“Табыс салығы бойынша шығыстар” бөлімшесі заңды тұлғаның есепті
кезеңде алған табысына салынған салыққа байланысты шығыстар жөніндегі
ақпараттарды жинақтаушы өзі аттас бір шоттан тұрады.
“Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыс
(зиян)” бөлімшесінің шоттарында табиғат апатының нәтижесінде алынған
табыстар және зиян немесе субъектінің кәдімгі қызметінен бөлек іс әрекетінен
(қызметінің жеке бағыты бар филиалды жою немесе сатып-өткізу) алынған
табыстар және шығыстар (зиян) жөніндегі ақпараттар жинақталады.
“Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан алынған пайда (зиян) бөлімшесі
еншілес, тәуелді серіктестіктерге және бірлесіп бақыланытын заңды тұлғаларға
салынған инвестициялардан алынған табыстар және шығыстар жөніндегі
ақпарттарды жинақтаушы өзі аттас бір ғана синтетикалық шоттан тұрады.
“Негізгі өндіріс” бөлімінде
субъектінің өнім өндірумен (жұмыстарды
орындаумен, қызмет көрсетумен) байланысты, сонымен бірге қызмет көрсетуші
өндірістер мен шаруашылықтарда өнім шығару, жұмыстарды орындау, қызмет
көрсетумен байланысты шығындары жөніндегі ақпараттарды жинақтаушы 6
бөлімшенің активті синтетикалық шоттары топтастырылған.
Төменде 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген, Қазақстан
Республикасы аумағында барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер (банк
және бюджеттік мекемелерден басқа) пайдаланатын шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің Типтік
шоттар жоспары келтірілді.
Достарыңызбен бөлісу: