табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті, тауарларды сатып өткізуден
түскен табыс), негізгі емес (қосалқы) қызметтен түскен табыстар (материалдық
емес активтерді, негізгі құралдарды, құнды қағаздарды сатып өткізуден түскен
табыс, бағамдық айырмашылықтар және басқалар) жатады.
Шығыстардың шоттары
сатып өткізілген өнімдердің (жұмыстардың,
қызметтердің) өзіндік құнын, сонымен бірге осы өнімдерді (жұмыстарды,
қызметтерді), айналымнан тыс активтерді, құнды қағаздарды және т.б. сатып
өткізуге байланысты басқадай шығыстарды көрсетуге арналған. Ондай
шоттарға сатып-өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік
құны, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізу шығыстары,
процент бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстары, негізгі емес
(қызмет) бойынша шығыстар, табыс салығы бойынша шығыстар көрсетілетін
шоттар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: