Бұдан байқайтынымыз, тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау
әдісі баға бір бағытта ұзақ уақыт тербелгенде, яғни жоғарылағанда немесе
төмендегенде, маңызды мәнге ие болады. Орташа құн әдісі бойынша алынған
табыс ЛИФО және ФИФО әдістері арқылы анықталған табыс көлемінің
аралығында болады.
Жоғарыда сипатталған тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау
әдістерінің әрбіреуі қаржылық қорытынды есепте қолдануға тиімді. Әрбір
әдістің өз артықшылығы және кемшілігі бар және олардың ешқайсысын ең
жақсы немесе ең жетілген әдіс деп қарастыруға болмайды. Бағалау әдісін
таңдау оның балансқа, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі
қорытынды есепке, табысқа салынатын салыққа және кәсіпорын басшылары
қабылдайтын шешімге тигізетін әсеріне байланысты болады.
Кәсіпорын үшін тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдісін
дұрыс таңдау негізгі мәселелердің бірі, өйткені, материалдық босалқылар
баланста да, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды
есепте де көрсетіледі. Өзіміз көріп отырғанымыздай, ЛИФО әдісі - қаржы-
шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есеп үшін ең
ыңғайлы әдіс болып отыр, өйткені ол тауарды сатудан түскен табыс пен оның
өзіндік құнын ең жақсы қалыпта салыстырады. Бірақ, тауарлы-материалдық
босалқылардың ағымдағы баланстық құнын бағалау кезінде, әсіресе, бағаның
жоғарылау немесе төмендеу тенденциясы ұзаққа созылғанда тиімді емес.
Екінші жағынан, ФИФО әдісі бухгалтерлік баланс құру кезінде ең
ыңғайлы әдіс болып табылады, өйткені есепті кезеңнің аяғындағы
босалқылардың өзіндік құны ағымдағы бағаларға мейлінше жуықтайды,
сөйтіп кәсіпорын активтерінің шынайы жағдайын көрсетеді. Қаржылық
қорытынды
есепті
пайдаланушы
тұлғалар
тауарлы-материалдық
босалқыларды бағалау әдістеріне зор ықылас қойып, оларды қолданудың
нәтижесін бағалай білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: