Принциптері


Шоттарды пайдалану мақсаты мен құрылымы бойынша жіктеу



Pdf көрінісі
бет46/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Шоттарды пайдалану мақсаты мен құрылымы бойынша жіктеу 
Пайдалану мақсаты мен құрылымына қарай жіктеуге шоттардың 
экономикалық мазмұны емес, оларда белгілі бір есеп объектісінің көрсетілу 
тәртібі негіз етіп алынады. 
Пайдалану мақсаты мен құрылымына қарай шоттар 
тұрақты (баланстық),
уақытша
және 
баланстан тыс
болып үш топқа бөлінеді .
Тұрақты (баланстық) шоттар 
негізгі, реттеуші, бөліп-таратушы, 
калькуляциалық және салыстырушы
шоттардан тұрады. 
Негізгі шоттар 
активтердің, капитал мен міндеттемелердің нақты бары 
мен олардың қозғалысына бақылау жасау үшін пайдаланылады. Есепті кезеңнің 
аяғында ол шоттардың қалдықтары (қалдық қалған жағдайда) бухгалтерлік 
баланстың құрамына кіреді. Олар алты топқа бөлінеді:
Инвентарлық (мүліктік) шоттар – 
негізгі құралдардың, тауарлы-
материалдық босалқылардың және басқа құндылықтардың есебін жүргізу үшін 
пайдаланылады. Бұл құндылықтардың кәсіпорындағы нақты бары оларға 
түгелдеу жүргізу жолымен тексерілуі мүмкін. Аталмыш топқа материалдық 
емес активтер, негізгі құралдар, дайын өнім, тауарлар және т.б. шоттары 
жатады. 
Инвестициялардың шоттары – 
басқа кәсіпорындардың жарғылық 
капиталына және құнды қағазадарына салынған ұзақ және қысқа мерзімді 
қаржылық инвестициялардың, сондай-ақ нақты инвестициялардың бары мен 
олардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған. Оларға 
инвестициялар, қаржылық инвестициялар шоттары жатады.
Ақша қаражаттарының шоттары – 
ақша қаражаттарының бары мен 
олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылады. Ақша қаражаттары 
шоттарына кассадағы, ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары, 
банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары, жол үстіндегі ақша 
аударымдары шоттары жатады.

85 


Капиталдың шоттары
кәсіпорынның меншікті капиталының есебін 
жүргізу үшін пайдаланылады. Оларға: жарғылық капитал, төленбеген капитал, 
айналымнан шығарылып алынған капитал, қосымша төленбеген капитал, 
резервтік капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоттары жатады.
Несие шоттары 
– 
мемлекет ішіндегі және шетелдегі банктерден, банктен 
тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі мерзімге) және 
ұзақ мерзімді (бір жылдан артық мерзімге) несиелер мен басқадай ұлттық және 
шетелдік валютамен алынған қаржылар жөніндегі ақпараттарды жинақтауға 
алынған. 
Есеп айырысу шоттары 
– 
кәсіпорынның әртүрлі есеп айырысу 
операцияларының есебін жүргізу үшін қолданылады. Олар активті және 
пассивті болып бөлінеді.
Активті есеп айырысу шоттары – 
сатып алушылар мен тапсырыс 
берушілердің борыштары,еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары, 
басқадай дебиторлық борыштар, берілген аванстар.
Пассивті есеп айырысу шоттарына: 
дивиденд бойынша есеп айырысу, 
бюджетпен есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық 
борыштар, алынған аванстар, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп 
айырысу, басқадай кредиторлық борыштар мен есептеулер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет