Принциптері



Pdf көрінісі
бет49/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Баланстан тыс шоттар
кәсіпорынның меншігіндегі емес, бірақ уақытша 
пайдалануға алынған немесе қайта өңдеуге қабылданып, жауапты сақтауда 
тұрған құндылықтардың есебін жүргізу және т.б. үшін пайдаланылады.
Баланстан тыс шоттарда операциялар есеп жүргізудің қарапайым жүйесі 
бойынша есепке алынады, яғни кәсіпорынға құрал жабдықтар қабылданған 
кезде олар баланстан тыс шоттың дебетінде жазылады, ал шыққан кезде – сол 
шоттың кредитінде көрсетіледі. Басқаша айтқанда операциялар баланстан тыс 
шоттарда бір жақты жазу арқылы, яғни тиісті шоттың тек дебеті немесе кредиті 
бойынша корреспонденцияланусыз көрсетіледі. Демек, баланстан тыс шоттар өз 
ара да, баланстық шоттармен де корреспонденцияланбайды.
Баланстан тыс шоттардың міндетті қызметі (функциясы): сол шоттарда 
есепте тұрған құрал жабдықтардың сақталуы мен пайдаланылуына бақылауды 
қамтамасыз ету; барлық пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін 
аталмыш шоттар бойынша жан-жақты және толық ақпараттарды көрсету; бұл 
шоттарға құрал жабдықтардың келіп түсуі мен шығуын құжаттарда уақытылы 
рәсімдеу.
Ондай шоттарға жалға алынған негізгі құралдар, сақтауға қабылданған 
тауарлы-материалдық құндылықтар және т.б. шоттар жатады. 

4.6 Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік
есебінің Типтік шоттар жоспары 
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары (тізбегі) субъектінің бухгалтерлік 
есебін ұйымдастыру жүйесінің негізі болып табылады. 
Бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп - шоттарды олардың 
экономикалық мазмұны бойынша жіктеу негізінде жасалынған бухгалтерлік 
есеп шоттарының жүйеленген тізімін айтады. 
Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің Типтік 
шоттар жоспарын 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан 
Республикасының бухгалтерлік есепті екі жақты жүйе бойынша жүргізетін 
барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдары (бюджеттік мекемелер мен банк 
мекемелерінен басқа) пайдаланады. 
89 


Типтік шоттар жоспары - субъектінің бухгалтерлік есеп шоттарында 
шаруашылық операцияларын бейнелеу тәртібін анықтаушы нормативтік 
құқықтық акт. 
Сондай-ақ, ол субъектілердің бухгалтерлік есебінде шаруашылық 
қызметтің фактілерін (қаржылық, шаруашылық операцияларды) тіркеу және 
топтастыру схемасы болып табылады. Онда бөлімдердің, бөлімшелердің және 
синтетикалық шоттардың атаулары мен кодтары келтірілген. 
Типтік шоттар жоспарында бухгалтерлік есеп шоттары төмендегі бөлімдер 
бойынша топтастырылған: 
І – Бөлім. Қысқа мерзімді активтер 
ІІ – Бөлім. Ұзақ мерзімді активтер 
ІІІ – Бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер 
ІV – Бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 
V – 
Бөлім. Капитал және резервтер 
V
І – Бөлім. Табыстар 
V
ІІ – Бөлім. Шығыстар 
V
ІІІ – Бөлім. Өндірістік есеп шоттары 
ІX – Бөлім. Баланстан тыс шоттар 
 “
Ұзақ мерзімді активтер” бөлімі 
материалдық емес активтердің нақты 
бары мен қозғалысы және ола рдың амортизациясы, негізгі құралдардың нақты 
бары мен қозғалысы және тозуы, аяқталмаған күрделі құрылыс, сондай-ақ 
инвестициялар жөнідегі ақпараттарды жинақтауға арналған бөлімшелердің 
шоттарынан тұрады. 
“Материалдық емес активтер” бөлімшесінде субъектінің меншігіндегі 
материалдық емес активтердің нақты бары мен олардың қозғалысының есебін 
жүргізуге арналған 6 синтетикалық шот қарастырылған. 
“Материалдық емес активтердің амортизациясы” бөлімшесінің пассивті 
реттеуші шоттары есептелінген амортизация сомалары және олардың 
материалдық емес активтер кәсіпорыннан шыққан кезде есептен шығарылуы 
жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланылады. 
“Негізгі құралдар” бөлімшесі субъектінің меншігіндегі және ұзақ мерзімге 
жалға алынған негізгі құралдардың бары мен олардың қозғалысы, сонымен 
бірге аяқталмаған күрделі құрылыс жөніндегі ақпараттарды жинақтаушы 
активті 6 синтетикалық шоттардан тұрады. 
Келесі “Негізгі құралдардың тозуы” бөлімшесінің шоттарында субъектінің 
меншігіндегі және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозуы 
жөніндегі ақпараттар жинақталады. 
“Инвестициялар” бөлімшесінің шоттары еншілес, тәуелді және бірлесіп 
бақыланатын заңды тұлғалардың акцияларына салынған инвес-тициялардың 
бары мен қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинау үшін пайдаланылады. 
90 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет