Денсаулық анықтамасын атаңыз. Денсаулық деңгейлерін сипаттап жазыңыз.
Денсаулық – ДДСҰ анықтамасы бойынша адамның физикалық (биологиялық), психикалық (жан-дүниесінің) және әлеуметтік денінің сау болуы болып табылады.
Оның бірнеше деңгейлері бар:
Жеке тұлғаның денсаулығы – адамның денсаулығы;
Топтың денсаулығы – қандай да бір белгілерге сәйкес біріккен жеке адамдардың денсаулық белгілерінің жиынтығы: отбасы, еңбек ұжымдары, студенттер, т. б.
Аймақтық денсаулық – белгілі бір аумақта тұратын адамдардың денсаулық сипаттамаларының жиынтығы;
Қоғамдық/Әлеуметтік денсаулық – елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін қоғамның медициналық-әлеуметтік ресурсы.
Оның негізгі үш компоненті бар:
Физикалық денсаулық (physical health) – физикалық дамудың деңгейімен, физикалық мүмкіндіктермен және жеке тұлғалардың, адамдар топтарының және бүтін қоғамның адаптациялық мүмкіндіктерімен, өмір сүрудің жоғары сапасына, қоғамның әл-ауқатты болуына, денсаулығының нығайтылуына және сақталуына жетуді қамтамасыз ететін жағдай.
Психикалық денсаулық (mental health) – психикалық көріністердің алгоритмі, шын өмірде болып жатқан жағдайлар мен жеке тұлғаның оған деген қарым-қатынасының тепе-теңдігі, микро- және макроәлеуметтік ортада өзінің іс-әрекеттерін бақылау, өзінің өмірлік жолын жоспарлау және жүзеге асыру арқасында, организмнің өмірдің әлеуметтік/қоғамдық, психологиялық және физикалық (биологиялықты қоса алғанда) шарттарына реакцияларының адекваттылығы тән психикалық әрекеттің динамикалық процесімен сипатталады.
Әлеуметтік/Қоғамдық денсаулық (social health) – адамның қоғамдағы орны мен ролі арқылы анықталатын әлеуметтік адаптация мөлшері.
Денсаулықты нығайту. Теориялық негіздерін атаңыз.
Салауатты өмір салты – денсаулықты нығайту мен аурулардың профилактикасына бағытталған іс-әрекеттерді жасау арқылы қол жеткізілетін, адамның физикалық және әлеуметтік саулығының негізі.
Достарыңызбен бөлісу: |