Принциптері


Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау



Pdf көрінісі
бет121/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау 
Тауарлы-материалдық босалқылар өзіндік құн мен сатып-өткізудің таза 
құнының ең төменгісімен бағаланады. 
Тауарлы-материалдық босалқыларды сатып-өткізудің таза құны әдеттегі 
шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасынан оларды 
жинақтауға және сатылуын ұйымдастыруға кеткен шығындарды 
шегергендегі мөлшерге тең болады. Сатып өткізудің таза құны тауарлы-
материалдық босалқылар бүлінгенде немесе олар ішінара не болмаса 
толығымен ескіргенде, немесе олардың сату бағасының төмендеуіне 
байланысты өзіндік құн қалпына келмейтін жағдайда ғана қолданылады. 
202 


Тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құнына босалқыларды 
сатып алуға кеткен шығындар, оны осы сәттегі сақтау немесе пайдалану 
орындарына жеткізуге және тиісті жағдайға келтіруге байланысты 
тасымалдау-дайындау шығындары, өнімді қайта өңдеуге (жұмыстар мен 
қызметтерді атқаруға) кеткен шығындар кіреді. 
Тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алуға кеткен шығындарға 
сатып алу бағасы, сырттан әкелуге салынған баж салығы, жабдықтаушы және 
делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы, тасымалдау шығындары 
және босалқыларды сатып алумен тікелей байланысты басқа да шығындар 
жатады. 
Сатып алуға кеткен шығындарды анықтау кезінде сауда жеңілдіктері, 
артық төленген соманы қайтару және осыған ұқсас басқа түзетулер 
шегеріледі. 
Материалдар сатып алу кезінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. 
Тауарлы-материалдық босалқылар есебінің міндеттері: 
-
материалдық құндылықтарды сатып алумен (дайындаумен) байланысты 
нақты шығындарды анықтау; 
-
тауарлы-материалдық босалқыларды дұрыс бағалау; 
-
материалдық босалқыларды кіріске алу және босату құжаттарын уақтылы 
және дұрыс толтыру; 
-
сақтау орындары және жауапты адамдар бойынша есепке алу арқылы 
материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау; 
-
бухгалтерлік есеп мәліметтерін тауарлы-материалдық босалқылардың 
нақты барымен салыстыру, субъектіге қажет емес материалдық 
босалқыларды анықтау және оларды сату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет