арасында ауытқушылықтар анықталатын болса, онда құндылықтарды
қабылдап алу үшін құрылған комиссия екі дана етіп «Материалдарды
қабылдау актісінң (№ М-7 нысан) толтырады. Материалдарды қабылдау
актісі тек ауытқулар анықталған құндылықтарға ғана толтырылады. Сонымен
қатар, материалдарды қабылдау актісі фактураланбаған жабдықтаулар болған
жағдайда да толтырылады.
Материалдарды қабылдау актісінде жолдама көліктік құжаттарға
сәйкес құндылықтардың нақты бары, тапсырылатын бекетіне (кемежай, порт)
келетін мерзімі және уақыты, көлік мекемесінің жүкті беру немесе
алушының қоймасына жеткізу мерзімі және уақыты, алушының қоймасында
өнімді сақтау жағдайлары, құндылықтарды қарап қабылдау кезінде оның
ыдысының және орамасының жағдайы, құндылықтардың нақты бары, ақауы
және қирауы, жетіспеушіліктері, артық шыққандары және басқа да
мәліметтер көрсетіледі. Материалдарды қабылдау актісіне комиссияның
мүшелері қол қояды және оны алушы субъектінің басшысы бекітеді. Актінің
мазмұнымен келіспейтін тұлға онда өз пікірін білдіріп, жазып қол қояды.
Құндылықтарды қабылдап болған соң, актінің бір данасы
жабдықтаушының есеп айырысу құжаттары тіркеліп, материалдық
құндылықтарды кіріске алуға негіз ретінде бухгалтерияға беріледі. Актінің
екінші данасы жабдықтау бөлімшесіне беріледі және ол шағым хатымен
бірге жабдықтаушыға (жіберушіге) бағытталады. Акт шағым жасауға негіз
болатын құжат болып табылады.
Материалдардың түскенін бақылау келіп түскен жүк есебінің журналы
көмегімен жүзеге асырылады, ол жабдықтау бөлімшесінде жүргізіледі. Бұл
құжатта тіркеу номері; жазба жасалған мерзім; жабдықтаушының атауы;
көліктік жолдама құжатының мерзімі және номері; шоттың номері, мерзімі
және сомасы; жүктің түрі; кіріс ордерінің (қабылдау актісінің, жүкті іздестіру
жөніндегі сұрау) номері және мерзімі тіркеледі
Ескертуде шоттың төленгені туралы немесе акцептентартқаны жөнінде
белгі қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: