Принциптері


 Синтетикалық (жинақтаушы) және аналитикалық



Pdf көрінісі
бет39/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

4.3 Синтетикалық (жинақтаушы) және аналитикалық 
(талдамалық) есеп шоттары 
 
Бухгалтерлік есеп шоттары 
синтетикалық (жинақтаушы) 
және 
аналитикалық (талдамалық)
болып бөлінеді. 
Экономикалық мазмұны жағынан біртекті активтердің, олардың құралу 
көздерінің және шаруашылық процесінің есебін жалпы түрде, ақшалай 
өлшеммен жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды 
синтетикалық 
(жинақтаушы)
шоттар
, ал сол шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті 
синтетикалық есеп
деп атайды. 
Мысалы, «Негізгі құралдарң шотында кәсіпорындағы барлық негізгі 
құралдардың жалпы есебі оларды нақты объектілерге бөлмей ақшалай 
өлшеммен көрсетіледі. «Шикізаттар мен материалдарң шотында кәсіпорын 
қоймасында бар шикізаттар мен материалдардың барлық түрлері жинақталып 
ақшалай өлшеммен көрсетіледі. 
Ондай шоттар кәсіпорынның активтері мен олардың құралу көздерінің 
бары мен қозғалысы жөнінде жалпылама мәліметтер алу үшін қажет. Сонымен 
бірге синтетикалық (жинақтаушы) шоттардың мәліметтері бойынша 
бухгалтерлік баланс және қаржылық есептіліктің басқа да нысандары 
құрылады. 
Әйтсе де, кәсіпорынның шаруашылық қызметіне басшылық жасау үшін 
және активтер мен олардың құралу көздерінің қозғалысына күнделікті бақылау 
жүргізу үшін синтетикалық (жинақтаушы) шоттардың мәліметтерін пайдалану 
жеткіліксіз. Ол үшін бухгалтерлік есепте синтетикалық шоттардың
мәліметтерін егжей-тегжейлі көрсететін аналитикалық (талдамалық) шоттар 
қолданылады. 
Синтетикалық есепті дамыту мақсатында ашылатын және кәсіпорын 
активтері мен олардың құралу көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас 
бөліктерінің есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды 
аналитикалық 
(талдамалық) шоттар
, ал сол шоттардың көмегімен жүргізілетін есепті 
аналитикалық (талдамалық) есеп
деп атайды. 
Аналитикалық 
(талдамалық) 
шоттардың 
мәліметтері 
бойынша 
материалдық құндылықтардың, негізгі құралдардың әрбір жекелеген түрлері 
бойынша жағдайды, кәсіпорындағы әрбір жұмыскермен, әрбір дебитормен, 
әрбір кредитормен есеп айырысудың жағдайын анықтауға болады. 
75 


Аналитикалық шоттарда шаруашылық операцияларының есебі ақшалай 
өлшеммен, ал қажет болған жағдайда сандық көрсеткіштер арқылы жүргізіледі. 
Мысалы, негізгі құралдар объектілері саны және құны бойынша есептелінеді, 
дайын өнім салмағы (немесе саны) бойынша және құны бойынша, малдың төлі 
саны, салмағы, құны бойынша есептелінеді. 
Синтетикалық (жинақтаушы) және аналитикалық (талдамалық) шоттар 
өзара байланысты. Себебі аналитикалық шоттар синтетикалық шоттардың 
мәліметтерін егжей-тегжейлі көрсету үшін сол шотты дамыту мақсатында 
пайдаланылады; тиісті синтетикалық шот бойынша жалпы сома сол шотқа 
ашылған аналитикалық шоттардың сомаларының жиынтығына тең болады; 
аналитикалық және синтетикалық шоттардың құрылымдары бірдей болады,
яғни аналитикалық шоттар бойынша бастапқы және ақырғы сальдо сол шоттар 
ашылған синтетикалық шоттың қай жағында болса, сол жағында жазылады; 
барлық аналитикалық шоттар бойынша сальдо және айналымдардың жиынтық 
сомасы сол аналитикалық шоттар ашылған синтетикалық шоттың сальдосы мен 
айналымдарының сомасына тең болады. 
Синтетикалық және аналитикалық шоттардың арасындағы өзара 
байланысты мынадай математикалық модельді пайдалану арқылы көрсетуге 
болады: 
1.
Синтетикалық шоттағы бастапқы сальдо сомасының сол шотқа ашылған 
аналитикалық шоттардағы бастапқы сальдолардың жиынтық сомасына теңдігі: 
а) Дебеттік сальдо бойынша: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет