Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомосын жасау үшін
есепті
кезең ішінде кәсіпорында қолданылған барлық синтетикалық шоттар бойынша
мәліметтер пайдаланылады.
Жалпы айналым ведомосын жасау бухгалтерлік шоттарда екі жақты жазу
әдісін пайдалану арқылы шаруашылық операцияларының көрсетілуінің
дұрыстығына бақылау жүргізу мақсатымен орындалады.
Айналым ведомосына есепті кезең (ай) ішінде кәсіпорында пайдаланылған
барлық шоттар жазылады. Бұл ведомоста әрбір жазылған шот бойынша
бастапқы сальдо, дебеттік, кредиттік айналымдар, сонымен бірге ақырғы сальдо
көрсетілетін үш жұп бағана болады.
Кәсіпорында бухгалтерлік есеп дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда
бағаналардың жиынтық сомаларында міндетті түрде жұптық тепе-теңдік болуға
тиісті, яғни дебеттік бастапқы сальдолардың жиынтығы кредиттік бастапқы,
сальдолардың жиынтығына; шоттар бойынша дебеттік
айналым сомаларының
жиынтығы кредиттік айналым сомаларының жиынтығына; дебеттік ақырғы
сальдолардың жиынтығы кредиттік ақырғы
сальдолардың жиынтығына тең
болуға тиісті.
Бұл тепе-теңдіктер мынадай заңдылықтардан туындайды: шоттардың
дебеті мен кредитіндегі бастапқы және ақырғы сальдолар жиынтығының тепе-
теңдігі бухгалтерлік баланс құрылымымен расталады, өйткені шоттар бойынша
дебеттік сальдолардың жиынтығы кәсіпорын активтерінің жалпы сомасын
көрсетеді, ал кредиттік сальдолардың жиынтығы-
сол активтердің құралау
көздерінің жалпы сомасын көрсетеді.
Шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналым сомалары
жиынтығының тепе-теңдігі екі жақты жазу әдісінің мағанасынан туындайды.
Синтетикалық шоттар бойынша айналым ведомостары жиынтықтарының
жұптық тепе-теңдігінің үлкен бақылаушылық маңызы бар. Себебі ондай тепе-
теңдіктердің болмауы бухгалтерлік есеп жазуында
қателіктердің болғандығын
растайды.
Синтетикалық есеп шоттары бойынша айналым ведомостарының
қалдықтар бойынша мәліметтері кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасау
үшін пайдаланылады.
Төменде кәсіпорынның синтетикалық
шоттары бойынша жасалған
айналым ведомосы келтірілді (4.1 кесте ).
Есеп тәжірибесінде айналым ведомостары синтетикалық шоттардың
мәліметтерін егжей-тегжейлі көрсету (дамыту) мақсатында пайдаланылатын
аналитикалық (талдамалық) шоттар бойынша да құрылады.
Бұл ведомостарды олардың мазмұнына қарай екі типке (түрге)
бөліп
қарастыруға болады:
1)
есеп процессін және оның жиынтығын тек ақшалаай өлшеммен
көрсететін айналым ведомостары;
80
2)
активтердің қозғалысы мен олардың жиынтығы ақшалай және
натуралдық (сандық) көрсеткіштер арқылы көрсетілетін айналым ведомостары.
Достарыңызбен бөлісу: