көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар жөніндегі мәліметтер
жинақталады.
“Ақша қаражаттары” бөлімінің
шоттары) субъектінің кассасындағы
және банкте ашылған шоттарындағы ұлттық валюта және шетелдік валюта
түріндегі ақша қаражаттарының, қаржылық инвестициялардың бары мен
олардың қозғалысы жөініндегі ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланылады.
“Меншікті капитал” бөлімі
субъектінің меншікті кпиталының жағдайы
(бары) мен оның қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған
бөлімшенің шоттарынан тұрады.
“Жарғылық капитал” бөлімшесінің пассивті шоттары субъектінің
жарғылық капиталының жағдайы (бары) мен оның қозғалысы жөніндегі
ақпараттарды жинақтауға арналған.
“Төленбеген капитал” бөлімшесі өзі аттас бір ғана шоттан тұрады. Бұл
шотта акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлесі бойынша
акционерлердің қарыздарының сомасы жөніндегі ақпараттар жинақталады.
“Қайтарып алынған капитал” бөлімшесінде айналымнан алып тастау
мақсатында акционерлерден қайтарып алынған меншікті акциялар жөніндегі
ақпараттарды жинақтаушы өзі аттас бір шот қаралған.
“Қосымша төленген капитал” бөлімшесінің осы аттас пассивті шотында
меншікті акциялардың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан
артық сомасы (эмиссиялық табыс) жөніндегі ақпараттар жинақталады.
“Қосымша төленбеген капитал” бөлімшесі негізгі құралдарды және
инвестицияларды қайта бағалау сомаларының бары мен олардың қозғалысы
жөніндегі ақпараттарды жинақтаушы пассивті шоттардан тұрады.
“Резервтік капитал” бөлімшесінің шоттары заңдарға және құрылтай
құжаттарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысының
есебінен құрылып, есепті жылдың табысы болмаған жағдайда дивидендтер және
серіктестік қатысушыларына табыс төлеуге пайдаланылатын субъектінің
резервтік капиталының жағдайы (бары) және оның қозғалысы жөніндегі
ақпараттарды жинақтауға арналған.
“Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) бөлімшесінің шоттарында
бөлінбеген табыс немес жабылмаған зиянның сомаларының бары мен олардың
қозғалысы жөніндегі ақпараттар жинақталады.
“Жиынтық табыс (зиян)” бөлімшесі субъектінің есепті кезеңдегі жиынтық
табысын (зиянын) анықтауға арналған өзі аттас шоттан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: