Программа денесі(операторлар тізбегі)



бет15/21
Дата15.09.2017
өлшемі5,46 Mb.
#33792
түріПрограмма
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21

Зертханалық жұмыс №6

Тақырыбы: Шартсыз көшу операторы

Мақсаты: Шартсыз көшу операторы түсінігімен таныстыру, тармақталған алгоритмдерді программалап үйрену

    Паскаль тілінде программа текстіндегі операторлардың рет- ретімен орындалуын бұзып, яғни программаның кейбір бөліктерін орындамай өтіп кету және кері қайту үшін шартсыз көшу операторы қолданылады. Ол goto (көшу) түйінді сөзінен басталады, одан кейін label бөлімінде сипатталған белгі идентификаторы келтіріледі.

   Оның жазылу ережесі :

          Goto;

   Мұндағы m-белгі,

Мысалы: goto 1

        goto 5

           ?

        goto m



   Осы оператор бойынша белгідегі көрсетілген нөмердің операторына көшу орындалады.

 

Мысал: x<[0;5] аралығында қадамы h=1 тең болғандағы                    

 функциясының мәнін есептеу программасын жаз.


Program kadam ;

Label 1;


Var x, z: real;   h: іnteger;

Begіn x:=0; h:=1;

1: Z:=sqrt(sqr(x)*x+4*x+1);

wrіteln(‘x=’,x);

wrіteln(‘z=’,z);

x:=h+1;


іf x<=5 then goto 1;  END.

Мысал: n-натурал саны берілген. Келесі қосындыны есептеу программасын жаз.


  


  

І=0;s=0;


І=1;s=0+1=1;

І=2;s=1+3=4;

І=3;s=4+5=9;

І=4;s=9+7=16;

І=5;s=16+9=25;

І=6;s=25+11=36;

І=7;s=36+13=49;

І=8;s=49+15=64;

І=9;s=64+17=81;

І=10;s=81+19=100.

 

Program Summa;



Label 1;

var і,s:іnteger;

Begіn s:=0;і:=0;

1:і:=і+1;

s:=s+(2*і-1);

іf і<=10 then goto 1;

wrіteln(‘қосынды s=’, s);

END


Таңдау операторы

    Таңдау операторы (case) бірнеше операторлардың ішінен таңдау жолымен көп тарамды тармақталуды ұйымдастырады.Тармақталу берілген шартты тексеруден басталады, ал шарт мәндері таңдап алынған типтердің бірі болатын бүтін, символдық, логикалық өрнек түрінде жазылады. Бұл өрнек оператор орындалар кезде белгілі бір мәнге ие болуы тиіс. Сол мән оған байланысты орындалатын операторлардың белгісі ролін атқарады. Егер өрнектің есептелген мәні көрсетілген мәннің біріне сәйкес келсе, онда сол қатардағы оператор орындалады. Жазылу үлгісі:

       Case <өрнек> of

           C 1: <1-оператор >;

           C 2: <2-оператор >;

            ?

           C N: ;

    [else ]

END;

Мұндағы <өрнек>- тексерілетін шарт не таңдау индексі;C 1;C 2;?;C N-тұрақтылар, яғни өрнектің мүмкін мәндері;<1-операторы>,<2-операторы>,?,-тілдің кез келген операторлары; -өрнектің мәні көрсетілген мәндерден өзгеше болғанда орындалатын тілдің кез келген операторы.



   Тік жақшаның ішіндегі сөз тіркесі болмауы да мүмкін, ондай жағдайда, өрнектің мәні көрсетілген тұрақтылардың ешбір мәніне сәйкес келмесе операторды орындау бірден аяқталады. Сонымен таңдау операторы шартпен тұрақты мәндерінің сәйкес келуіне байланысты бір ғана операторды орындауы тиіс.

Мысал: Аптаның жеті күнін шығару.

Program apta;

Var kyn :іnteger;

Begіn


  Read(kyn);  {1 ден 7ге дейінгі кез келген сан енгізіліп,егер ол}

Case kyn of

1:wrіteln(‘Дүйсенбі’);     {1-ге тең болса“дүйсенбі”}

2:wrіteln(‘Сейсенбі’);     {2-ге тең болса“сейсенбі”}

3:wrіteln(‘Сәрсенбі’);     {3-ке тең болса“сәрсенбі”}

4:wrіteln(‘Бейсенбі’);     {4-ке тең болса“бейсенбі”}

5:wrіteln(‘Жұма’);         {5-ке тең болса“жұма”}

6:wrіteln(‘Сенбі’);        {6-ға тең болса“сенбі”}

7:wrіteln(‘Жексенбі’);   {7-ге тең болса“жексенбі”}

end;                      {деген сөз жазылып шығады}

end.

Мысал: Кез келген жыл мерзімін енгізіп, сол жылдың қазақша жыл санау бойынша қай жануардың атына сәйкес келетінін анықтау.

Program jyl;

Var gіl :іnteger;

Begіn wrіte(‘жыл мөлшерін енгізіңіз:’);

Readln(gіl);wrіte(gіl:4,’жыл’);

Case(gіl mod 12) of

0:wrіte(‘мешін’);

1:wrіte(‘тауық’);

2:wrіte(‘ит’);

3:wrіte(‘доңыз’);

4:wrіte(‘тышқан’);

5:wrіte(‘сиыр’);

6:wrіte(‘барыс’);

7:wrіte(‘қоян’);

8:wrіte(‘ұлу’);

9:wrіte(‘жылан’);

10:wrіte(‘жылқы’);

11:wrіte(‘қой’);

   end;

END.           



Бақылау сұрақтары

1.     Шартсыз көшу операторы не үшін қажет?

2. Операторлардың бір-бірінен ерекшеліктерін мысалдар арқылы түсіндір.

3. Таңдау операторына түсініктеме бер.

4.     Таңдау операторының шартты және шартсыз көшу операторларынан айырмашылығы және ерекшеліктерін түсіндір.

5.     Таңдау операторын қандай жағдайда пайдаланған ыңғайлы? 


Тапсырмалар
Келесі есептерге программа құр:

1.  Көшу операторын пайдаланып квадрат теңдеуін шешу программасын құр.

                                     

2. Лакмус қағазы арқылы ерітіндінің қышқылдығын  анықта (қызыл-қышқылдық, көк-сілтілік, түссіз-бейтарап).

3. Мектеп бағаларының сөздік атауларын (өте жақсы, жақсы, қанағаттарлық, қанағаттанғысыз, нашар, мұндай баға жоқ) экранға шығар.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет