Программа дисциплины для студентов (силлабус) Пән: «кәсіби қазақ тілі»



Дата21.07.2017
өлшемі442,47 Kb.
#21831
түріПрограмма дисциплины
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚОСТАНАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

КОСТАНАЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ


Бекітемін

ОЖ жөніндегі директордың

орынбасары____________­­­­­_

20__ж. «____» ______



СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БОЙЫНША ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (СИЛЛАБУС)
УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА ДИСЦИПЛИНЫ ДЛЯ СТУДЕНТОВ (СИЛЛАБУС)

Пән:

«кәсІБИ ҚАЗАҚ тілі»

ДИСЦИПЛИНА:

«Профессиональный

КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК
МАМАНДЫҚ:

0304000 «стоматология»

СПЕЦИАЛЬНОСТЬ:

0304000 «стоматология»

«Кәсіби қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус) оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылып, жалпы ізгілендіру пәндері

пән әдістемелік комиссиясының отрысында қаралған.

20___ ж. «___» ___________________№____Хаттамасы.

Қостанай медициналық колледжінің ОЖ жөніндегі директордың орынбасарымен бекітілген.

«Стоматология» мамандығының білім алушыларына арналған «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасын (силлабусын) Жайсанбаева А.С., Жумабаева К.Е., Мухамеджанова М.А. әзірлеген.

Студенттерге арналған пәннің оқу бағдарламасы (силлабус) ізгелендіру пәндері пән әдістемелік комиссияның отырысында талқыланды / Обсужден на заседании предметной методической комиссии

«___»__________________20____ ж. Хаттама/ Протокол № ______

Пән әдістемелік комиссиясының төрайымы

Председатель предметно- методической комиссии______________



1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

Пән оқытушылары жөнінде мәліметтер:

Жайсанбаева А.С.,біліктіліктің жоғары деңгейдегі бірінші санатты оқытушысы

Жумабаева К.Е., біліктіліктің жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушысы

Мухамеджанова М.А., біліктіліктің жоғары деңгейдегі жоғары санатты оқытушысы


Байланыс ақпараты: (тіл дайындығы кабинеті № 407 каб., қосымша сабақтар мен кеңес беру сабақтары әр сейсенбі және бейсенбі сайын 15-00 -ден 16-00-ға дейін).
Пәннің саясаты:

Студентер міндетті түрде:

1 Теориялық сабақтарына кестеге сәйкес студенттер кешікпей, уақытылы қатысуға міндетті. Дәріс кезінде ұялы телефондары сөндіріліп тұруы тиіс.

2. Сабақты себепсіз қалдырмау керек, қалдырған сабақтардың тақырыптарын қосымша сабақ сағаттарында тапсыру. Қалдырған сабақты өтеу үшін бөлімше меңгерушісінің рұқсат қағазын әкеп тапсыру.

3.Қалдырған сабақтарды оқытушымен белгіленген уақытында тапсыру.

4. Сабаққа дайындықтарын уақытылы жасап, оқытушының талаптарын орындау.

5. Қажетті жағдайда графикке сәйкес қосымша сабақтары мен оқытушының кеңес берулеріне қатысу.

ІІ. ОҚУ УАҚЫТЫНЫҢ БӨЛІНУІ

РАСПРЕДЕЛЕНИЕ УЧЕБНОГО ВРЕМЕНИ


Барлық сағат

Всего часов



270

Теориялық сабақтар

Теоретические занятия



270

Лабораториялық практикалық сабақтар

Лабораторные, практические занятия



-

Модулдердің саны

Количество модулей



7

Дифференциялдық сынақ

Дифференцированный зачет (указать семестр)



-

Емтихан

Экзамен (указать семестр)



Ү

Мемлекеттік емтихан

Государственный экзамен



-

Семестрлер бойынша / По семестрам

Барлығы

Всего

Теор.

Прак.

I семестр

40

40

-

II семестр

48

48

-

III семестр

70

70

-

IV семестр

72

72

-

V семестр

-

-

-

VI семестр

-

-

-


2.1 Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтардың саны 80℅ дейін жетуі керек, ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95℅ құрауы тиіс»,-деген болатын. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, тілді жоғары деңгейде меңгеру, тіл саясатын халыққа насихаттау әрі тілді кәсіби бағытта оқыту мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кәсіптік қазақ тілі пәнінің бұл типтік бағадарламасы еліміздегі медициналық орта кәсіптік оқу орындарының орыс тілді топтарында қазақ тілін оқып-үйрену үшін жасалған. Бағадарламаны жасау барысында «Тіл туралы Заң», «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті Білім стандартының «Кәсіптік орта және арнаулы орта білім», сондай-ақ «Типтік және жұмыс бағдарламаларды құрастырудың ҚР Білім министрлігінің ережесі» негізге алынды.



Қазақ тілі Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі. Ал мемлекеттік тілді меңгеру баршамыздың парызымыз. Тілді барлық сала мамандары да жеткілікті дәрежеде білуі тиіс. Әсіресе, болашақ медицина мамандарының Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей үш тілді барынша жоғары деңгейде меңгеру қажет. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын медицина мамандарының олармен сөйлесу барысында тек сөйлеу тілін үйрету мен қатар мамандық тілін де қалыптастыруы керек.

2.2 Пәнді оқытудың мақсаттары: медициналық орта оқу орындарында пәнді оқытудағы мақсат болашақ орта буынды медицина мамандарын тәжірибелік жұмыс кезінде науқас адамдармен тез тіл табыса алу, әсіресе ауру түрлерін, оның алғашқы белгілерін, аурудың сипаттамасын және оның алдын алу шараларын, дәрігердің тағайындаған емін дұрыс орындауды науқасқа жеткілікті, түсінікті дәрежеде түсіндіріп бере алуға үйретіп, сөйлеу мен жазу дағдыларын меңгерту болып табылады.
2.3 Пәнді оқытудың міндеттері:

  • қазақ тілінің өзіне тән төл дыбыстарды дұрыс меңгеріп, оқу барысында дұрыс оқып, дұрыс жазуға бейімдеу;

  • қазақ тіл білімінің орыс және басқа да тілдермен салыстырып, саралап үйрету;

  • қазақ тіл білімінің грамматикасын, фонетикасы мен лексикасын, морфологиясы мен синтаксисінің өзіне тән негізгі қағидаларын, заңдылықтарын меңгерту;

  • ол ерекшеліктерді дұрыс қолдана білуге үйрету;

  • күнделікті тұрмыс-тіршілікте, әсіресе кәсіби ортада мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыру;

  • мемлекеттік тілде іс қағаздарын дұрыс әрі сауатты толтыруға дайындау;

  • қазақ тіліндегі шағын шығармалар мен мақалаларды оқып-түсіне білуге баулу;

  • аударма жасау дағдыларын меңгерту;


2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білуі қажет:

  • ауызша мәтіндерді аудару үшін лексикалық, грамматикалық минимумдарды;

  • қазақ (орыс) тілдерінде ауызекі сөйлеу тілін меңгеруді;

  • лексикалық және грамматикалық минимумдарды, бағдарлама бойынша және медициналық терминдерді;

  • ғылыми тілдегі негізгі ерекшеліктерді;

  • диалог, монологтардың құрылымдарын;

  • сөйлемнің түрлерін;

  • реферат, пікір, тезистердің құрылымдарын;

  • лексикалық, лексика-грамматикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді;


Студент істей білуі керек:

        • мәтіндегі бөліктердің мағынасын анықтауды;

        • тақырыптық мәтіндерден сөйлемнің түрін және күрделі синтаксистік сөйлемдерді анықтауды;

        • өз бетімен жұмыс кезінде өзінің ойын нақты жеткізе білуді;

        • жоспар құруды (жай, күрделі, сұраулы, тезисті);

        • мәтіндегі функционалды стилді ажырата білуді (көркем, публицистикалық, ғылыми);

        • өз бетінше диалог, монолог құра білуді.


2.5 Пәнаралық байланыстар (ретроперспективті, перспективті)
Ретроперспективті: қазақ тілі, орыс тілі, әлеуметтік-экономикалық пәндер.

Перспективті: жалпы кәсіптік және арнайы пәндер.
2.6 Пәннің қысқаша мазмұны

Қазақ тілі – сан ғасырлар бойы қалыптасып, сараланған тілдік табиғаты, байлығы, көркемдігі жағынан жоғары қойылған талаптарға толықтай жауап бере алатын тіл. Осындай бай қазыналы тілімізді кәсіби сала деңгейінде пайдаланып, халыққа қызмет көрсету үшін қолдану мақсатында медицина саласының мамандарына жан-жақты оқып-үйрету мақсатын көздедік.

Білім алушылар:ауызша мәтіндерді аудару үшін лексикалық, грамматикалық минимумдарды;қазақ (орыс) тілдерінде ауызекі сөйлеу тілін меңгеруді;лексикалық және грамматикалық минимумдарды, бағдарлама бойынша және медициналық терминдерді;ғылыми тілдегі негізгі ерекшеліктерді;диалог, монологтардың құрылымдарын;сөйлемнің түрлерін;реферат, пікір, тезистердің құрылымдарын;лексикалық, лексика-грамматикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдерді меңгереді;

Білім алушылар:мәтіндегі бөліктердің мағынасын анықтауды;тақырыптық мәтіндерден сөйлемнің түрін және күрделі синтаксистік сөйлемдерді анықтауды;өз бетімен жұмыс кезінде өзінің ойын нақты жеткізе білуді;жоспар құруды (жай, күрделі, сұраулы, тезисті);мәтіндегі функционалды стилді ажырата білуді (көркем, публицистикалық, ғылыми); өз бетінше диалог, монолог құра білуді меңгереді.

2) 2 Бөлім.Тілдік Материалдар

Фонетика


Фонетика (гректің фоне – дыбыс деген сөзінен алынған) – тілдегі дыбыстар, олардың жасалуы, жүйеленуі және дыбыс заңдарын қарастыратын тіл білімінің бір бөлімі. Тіл ғылымының фонетика деп аталатын бөлімінің негізгі объектісі – дыбыс. Дыбыстың сипаты әрқилы. Тіл дыбыстарының мәні бұлардың бірнешеуінің тіркесіп барып белгілі заттың, нәрсенің, құбылыстың, ұғымның атауын білдіріп, лексикалық мағыналы сөз құрайды. Қазақ тіліндегі 42 әріп, 37 дыбыс. дыбыстар дауыс қатысына қарай: дауысты және дауыссыз дыбыстар болып бөлінуі. Тілдегі 12 дауысты дыбыс. Дауысты дыбыстардың буын құрауы. Дауысты дыбыстар жуан әрі жіңішке болып бөлінуі, сөз тұлғалары бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке айтылуы (сигармонизм). Дауыссыз дыбыстар болса үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң, үнді болып үш топқа бөлінуі. Қазақ тіліне тән 9 дыбыс: ә,і,ү,ұ,ө, ң,ғ,қ,һ. Дыбыстардың дұрыс дыбысталуы мен жазылуы. Олардың буын құрауы, буын түрлері. Ілгерінді және кейінді ықпал. Тасымал. Екпін.Оның ережелері.

3) 3Бөлім. Лексика

Сөздердің мағынасы, тура және ауыспалы мағынада қолданылуы, медициналық терминдердің қолданылуы, көнерген сөздер мен жаңа сөздер, синоним, омоним, антоним сөздердің ерекшеліктері, сөз тіркесі, оның еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінуі, фразеологизмдердің ерекшелігі, әсіресе адамға және медицинаға қатысты тұрақты сөз тіркестері.

4) 4Бөлім. Морфология

Сөздердің құрамы, түбір және туынды сөздер. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші жұрнақтар. Сөз топтары. Қазақ тіліндегі 9 сөз тобы. Сөз топтарының ерекшеліктері. Зат есім, жалпы және жалқы есім. Зат есімнің категориялары. Тіліміздегі 4 жалғау, олардың ерекшеліктері, көптік жалғау, оның дыбыстық нұсқалары. Тәуелдік жалғай мен жіктік жалғау, мағынасы, олардың 3 жақта жекеше және көпше түрде жасалуы. Септік жалғау, 7 септіктің сұрақтары мен қосымшалары. Сын есім, сан есім, есімдік, үстеу мен шылаудың ерекшеліктері, мағыналық түрлері, жасалуы. Одағай мен еліктеу сөздің ерекшеліктері, қолданылуы. Етістіктің 3 шағы, етіс категориясы, есімше мен көсемшенің жұрнақтары.

5) 5Бөлім.Синтаксис

Тілдің негізгі коммуникативтік, яғни пікір алысу үшін жұмсалатын бірлігі сөйлем. Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері, сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі орны, тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің жасалуы. Олардың күрделі түрлері, сөйлемдегі қызметі. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, лепті, бұйрықты, сұраулы түрлері, олардың жасалу жолдары. Болымды немесе болымсыз сөйлемдер, жасалуы. Толымды сөйлем мен толымсыз сөйлемдердің жасалуы мен қолданылуы, диалог құрудағы толымсыз сөйлемнің маңызы. Жақты сөйлем мен жақсыз сөйлемнің ерекшелігі. Жалаң сөйлем, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білу. Атаулы сөйлем, оның ерекшелігі. Төл сөз бен төлеу сөз. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру, олардың тыныс белгілері.

Құрмалас сөйлем. Ол туралы жалпы мағлұмат. Құрмалас сөйлемнің жасалуы, түрлері. Салалас құрмалас сөйлем, оның жалғаулық шылаулар арқылы жасалуы. Салалас құрмалас сөйлемнің алты түрі, олардың айырмашылықтары, жасалуы. Сабақтас құрмалас сөйлем, жаслуы, түрлері, сабақтас құрмалас сөйлемнің алты түрі, әрқайсысының бағыныңқы сыңарларының жасалуы. Көп құрамды сабақтас құрмалас сөйлем, жасалуы, жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас пен сатылы көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем, ерекшеліктері. Мамандыққа қатысты сөздер мен сөз тіркестері қолданылған құрмалас сөйлемнің түрлері.

6) 6Бөлім.Іс қағаздары

Іс қағаздары және оның түрлері. Іс қағаздарын дұрыс әрі сауатты толтыру. Өтініш, мінездеме, хаттама жазу үлгілері, іс қағаздарын толтыруда орфография нормаларын сақтау. Пікір, ұсыныс, өзіндік тұжырым жазу үлгілері. Өз бетінше жазу.

Қазақ тіліндегі бес стиль түрін, олардың ерекшеліктері. Мәтін және стиль. Медицина ғылымына байланысты терминдер, олардың қазақша баламалары. Қысқаша мәтіндерді аудару жұмыстары.

Аурухана, емханалардағы негізгі құжаттарды толтыру, қабылдау бөлімінен бастап әр бөлімшелердің құжаттарын дұрыс толтыру. Хирургия бөліміне, акушерия мен гинекология бөліміне, педиатрия бөліміне, терапия бөлімінде жүргізілетін іс қағаздарды сауатты толтыру үлгілері.

Пәнді оқыту барысында қолданылатын лексикалық тақырыптар:

Қазақ тілі-мемлекеттік тілі; Қазақстан Республикасының тіл саясаты; Әлемдегі қазақ тілдің дамуы; Өзім туралы; Мен және менің денсаулығым; Зтянды әдеттерден аулақ бол; Денсаулық – зор байлық; Салауатты өмір салты; Экология және адам денсаулығы; Менің күнтәртібім; Ауру түрлері; СПИД-тің белгілері; Наркотик деген не?; Дәрумендер; Жұқпалы аурулар; Мәдениет және өнер; Менің Отаным- Қазақстан; Ұлы адамдар; Медицина және қоғам; Емдеу мекемелері; Халық емі; Ішкі ағзаның аурулары;Ас қорыту жүйесі; Медицина тарихынан; Іс қағаздары.


2.7 Тақырыптық жоспар.


Тақырыптар

Сағат саны

Қазақ тілі –мемелекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл.Сөйлем.

2

Мемлекеттік тіл және қоғам. Сөйлем

2

Мемлекеттік тілдің өркендеуі.Сөйлем түрлері

2

Қазақстан Рес публикасындағы тіл саясаты. Сөйлем.Сөз тіркестері.

2

Әлемдегі қазақ тілдің дамуы. Сөйлем түрлері.

2

Қазақ халқының ағартушыларының қазақ тіл туралы ойлары. Сөйлем түрлері.

2

Қазақстан Республикасының тілдер ұштығырлығы. Сөз тіркесі.

2

Өзім туралы.Жай сөйлемнің құрылысы.

2

Мен және менің денсаулығым. Жақсыз сөйлем.

2

Менің денсаулығым. Жақсыз сөйлемдер.

2

Денсаулығынды жасыңнан ойла. Баяндауыштың түрлері.

2

Зиянды әдеттерден аулақ бол. Көмекші етістіктер.

2

Зиянды әдеттерден аулақ бол. Көмекші етістіктер.

2

Дені саудың – жаны сау. Жақсыз сөйлемдер

2

Адам ағзасы – біртұтас құрылым. Жақсыз сөйлем

2

Денсаулық зор байлық. Жақсыз сөйлем

2

Салауатты өмір салты. Баяндауыштың түрлері

2

Таза ауа – жаңға дауа. Баяндауыштың түрлері

2

Адамның денсаулығы бәрінен қымбат. Баяндауштың түрлері.

2

Болашақ ұрпақ денсаулығы. Бір құрамды сөйлемдер

2

Өзім туралы.Жай сөйлемнің құрылысы.

2

Өзім туралы.Жай сөйлемнің құрылысы

2

Менің күн тәртібім. Баяндауыштың түрлері.

2

Менің күн тәртібім. Жақсыз сөйлем

2

Демалыс күні. Жақсыз сөйлем

2

Демалыс күні. Қайталау.

2

Экология және адам денсаулығы. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем

2

Денсаулық және қоршаған орта. Құрмалас сөйлем

2

Ауру түрлері. Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Ауру түрлері. Шылаудың түрлері, жалғаулықты, бағыныңқы

2

Қазақша ауру атулары. Шылаудың түрлері, жалғаулықты, бағыныңқы.

2

СПИД-тің белгілері. Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Наркотик деген не? Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Белок - өмір арқауы. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Дәрумендер. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Ас-адамның қуаты. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Жер ананы күтейік. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Алманың денсаулыққа пайдасы. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Дұрыс тамақтанайық. Құрмалас сабақтас сөйлем

2

Жұқпалы аурудан сақтану жолдары. Құрмалас сабақтас сөйлемнің түрлері.

2

Жұқпалы аурудан сақтану жолдары. Құрмалас сабақтас сөйлемнің түрлері.

2

Мәдениет және өнер. Жай сөйлемнің ішіндегі анықтауыштың мағынасы.

2

Мәдениет және өнер. Жай сөйлемнің ішіндегі анықтауыштың мағынасы.

2

Қазақ халқының өнер тарландары. Жай сөйлемнің ішіндегі анықтауштың мағынасы

2

Қазақ халқының өнер тарландары. Жай сөйлемнің ішіндегі анықтауштың мағынасы

2

Қазақ халқының қолөнері. Күрделі бағыныңқы сөйлем

2

Қазақ халқының ұлттық аспаптары. Күрделі бағыныңқы сөйлем

2

Қазақ халқының ұлттық музыкасы. Күрделі бағыныңқы сөйлем

2

Кітапханада. Күрделі бағыныңқы сөйлем.

2

Мұражайда. Қиыскан, қиыспаған анықтауыш.

2

Мұражайда. Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

2

Театрда. Бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

4

Менің Отаным – Қазақстан. Пысықтауышты жай сөйлем

2

Менің туган жерім.Пысықтауышты сабақтас құрмалас сөйлем

4

Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері. Үстеудің түрлері.

2

Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Пысықтауышты сабақтас құрмалас сөйлем

2

Қазақ халқының өнер тарландары. Жай сөйлемнің ішіндегі анықтауштың мағынасы

2

Қазақ халқының қолөнері. Күрделі бағыныңқы сөйлем

2

Қазақ халқының ұлы адамдары. Үстеудің түрлері

2

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны. Үстеудің түрлері

2

Ыбырай Алтынсарин – қазақ әдебиетінің атасы. Үстеу және оның жазылу емлесі.

2

Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері. Үстеу және оның жазылу емлесі.

2

Шоқан Уалиханов. Үстеу және оның жазылу емлесі

2

Бес арыс. Ахмет Байтұрсынов. Пысықтауышты бағыныңқы сабақтас сөйлем.

2

Мыржақып Дулатов. Пысықтауышты бағыныңқы сабақтас сөйлем

2

Шәкәрім Құдайбердиев. Пысықтауышты бағыныңқы сабақтас сөйлем.

2

Медицина және қоғам.Салалас құрмалас сөйлем.

2

Қазақ халық медицинасы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

2

Халық емі. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

2

Менің оқу орным – Қостанай медициналық колледжі. Салалас құрмалас сөйлем

2

Менің мамандығым. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

2

Мамандық атаулары туралы.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

2

Менің болашақ мамандығым. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

2

Медициналық эмблема. Салалас құрмалас сөйлем.

2

Менің жұмыс орным. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің жасалуы

2

Емдеу мекемелері.Бірыңғай мүшелердің жасалуы.

2

Аурухана. Бірыңғай мүшелердің жасалуы.

2

Ауруханаға науқасты қабылдау. Бірыңғай мүшелердің жасалуы.

2

Анамнез жасау. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

2

Емхана. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

2

Тіркейтін жерде. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

2

Дәрігердің кабинетінде. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

2

Дәріхана. Салалас құрмалас сөйлем.

2

Дәріханада. Салалас құрмалас сөйлем.

2

Лабораториялық зертхана. Салалас құрмалас сөйлем.

2

Қазақша ауру атаулары. Салалас құрмалас сөйлем.

2

Ауру аттары. Салалас құрмалас сөйлем.

2

Ауру түрлері. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Жұқпалы аурулар. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Тыныс алу ағзаларының аурулары және оның анамнезі. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Жоғары тыныс алу ағзаларының аурулары және оның анамнезі. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Ішкі тыныс алу жолдарының аурулары. Ыңғайлас жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Ғылым тарихынан. Сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Медицина ғылымы тарихынан. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Медицина атасы – Гиппократ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Әбу Насыр Әл-Фараби. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.

2

Мұхамеджан Қарабаев – бірінші қазақ дәрігері. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Мезгіл бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Ғалым – дәрігерлер Х.Досмухамбетов және И.Қарақулов.Мақсат бағынынқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Медицинадағы жаңалығы. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Қазіргі замандағы медицинаның дамуы. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

2

Іс қағаздар. Құжаттарды топтастыру. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Іс қағаздар. Құжаттарды топтастыру. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

2

Деректер мен формуляр – үлгілері. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

2

Түйін. Талғаулықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

2

Сенімхат. Күрделі сөйлемнің құрамындағы жақты, жақсыз және анықталмаған жеке құрылымның синонимиясы

2

Хаттама. Тура және ауыспалы сөздің мағынасы.

2

Қолхат. Тура және ауыспалы сөздің мағынасы.

2

Өтініш. Тура және ауыспалы сөздің мағынасы.

2

Мінездеме. Күрделі сөйлемнің құрамындағы жақты, жақсыз және анықталмаған жеке құрылымның синонимиясы.

2


2.8 Әдебиет тізімі:

Негізгі әдебиет:

1. К.Қ.Аяпбергенова, Р.Т.Қатаева «Қазақ тілі» (мейірбике ісі мам.арн) Алматы, 2002.

2. К.Аяпбергенова «Қазақ тілі» Алматы, 2008.

3. «Қазақ тілі» (Денс.сақ. қызм.арн.) құраст.: Ә.Иманбекова, Г.Имантаева, Ә.Әмірова. Алматы, 2008.

4. Б.Ж.Доскеева Ккәсіби медициналық қазақ тілі» Алматы, 2012.

5. Р. Н. Дәрменқұлова «Қазақ тілі» Алматы, 2010.

6. Р.Н Дәрменқұлова. «Медициналық мәтіндер жинағы» Алматы, 2001.

7. Б.Ж.Доскеева «Қазақ тілі» (мед.оқу орын.арн.) Алматы, 2002

8. Ә. Жапбаров «Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық

және әдістемелік негіздері» Алматы, 2004.

9. С.С.Исақова, В.К.Жаумитова, Т.К.Макешова «Медицина саласы қызметкерлеріне

арналған оқу құралы.Қазақ тілін үйренейік» Алматы, 2010.


Қосымша әдебиеттер:

  1. Д.Х. Ақанова,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қ.Қадашева, Э.Д.Сүлейменова «Ресми іскелік қазақ тілі» Алматы, 2010.

2. Г.Әлімбек «Орыс тілділерге арналған қазақ тілі» Астана, 2010.

3. З.С.Күзекова «Қазақ тілі практикумы.Грамматикалық жаттығулар жинағы»

Астана, 2010.

4. З.С.Күзекова «Тілді өз бетінше үйренушілерге арналған» Алматы, 2010.

Астана, 2010.

5. Т.М.Өмірзақов, Ә.Ә.Сансызбай «Ресми іс қағаздар» астана, 2006.

6.Т.Шаңбай, Қ.Байғабылов «Самоучитель казахского языка для учащихся и

студентов» Алматы, 2005.

7.М.Ахметов «Тағаммен емдеудің сұрақтары мен жауаптары» астана, 2010.

8. А.Рақышев «Адам анатомиясы» Алматы, 1994.


Сөздіктер:

1. М.Ахметов «Орысша-қазақша медициналық тілдескіш» Астана, 2009.

2. М.Ахметов «медициналық терминдер сөздігі.Орысша-қазақша-ағылшынша

(40мыңға жуық термин) Алматы, 2009.

3. А.Рақышев «Адам анатомиясындағы халықаралық атау-терминдер»

Алматы, 2011.


2.9 Бақылау түрлері
1. Ағымдық бақылау: (ауызша-жазбаша), тест, жоспарлы бақылау жұмыстары.

2. Аралық бақылау: аттестация.

Қорытынды бақылау:5-семестр емтихан(ауызша).

3. Білімгерлердің бағдарламалық материалдар мазмұнын игеру деңгейін тексеру үшін қазіргі заманғы бақылау әдістері мен тәсілдері қолданылады. Бақылау жүргізу түрінде таңдау құқығы ескерілді.Пән бойынша емтихан Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына сәйкес өтеді.




2.10 Теориялық сабақтарда білім алушыларға қойылатын бағасының критерийлері
5 «үздік» бағасы оқу -бағдарламалық материалдарын жанжақты және терең білетін, оны жақсы білетін, тапсырмаларды өз бетінше дұрыс толық орындай алатын білім алушыларға қойылады.

4 «жақсы» бағасы оқу-бағдарламалық материалын жақсы меңгерген, бағдарламада берілген тапсырмаларды орындаған, пән бойынша жүйелі түрде алған білімдерін көрсеткен, бірақ болмашы қателерін өзі толықтыра алтын білім алушыларға қойылады.



3 «қанағаттанарлық» бағасы негізгі оқу - бағдарламалық материалды келесі оқу материалын оқына қажетті көлемінде меңгерген,бірақ бірқатар қате жіберген білім алушыға қойылады. Білім алушы жетекшінің көмегімен қателерін жоя алатын және өз бетінше орындай алатындай болу керек.

2 «қанағаттанғысыз» бағасы білім алушыға негізгі оқу-бағдарламалық материалын меңгермеген жағдайда қойылады. «Қанағаттанғысыз» бағасы студент жетекшісіз және қосымша жұмыссыз (қосымша сабақтар, консультациялар) оқуды жалғастыра алмайтынын білдіреді.

Тестілеудегі бағалардың шкаласы

( % сәкес)

  

Баға



Бақылау материалының сұрақтарындағы дұрыс жауаптардың саны (%)

«5»

«4»


«3»

«2»


88-100%

75-87%


60-74%
менее 60%

 



Ф ҚМК 705-21-15 Силлабус.Төртінші басылым.

Ф КМК 705-21-15 Силлабус. Четвертое издание.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет