операциялар қорытынды есептің жиынтығында көрсетілмеуге тиісті. Себебі
сатып алу-сату операциялары, қарыздың төленуі және олардың алынуы ақша
қаражаттарының кәсіпорын ішіндегі көбеюін туындатпайды. Қайта есептеуді
болдырмау мақсатында алып тастау (жою) әдісі қолданылады. Алып тастау
(жою) тек қорытынды есепті дайындау барысында орындалады және негізгі
кәсіпорынның да еншілес кәсіпорындардың да бухгалтерлік есеп регистр-
лерінде көрсетілмейді. Ешқандай шоғырландырылған (консолидацияланған)
есеп регистрлері жүргізлмейдің [7].
Сонымен, бізде қолданылып келген мәліметтерді жинақтаудан шоғыр-
ландыруды (консолидациялауды) екі белгі бойынша ажыратуға болады: 1)
шоғырландырылған (консолидацияланған) қорытынды есеп екі немесе бірнеше
өзара байланысты, бірақ солай болғанмен заңды түрде дербес кәсіпорындар
бойынша құрылады; 2) шоғырландыру (консолидация) негізгі және еншілес
кәсіпорындар баланстары баптарының қарапайым қосындысы емес, қорытынды
есеп мәліметтерін белгілі бір түрде құрамдастыру (қиыстыру) болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: