Принциптері


 Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік



Pdf көрінісі
бет30/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

3.3 Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік 
балансқа тигізетін әсері 
Бухгалтерлік есептегі баланстық тәсілдің мәні–қаржылық ресурстардың 
(активтердің) құрамы мен олардың құралу көздерін теңестіре салыстырып 
отыруда. 
Субъектілердің активтері (қаржылық ресурстары) бір түрден екінші түрге 
ауысып өнемі өзгеріп отыратыны мәлім. Сондықтан есепті мерзімнің басында 
баланста көрсетілген қаржылардың құрамы едәуір өзгереді, бірақ активтер мен 
олардың құралу көздері арасындағы теңдік бұзылмайды. 
Осындай түрлі шаруашылық операцияларының әсерінен болатын баланс 
көрсеткіштері өзгерісінің төрт түрі (типі) болады. 
Бірінші түрлі өзгерістер
баланстың “Активтер“ бөліміндегі баптардың 
құрамында болады. Белгілі бір сомаға бір бап көбейіп, екінші бап азаяды. 
Баланстық теңдік бұзылмайды. 
Мысалы: Есеп айырысу шотынан кәсіпорынның кассасына 500000 теңге 
нақты ақша алынды: 
Есеп айырысу шотындағы нақты ақша бабы 500000 теңгеге азаяды, 
Кассадағы нақты нақты ақша бабы 500000 теңгеге көбейеді. Нәтижесінде 
баланстық теңдік бұзылмайды. 
Өзгерістердің екінші түрі (типі)
баланстың “Меншікті капитал“ немесе 
“Міндеттемелер“ бөлімдерінде болады. Белгілі бір сомаға “Меншікті капитал“ 
немесе “Міндеттемелер“ бөлімінің бір бабы азайып екінші бабы көбееді. Ол 
операциялардың нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы өзгермейді. 
1-
Мысал: Бөлінбеген таза табыстың есебінен резервтік капиталды құруға 
250000 теңге мөлшерінде аударым жасалынды: 
Бөлінбеген таза табыс бабы 250000 теңгеге азаяды, ал Резервтік капитал 
бабы 250000 теңгеге көбееді. Баланстық теңдік бұзылмайды. 
2-
Мысал: Қысқа мерзімді банк несиесі есебінен жабдықтаушы 
кәсіпорынның шоттары бойынша 120000 теңге мөлшерінде төлем жасалынды. 
61 


Қысқа мерзімді банк несиесі бабы 120000 теңгеге көбейеді, ал Төленуге 
тиісті борыштар бабы 120000 теңгеге азаяды. Баланстық жалпы қорытынды 
өзгермейді. 
Үшінші түрлі өзгерістер
баланстың “Активтер“ бөлімін де “Меншікті 
капитал немесе Міндеттемелер“ бөлімін де қамтиды. Екі бөлім де белгілі бір 
сомаға көбейеді. Мұндай операциялардың нәтижесінде баланстың “Активтер“ 
бөлімінің де “Міндеттемелер“ бөлімінің де жалпы қорытындысы көбейеді. 
Мысалы: Жабдықтаушы кәсіпорындардан келіп түскен 90000 теңгенің 
материалдары қабылданды, бірақ олардың құны әлі төленген жоқ. Бұл 
операцияның нәтижесінде баланстың “Активтер“ бөлімінің Тауарлы–
материалдық босалқылар бабы 90000 теңгеге көбейеді, ал “Міндеттемелер“ 
бөлімінің Төленуге тиісті шоттар бабы да 90000 теңгеге көбейіп, кәсіпорынның 
кредиторлық борышының өскенін көрсетеді. Нәтижесінде баланс валютасы 
90000 теңгеге өседі. 
 
Төртінші түрлі 
өзгерістер керісінше баланстың “Активтер“ бөлімін де 
“Міндеттемелер“ немесе “Меншікті капитал“ бөлімін де азайтады. Ол 
операциалардың нәтижесінде баланстың жалпы қорытындысы азаяды. 
Мысалы, есеп айырысу шотынан жоғарыда айтылған материалдардың 
құны төленді делік. Сонда “Активтер“ бөлімінің Банктегі есеп айырысу 
шотындағы нақты ақша бабы 90000 теңгеге азаяды, ал “Міндеттемелер“ 
бөліміндегі Төленуге тисті шоттар бабы да 90000 теңгеге азаяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет