Принциптері


  Тауарлы-материалдық босалқылар, олардың



Pdf көрінісі
бет120/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

8.1 
Тауарлы-материалдық босалқылар, олардың
жіктелуі және бағалануы 
 
Тауарлы-материалдық босалқылар дегеніміз – бұл: 
-
өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді атқаруға 
арналған шикізат қоры, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар және 
құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, отын, ыдыс және 
ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түріндегі 
активтер; 
-
аяқталмаған өндіріс түріндегі активтер; 
-
субъектінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізуге арналған 
дайын өнім және тауарлар түріндегі активтер. 
Шикізат деп – әдетте, ауыл шаруашылығы мен пайдалы қазбалар 
өнімін (астық, көмір, кен т.с.с.) атайды, ал материалдар өңдеуші 
өнеркәсіптердің (мата, қант, ұн т.с.с.) өнімі болып табылады. 
Материалдар деп - өндірістік немесе басқа шаруашылық процесінде 
еңбек заттары ретінде пайдаланылатын, әрбір циклда бүтіндей тұтынылатын 
және өздерінің құнын өндірілетін өнімнің, орындалатын жұмыстың және 
көрсетілетін қызметтің құнына толығымен қосатын субъектінің 
материалдық-өндірістік босалқыларының бір бөлігін атайды. 
Сатып алынған шала фабрикаттар, құрастырмалы бұйымдар, 
құрылғылар мен бөлшектер деп - кәсіпорынның өндірістік циклында 
тұтынылатын және өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрайтын одан 
арғы өңдеу немесе жинақтау шығындарын қажет ететін сырт 
кәсіпорындардың өнімдерін атайды. Мысалға сатып алынған шала 
фабрикаттарға құрылыс конструкцияларын жатқызуға болады. 
Отын - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістегі технологиялық 
қажеттіліктерге, энергия өндіруге және ғимараттарды жылытуға арналады. 
Отынның бірнеше түрлері болады: мұнай өнімдері (мұнай, дизельдік отын, 
керосин, бензин), сүйекті отын (көмір, сексеуіл, ағаш), газ түріндегі отын. 
Ыдыс және ыдыстық материалдар деп - әр түрлі материалдарды және 
өнімдерді орау, тасымалдау, сақтау үшін пайдаланылатын заттарды (қаптар, 
жәшіктер және қораптар), сонымен қатар ыдыстарды дайындауға және оны 
жөндеуге кететін материалдар мен детальдарды (жәшік жасауға кететін 
бұйымдар, бөшкенің қалақ бөлшегі, дөңгелек темір және басқалар) атайды. 
Қосалқы бөлшектер машиналардың, жабдықтар мен көлік 
құралдарының тозған бөлігін жөндеу және ауыстыру үшін пайдаланылады. 
Қосалқы бөлшектерге басы артық және айналымда жүрген автомобиль 
дөңгелектері де жатады. 
Басқа да материалдар деп ақаулары жөнделмейтін материалдарды, 
сонымен қатар осы кәсіпорында материалдар, отын немесе қосалқы 
бөлшектер құрамында пайдаланылмайтын негізгі құралдарды есептен 
шығарудан алынған материалдық құндылықтарды (металл қалдығы, ескі 
шикізаттар, тозған доңғалақ) атайды. 
200 


Өндірістің қайтарымды қалдықтары деп өнімді өндіру процесінде 
пайда болған бастапқы тұтынушылық қасиеттерін толығымен немесе жарым-
жартылай жоғалтқан шикізат пен материалдардың қалдықтарын (үгінділер 
және басқалар) атайды. 
Өндіріс процессінде пайдаланылу мақсатына қарай барлық босалқылар 
негізгі және көмекші болып бөлінеді. 
Негізгі материалдар өндірілетін өнімнің материалдық (заттай) негізін 
құрайды және оларды дайындаудағы қажетті құрамды бөліктер 
(компоненттер) болып табылады. 
Көмекші материалдар өндірілетін өнімнің құрамына кіреді, бірақ оның 
негізгі материалдардан айырмашылығы, өндірілетін өнімнің заттай негізін 
құрамайды. Көмекші материалдар өнімге белгілі бір тұтынушылық қасиет 
беру мақсатында шикізаттар мен негізгі материалдарға әрекет ету үшін 
(тағамдық бояғыштар, дәмдік қоспалар, кондитер өнеркәсібіндегі 
татымдылықтар т.б.), еңбек құралдарын қарап, күту үшін (жағармайлар және 
т.б.) пайдаланылады. Материалдарды негізгі және көмекші материалдарға 
бөлу шартты түрдегі сипатқа ие, өйткені ол өнімдердің кейбір түрлерін 
өндіру кезінде тек пайдаланылған материалдардың санына ғана байланысты 
болады. 
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары материалдардың құрамында 
тұқымды, көшеттер мен мал азығын, минералды тыңайтқыштарды, ауыл 
шаруашылығы дақылдарының ауруларымен және зиянкестермен күреске 
пайдаланылатын улы химикаттарды және ауыл шаруашылық малдарының 
ауруларымен күреске пайдаланылатын биопрепараттар, дәрі-дәрмектер, 
химикаттар және басқаларды есептейді. 
Барлық өңдеу кезеңдерін өтпеген және техникалық бақылау бөлімі 
қабылдап алмаған өнімді, сонымен қатар тапсырыс берушілер қабылдап 
алмаған аяқталмаған жұмыстарды аяқталмаған өндіріс деп атайды. 
Дайын өнім деп - толық өңделген, техникалық және сапалық 
сипаттамалары келісімнің шарттарына немесе заңда көрсетілген жағдайларда 
басқа да құжаттардың талаптарына сай келетін, өндірістік процесстің соңғы 
нәтижесі болып табылатын субъектілірдің сатуға арналған материалдық-
өндірістік босалқыларының бір бөлігін атайды. 
Тауарлар дегеніміз - басқа заңды және жеке тұлғалардан сатып алынып, 
қосымша өңдеусіз қайта сатуға арналған субъектілердің материалдық-
өндірістік босалқыларының бір бөлігі. 
Тауарлы-материалдық босалқылар есебіндегі кезеңдік және үздіксіз жүйелер 
Тауарлы-материалдық босалқылар есебінде кезеңдік және үздіксіз 
жүйелер қолданылуы мүмкін. Кезеңдік есеп жүйесін қолдану барысында жыл 
ішінде тауарлы-материалдық босалқылардың есебі нақтыланып егжей-
тегжейлі жүргізілмейді. Тауарлы-материалдық босалқылардың нақты бары 
кезең сайын жүргізіліп отыратын босалқыларды түгелдеу нәтижесі бойынша 
анықталады.
201 


Түгелдеу 
аяқталмай 
сатып-өткізілген 
тауарлы-материалдық 
босалқылардың құны анықталмайды. Өйткені сатылған тауарлы-
материалдық босалқылардың өзіндік құны келесі формуламен анықталады: 
Есепті кезеңнің басындағы тауарлы-материалдық босалқылардың қалдығы 

Келіп түскен тауарлы-материалдық босалқылар 

Сатып-өткізуге дайын тауарлы-материалдық босалқылардың 
өзіндік құны 

Есепті кезеңнің аяғындағы тауарлы-материалдық
босалқылардың қалдығы 
=
Сатып-өкізілген тауарлы-материалдық босалқылардың
өзіндік құны 
Тауарлы-материалдық босалқылардың белгілі бір түрлерінің осы 
кезеңдегі нақты барының есебі егжей-тегжейлі жүргізілмейтіндігі кезеңдік 
есеп жүйесінің негізгі кемшілігі болып табылады. Тауарлы-материалдық 
босалқылардың кезеңдік есеп жүйесі негізінен біртекті өнім шығаратын және 
оны өндіруге шикізаттардың, материалдардың азғантай түрлері мен 
қарапайым технологиялық процесін қолданатын көтерме және бөлшек сауда 
кәсіпорындарында, өнеркәсіптік өндірістің кәсіпорындарында қолданылады. 
Тауарлы-материалдық босалқылардың үздіксіз есеп жүйесін қолдану 
барысында тауарлы-материалдық босалқылардың келіп түсуі мен шығуы 
олардың баланстық шоттарында толық жүргізіледі. Бұл жағдайда тауарлы-
материалдық 
босалқылардың 
кезеңдік 
есебінде 
пайдаланылатын 
шығындардың уақытша шоттары қолданылмайды. Нәтижесінде, жалпы 
есепті кезең ішіндегі тауарлы-материалдық босалқылардың белгілі бір 
түрлерінің нақты бары және сатылған босалқылардың өзіндік құны белгілі 
болады. 
Сатып-өткізілген тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құны 
сатып-өткізуге байланысты «Сатып-өткізілген өнімнің (тауардың) өзіндік 
құның шотында жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет