Оқу пәні - «Оңтайландыру әдістері және операцияларды зерттеу» курсында - инженерлік, техникалық, экономикалық және т.б. салаларда кездесетін есептерде, тиімді шешім табу мәселесі негізгі мәселелерінің бірі болуына орай, математикалық аппаратының мүмкіншіліктерін пайдаланып, нақты жағдайларда қолданылатын әдістері қарастырылады.
Пәннің мақсаты - амалдарды зерттеу әр түрлі ұйымдастыру жүйелерін тиімді басқару әдістерін өңдеумен және өмірде қолданумен байланысты болғандықтан, бұл пәнді оқу барысында студенттерге әр түрлі өндірістік есептердің ғылыми негізделген жалғыз дұрыс шешімін таба білуі үшін сызықтық программалау, тиімділеу әдістерін үйрету.