды және бағдарламамен қарастырылған қызметтің басқа түрлерін пайдалана отырып, балалардың өз сезімдерін қаншалықты жеңіл білдіруін бақылайды.

  • Ғылымдар. Тәрбиеші балаларға зерттеушілік жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл жерде олар тәжірибелерді бақылайды, зерттейді, өткізеді, жануарлар, құстар, жәндіктер туралы энциклопедияларды қарап шығады. Орталық материалмен қамтамасыз етілген, оларды балалар өздігінен пайдаланады.

  • Құрылыс. Орталық құрылыс жинақтары: «Лего», «Жас сәулетші», «Өзің жина» жиынтықтарымен, құрылымдаушыларылармен жарақталған, балалар олардан әр түрлі құрылыстар, үйлер, көпірлер құрастырады, олармен өздері ойнайды. Тәрбиешінің рөлі- балалардың бір- бірімен қлай өзара әрекеттесетінін бақылау, балаларды ынталандыру, балаларға өз проблемаларын шешуге көмектесетін сұрақтар қою, қажетті материалдарды қосу, ойыншық ғимараттарға тақташалар дайындау. Балаларға өз құрылыстарын келесі күнге дейін сақтауларына рұқсат етуге болады.

  • Кітаптар. Балалар ертегілер мен әңгімелерге арналған әр түрлі иллюстрацияларды қарап шығады, суреттер, өз тәжірибесі бойынша әңгімелер құрастырады; әдеби викториналар өткізіледі; сондай-ақ тәрбиешілермен және ата- аналармен бірге отырып, балалар әр түрлі тақырыптарға : «Менің балалық шағым», «Қызықты оқиғалар», «Менің сүйікті ойыншықтарым», «Менің Қазақстаным», «Менің қалам», «Менің ойыншығым» кітапшаларын шығарады. Кітапшалардың авторлары балалардың өздері болып табылады.

  • Өнер түрлері. Тәрбиешілер балаларға алуан түрлі материалдарды пайдалана отырып, сурет салудың әртүрлі тәсілдерін байқап көруге, шығармашылығын, түстерді, формаларды сезінуді дамытуға, әртүрлі материалдарды араластыра пайдалану мүмкіндігін береді.

  • Математика. Бала сандар, заттар мен көпмүшелер арасындағы логикалық қатынастар жүйесін меңгереді. Балалар геометриялық фигуралар жиынтықтарын, есептеу материалдарын еркін пайдаланды, сондай-ақ санау таяқшаларымен жұмыс істеуді ұнатады, олар әртүрлі фигуралар жасайды. Бұл жерде олар есептейді, қисынды есептерді шешеді.

  • Сауат ашу. Сауат ашуға оқыту бойынша сабақ жүргізіледі. Бұл жерде балалар әріптермен, тілдің дыбыстық мәдениетімен танысады, оқуды және жазуды, әңгімелер құрастыруды, қаламды, дәптерді дұрыс ұстауды үйренеді, байланысты тілді дамытады.

Орталықтарда әрбір балаға қолжетімді саналуан материалдар болады. Оларды тәрбиеші баланың зерттеушілік белсенділігін ынталандыру үшін мұқият іріктеп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет