Проблемалық сұрақтар: Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық кімдерге ерекше әсер етті?


– топ: Келтірілген үзіндідегі басты оқиғаларды тарқатады. Мысалы: 1.Шаншатаймен танысқанға дейінгі ауыл өмірі



бет3/4
Дата27.02.2023
өлшемі0,57 Mb.
#170334
1   2   3   4
Байланысты:
Тапсырмалар

1 – топ: Келтірілген үзіндідегі басты оқиғаларды тарқатады.
Мысалы:
1.Шаншатаймен танысқанға дейінгі ауыл өмірі: Ауыл балаларының жалғыз арықтың суын бөгеп, көлшік жасап ойнауы, мектептің цемент жайылған еденінде асық ойнауы т.б.
2. Иманбекпен арадағы теке тірес: Судан шыққан Ертайдың киімдерінің орнында болмауы, Ертайдың қарғауы, бейтаныстың Иманбекті жазалауы, Шаншатаймен таныстық
3. Алғашқы газет: Шаншатайдың ауыл балаларына көрсеткен үлгісі, бояу қарындаштардың кәдеге асуы
4. Шаншатаймен Ертайдың ренжісуі
5. Тілеп алған азап
2 – топ
Шығарманың негізгі ойы мен композициялық құрылысына тоқталады:
Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Басталуы: Ауыл балаларының өмірі
Байланысы: Иманбек пен Ертайдың теке тіресі
Шарықтау шегі: Шаншатай мен Ертайдың достығы, газет шығаруы
Шиеленісуі: Шаншатай мен Ертайдың достығына түскен сызат
Шешімі: Тілеп алған азап.
3 – топ: Ертай мен Шаншатайға мінездеме беру

3.Балаларға арнап шығарма жазған қандай жазушыларды білесіңдер?


4. Шығарманың негізгі тақырыбы қандай?
5. Шығармада қай кезең суреттеледі?
6. Шаншатай қандай бала?
7.Не себепті Ертай басында Шаншатайды ұнатпай қалды?
8.Балалардың басын қосып, еңбекке баулу үшін Шаншатай не істеді?
9.Повесть не себепті «Тәмпіш қара» деп аталған?
10.Егер оның тақырыбын өзгерту керек болса, қалай деп атауға болады?


1-тапсырма.Шығармадағы Шаншатайдың іс-әрекеттері арқылы бейнесіне заманауи тұрғыдан баға беріңдер
1-топ Шығарманың басты кейіпкерлеріне сипаттама

Кейіпкерлер

Шығармадан үзінді

Менің ойымша...

Шаншатай







Ертай







Бейсекүл







Ықсан









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет