аналитикалық шоттардың дебеттік айналымдарының жиынтық сомасы
синтетикалық шоттың дебеттік айналымының сомасына тең, ал аналитикалық
шоттардың кредиттік айналымдарының жиынтық сомасы синтетикалық шоттың
кредиттік айналымының сомасына тең және, ең соңында, аналитикалық
шоттардың ақырғы дебеттік сальдоларының жиынтық сомасы синтетикалық
шоттың ақырғы дебеттік сальдо сомасына тең болады.
Аралық шоттар
Кәсіпорынның қорытынды есебін құру және оның шаруашылық қызметіне
талдау жасау үшін қажетті синтетикалық шоттар бойынша қосымша мәліметтер
алу мақсатында
аралық шоттар
пайдаланылады.
Аралық шоттар
дегеніміз – синтетикалық (жинақтаушы) шот шегінде
ашылып, біртекті аналитикалық (талдамалық) шоттардың мәліметтерін
топтастырушы шоттар.
Аралық шоттар көбінесе аналитикалық шоттары көп синтетикалық шоттар
бойынша ашылады. Мысалы, «Шикізаттар мен материалдарң деп аталатын
синтетикалық шотта ауылшаруашылығының өндіріс процессіне пайдалану
мақсаты жағынан әртүрлі шикізаттар мен материалдардың бірнеше тобы
көрсетіледі. Сол шикізаттар мен материалдардың тобы бойынша мәліметтер
алу үшін «Шикізаттар мен материалдарң шотына бірнеше аралық шоттар
(Тұқым және көшеттік материалдар, Тыңайтқыштар, Мал азығы (жем-шөп),
Басқа да шикізаттар мен материалдар) ашылды.
Сондай-ақ, «Дайын өнімң шотында ауылшаруашылық субъектілерінде
өсімдік және мал шаруашылығының, сонымен бірге өнеркәсіптік өндірістің
(ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуші өндіріс) дайын өнімдері есепке алынады.
Олай болса «Дайын өнімң шотына жоғарыда аталған өндіріс салалары бойынша
тиісті аралық шоттар ашуға болады (Өсімдік шаруашылығының дайын
өнімдері, Мал шаруашылығының дайын өнімдері,өнеркәсіптік өндірістің дайын
өнімдері, көрсетілген қызметтер, атқарылған жұмыстар).
Достарыңызбен бөлісу: