Принциптері Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы


Психодинамикалық арттерапия



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#94589
1   2   3   4
Байланысты:
№4 апта сабақ

Психодинамикалық арттерапия
1. Жеке тұлға біртұтас күйде зерттелу керек.
2. Адам өмірі біртұтас ретінде зерттелуі керек (яғни онтогенездің барлық кезеңдері - туылғаннан өлуге дейін).
3. Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру - адам өмірінің негізгі мақсаттары болып табылады (олар мағына мен мәнді құрайды).
4. Өмірдің үш негізгі бағыттары бар: рахатқа деген қажеттілік, қолдау және қауіпсіздік қажеттілігі және шығармашылық жетістікке жету қажеттілігі.
Гуманистік арттерапия.
Гуманистік психологияның негізгі ережелерін жалпы алғанда төмендегідей қысқаша сипаттауға болады (Шарлотта Бюлер):
5. Әрбір адам тұлғаның жеке басын сипаттайтын негізгі қажеттіліктерді модельге біріктіруге деген терең қажеттілікке ие.
6. Әр адам жанның көмегімен кикілжіңдік тенденциялар мен полярлықты теңестіру қажеттілігіне тап болады.
7. Кінә және мазасыздану суперэгоны ғана «іздеудің» нәтижесі болып табылмайды. бірақ көбінесе өзіндік креативті әлеует немесе саналы өмір стилін жасаудағы сәтсіздіктерді жою салдары болып табылады.
8. Тұлға – реинтеграцияға және полярлық байланыстарды біріктіруге деген ұмтылысқа бүкіл өмір барысында үнемі өзгермелі және сонымен қатар бір мезгілде тұрақты.
Гуманистік психологияның негізгі ұғымдары (А. Маслоу, А.Гольдштейн, К.Роджерс, Дж. Рин және басқалар): өзін-өзі дамыту қажеттілігі (Маслоу бойынша бұл – кез-келген іс-әрекеттің қайнар көзі болып табылады), тұтастық, бірегейлік, жеке өсу процесі.
Жалпы алғанда, арт-терапиядағы гуманистік көзқарас үш философиялық жорамалға негізделген:
1. «Ақылсыз» адамдар жоқ, нақты проблемаларға тап болған адамдар бар. Өмір сүруге деген ұмтылысты күшейту, өмір мәнін табу қабілетін дамыту және өмір салтын барынша креативті етуге көмек көрсету шығады.
2. Барлық адамдарға тән түрлі өмір кезеңдерінде (өмірлік дағдарыстар теориясы) сәтті жүзеге асу (өзін-өзі өзектендіру) қабілетсіздігі.
3. Өзін-өзі өзектендіру нәтижелері жеке тұлға өмірді рухани ететін өзіндік трансцендентті мақсаттарын тұжырымдау жағдайына жеткенше стерильді болып табылады.
Гуманистік арт-терапияның мақсаты – полярлық арасындағы (мысалы, махаббат – жек көру, әлсіздік - күш, алшақтау - жақындау, ынтымақтастық - бәсекелестік, тәуелділік - тәуелсіздік, үстемдік - бағыну, және т.б.) теңгерімділікті сақтай алатын жеке тұлғаның тепе-теңдігін дамыту. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін адамның жаһандық мақсаттарын нақтылау қажет. Осыдан гуманистік арттерапияның жеке адамның көкжиегін кеңейту міндеті келіп шығады:
- өмірдің тұтастығын қолдау (дамыту),
- шынайы даралыққа жету,
- автономиядан тұлғааралық байланыстар жақындығына көшу,
- негізгі өмірлік мақсаттарды тұжырымдау,
- өмір шеңберінде шынайы перспективаларды дамыту,
- ішкі өмірлік дағдарыстарды адекватты қабылдау (мысалы, «сындарлы жалғыздық» түсінігі),
- символдық коммуникацияның аса терең деңгейлерін дамытуда эмпатия мен интуицияны пайдалану.
Экзистенциалды арттерапия гуманистік психологияның жеке тұлғаға деген қатынас туралы негізгі ережелерін қабылдай отырып, индивидке символикалық деңгейде берілген экзистенциалды бастан кешу мен дағдарыстардың болмай қоймайтындығы туралы көзқарастармен толықтырды. Ал өмір сүрудің символикалық деңгейі – бұл адамның түр ретіндегі сипатына тән ерекшеліктер. Арттерапия – дамудың осы кезеңіндегі (қалыпты) индивидтің символикалық деңгейінің өзгеруі (қайта құру, трансгрессия және т.б.) және бұзылған, бұрмаланған символдық үрдістің (патология) қалпына келуі.
Символдар бізге туғаннан берілмейді, олардың дамуының белгілі кезеңдері бар (Л.Уилсон қараңыз):
1. Предперцепция (сезім деңгейі, нейропсихологиялық құбылыс).
2. Гештальттің құрылуы, бастапқы сезімдер нысанға айналады, ал нысан танылады (адаммен де, жануармен де).
3. Толық гештальт - тек енді сезімде емес, ақыл-ой жүйесінде бір нәрсеге иелік ету мүмкіндігі бар. Бұл нақты абстракция және концептуализация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет