Принциптері


  Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет28/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

3.2 
Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны 
Өзінің құрылымы бойынша бухгалтерлік баланс жиынтығы әр уақытта 
өзара тең болатын екі қатар сандар болып табылады. Бұл тепе-теңдік жағдай – 
баланстың маңызды белгісі.
Екі жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың сол жақ бөлігінде 
субъектінің
 
активтері
(экономикалық ресурстары) көрсетіледі. Осы активтерге 
қатысты әртүрлі тұлғалардың талаптары «пассивтерң деп аталады. «Пассивтерң 
екі түрге бөлінеді: 
1.
Міндеттемелер
, яғни кредиторлардың талаптары (басқаша айтқанда
субъектінің иесінен басқа кез келген тұлғаның); 
2.
Кәсіпорын иелерінің капиталы
, яғни, кәсіпорын иелерінің талаптары. 
(Акционерлік кәсіпорын иелерінің капиталы, әдетте, акционерлік капитал деп 
аталады). 
Егер кәсіпорынның барлық активтері оның иелерінің немесе 
кредиторлардың тарапынан талап етілетін (ізделінетін) болса және де осы 
талаптардың жалпы сомасы талап етілген активтердің құнынан аспайтын болса, 
онда ол актив пен пассивтің теңдігін көрсетеді. Бұл бухгалтерлік есептің екі 
жақтылық принципінен формалды түрде туындайтын негізгі бухгалтерлік 
теңдеу: 
Активтер = Міндеттемелер + Капитал 
 
56 


Бухгалтерлік есептің барлық процедуралары осы теңдіктен туындайды. 
Төменде екі жақты кесте түріндегі бухгалтерлік баланстың қысқартылған үлгісі
келтірілді (3.1 кесте). 
Субъектілердің бухгалтерлік балансында біртекті қаржы ресурстары 
(активтер) және олардың құралу көздері ( капитал, міндеттемелер) бірыңғай 
көрсетіледі.
Баланс активтерінің, капиталдың және міндеттемелердің осындай біртекті 
көрсеткіштері 
“баптар“
деп аталады. Баланстың “Активтер“ бөлімінің баптары 
қаржылық ресурстардың жай-күйлерін бейнелейді, “Капитал“ және 
“Міндеттемелер“ бөлімдерінің баптары кәсіпорын активтерінің құралу көздерін 
бейнелейді.
Активтер баптары басшылыққа алынып жүрген заңдарға және жекелеген 
елдердің дәстүріне сәйкес белгілі бір жүйемен орналастырылады.
Активтердің жекелеген баптары баланста мүліктердің жылжу (қозғалу) 
деңгейіне байланысты, басқаша айтқанда өтімділік (ликвидтілік) деңгейі 
бойынша, яғни мүліктің осы бөлігі шаруашылық айналымында қандай 
жылдамдықпен 
ақша 
нысанына 
айналатындығына 
байланысты 
орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет