Принциптері


 Бухгалтерлік есеп шоттарын жіктеу



Pdf көрінісі
бет45/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

4.5 Бухгалтерлік есеп шоттарын жіктеу
 
83 


Бухгалтерлік есеп шоттары өздерінің мазмұны, пайдалану мақсаты және 
құрылымы бойынша әртүрлі. Олардың біреулері кәіспорын активтерінің есебін 
жүргізуге, екінші біреулері сол активтердің құралу көздерінің (меншікті 
капитал мен міндеттемелердің), үшіншілері табыстар мен шығыстардың есебін 
жүргізуге арналған. 
Отандық тәжірибеде шоттардың экономикалық мазмұнын, пайдалану 
мақсатын және құрылымын анықтау үшін олардың ғылыми негізделген жіктеуі 
қалыптасқан. 
Осы ғылыми негізделген жіктеуге сәйкес бухгалтерлік шоттар екі түрлі 
белгісі бойынша жіктеледі: 
1.
Экономикалық мазмұны бойынша; 
2.
Пайдалану мақсаты мен құрылымы бойынша. 
Шоттарды экономикалық мазмұны бойынша жіктеу осы шотта немесе 
шоттар тобында ненің, яғни қандай есеп объектісінің есепке алынатындығын 
көрсетеді. Бухгалтерлік шоттарда міндетті түрде көрсетілуге тиісті
объектілерге кәсіпорын активтері, олардың құралу көздері (меншікті капитал, 
міндеттемелер) және кәсіпорынның шаруашылық процесстері мен қызметінің 
нәтижесі жатады. Осыған байланысты экономикалық мазмұны бойынша шоттар 
төмендегі топтарға бөлінеді:
-
активтердің шоттары; 
-
меншікті капиталдың шоттары; 
-
міндеттемелердің шоттары; 
-
табыстар мен шығыстардың шоттары; 
-
өндіріс процессінің шоттары. 
 
Активтердің шоттарында 
кәсіпорын балансындағы ұзақ мерзімді 
активтер (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, инвестициялар, т.б.) 
және қысқа мерзімді активтер (тауарлы-материалдық босалқылар, дебиторлық 
борыштар, ақша қаражаттары, т.б.) есепке алынады.
К
апиталдың шоттарында
кәсіпорынға құрылтайшылар (меншік иелері) 
берген қаржылардың (жарғылық капитал) және өзінің шаруашылық қызметі 
барысында тапқан қаржылары (резервтік капитал, есепті жылдың және өткен 
жылдардың бөлінбеген таза пайдасы т.б.) есепке алынады.
Міндетемелердің шоттарында
осы кәсіпорынға тиесілі емес, бірақ 
айналымда жүрген, оның меншікті қаржыларымен тең дәрежеде 
пайдаланылатын, төлеу мерзімі жеткен кезде қайтарылуға тиісті қаржылар 
(
несиелер, кейінге қалдырылған табыс салығы, кредиторлық борыштар, т.б.) 
есепке алынады.
Табыстардың шоттарында 
кәсіпорынның негізгі қызметінен (өнімдерді 
сатып өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) алынған 
табыстары мен негізгі емес (қосалқы) қызметінен алынған (айналымнан тыс 
активтерді, құнды қағаздарды сатып-өткізуден түскен, дивидендтер, проценттер 
84 


түріндегі, бағамдық айырмашылықтардан алынған) табыстарының, сонымен 
бірге сатып-өткізілген тауарлардың қайтарылуы және бағаға, сатып-өткізуге 
қойылатын жеңілдіктер есепке алынады. 
Шығыстардың шоттарында
кәсіпорынның сатып-өткізген өнімдерінің, 
көрсеткен қызметтерінің, орындаған жұмыстарының өзіндік құны, сонымен 
бірге осы өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді), айналымнан тыс активтерді, 
құнды қағаздарды сатуға және тағы басқа сатып-өткізуге байланысты 
шығыстар есепке алынады.
Өндіріс процесінің шоттарында
кәсіпорынның негізгі және көмекші 
өндірістерінде өнім өндіру, қызмет көрсету, жұмыстарды орындау үшін 
жұмсаған қаржылары, сонымен бірге қызмет көрсетуші өндірістер мен 
шаруашылықтарда өнім шығаруға, жұмыстарды орындау мен қызмет көрсетуге 
байланысты жұмсалған қаржылар есепке алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет